Мінезі шатақтау. ~ Бірақ, бұл Разияға деген әлдеқандай бір өкпе, реніштен туған бекім емес. Өткен күзде…
ТҰРАҚТЫ ТІРКЕСТЕР
Бұл категорияда сөздікте келтірілген 25 мың фразеологизмнің ішінен пайдаланушы іздегендері ретімен көрсетіліп отырады.
ҚЫРЫС МАҢДАЙ
Қатпарланған, бырысып-тырысқан маңдай. ~ Мен таңқы мұрын, бадырақ көз, шұнақ құлақтау, жар қабақтау, кірпі шаш, қырыс…
ҚЫРЫС ҚАБАҚ (ҚАБАҚТЫ)
Жақтырмай, ұнатпай, ренішпен, қош көрмей қарау. * Қырыс қабақ бала бұл ағасын анық ұнатпай, iшiнен ашу…
ҚЫРЫС-ТЫРЫСЫ ЖАЗЫЛДЫ
Көңілі жайланып, реніш, кейісі тарқады, қабағы ашылды; бойы ширады. ~ Ал жер-жерден келіп жеткен басқа болыстармен…
ҚЫРЫП АЛАР ЕТІ ЖОҚ
Терісі сүйегіне ілінген арық, тарамыстай сіңірлі. ~ Алғашында оны бұл аңғармады. Байқаса, кәдімгі есі ауысқан жынды…
ҚЫРЫНАН ҚОЙДЫ
Мәселені төтесінен қойды. * Қартқожа қара тақтайсыз оқытса, ескі молдадан айырмасы болмайтынын жақсы біледі. Қара тақтайсыз…
ҚЫРЫНА ҰШЫРАДЫ
Қаһарына ілікті. * … барлығы ауыздарын қу шөппен сүртіп, қол үшін беруден атбойын ала қашыпты. Құрал-жарақ…
ҚЫРЫНА АЛДЫ
Өктемдік жасады; сынға алды; икеміне салды; қиындыққа ұшыратты. * Жұмандікі — біреуден ілгері, біреуден кейін оразасын…
ҚЫРЫН ТИДІ
Қолайсыз болды, жайсыз соқты. ~ Аяғының тиген жерінің бәрі шоқ боп қарып жатқандай. Бетіне қырын тиген…
ҚЫРЫН СЫНДЫРМАДЫ
Судай жаңа қалпын сақтады. д.м. ~ Үстерінде қырын сындырмай өтектеген костюмді еркектер де көңілді. Бірінші қоңырау…
