Тұқыртты, кеудесін басты, аяққа жықты. ~ Сенім көрсеткендіктен бе, әлде салғаннан қиынға са- лып, қырын сындырып…
ТҰРАҚТЫ ТІРКЕСТЕР
Бұл категорияда сөздікте келтірілген 25 мың фразеологизмнің ішінен пайдаланушы іздегендері ретімен көрсетіліп отырады.
ҚЫРЫН ҚАРАДЫ
Жақтырмаған сыңай танытты. * Оқу-білім жақындатпай, жолатпай, Қырын қарап, қазақ ісін ұнатпай, Пыр-пыр ұйықтап сорлы қазақ…
ҚЫРЫН ҚАБАҚ ТАНЫТТЫ (КӨРСЕТТІ)
Жақтырмай қарады, жат сыңай байқатты, ұнатпаған кейіп танытты. ~ Борандыға келгенінен кеткені жылдам талайлар болған. Едіге…
ҚЫРЫН ҚАБАҚ
Жақтырмау; теріс көзқарас, дүрдараздық. ~ Ел арасында емес, кейбір адамдар арасында салқындық бар. Содан бері Жабықбай…
ҚЫРЫН КЕЛДІ
Қарсы шықты, жонын көрсетті. ~ Мұнда не сыр бар десеңіз, қайыспайтын қажырлы бұтаққа жуантық сабағымен жабысады…
ҚЫРЫН АЛДЫРМАДЫ
Сыр бермеді, не нәрсеге де төзді, шыдамы жетті. ~ Өмірдің ыстық-суығын көп көріп көмпістенген Бүбімәри бұл…
ҚЫРЫМНАН КӨРДІ
Алыстан байқады, тіміскіледі. ~ Жем-параның иісі мұрындарын жарып, тынымдарын алғандай. Жемтіктес құзғындардай немесе жақында өлген өлексені…
ҚЫРЫҚТЫҢ ҚЫРҚАСЫНА ШЫҚТЫ
Жасы қырықтан асты. * Шын махаббат қырықтың қырқасына шыққанда оянары ойымызға келмей жүр ме? О.Бөк.* Аталмыш…
ҚЫРЫҚТЫҢ ҚЫЛАУЫНАН
Көп асылдың сынығы, текті. * Анамдай құны қымбат жерім менің, Дарығансың қырықтың қылауынан. Д.Қамб.
ҚЫРЫҚТЫҢ БІРІ ҚЫДЫР
Әрбір адамнан жақсылық күту керек д.м. ~ — Қарағым — ай! — деп бәйбіше абдырап қалды.…
