Топас, миғұла, есалаң. ~ Әй, қатынмен ұстасқан еркектің күні құрысын. Бір шайнам миы болмаса, атөтті нәрсеге бола жау шаптылап жатып алама?… С.См ~ – Өлетін бала молаға қашады, – деп Нұртаза даланы басына көтере гүжілдеді Ес болса, бір шайнам ақыл болса басында, жай жатқан елге кеп соқтығар ма. Елде ала алмай жүрген не өшің бар еді? Қойға тиген бөрідей тыныш елдің үстіне сойыл ойнатып сен кім едің?! Қ.Ысқ.
ТҰРАҚТЫ ТІРКЕСТЕР
Бұл категорияда сөздікте келтірілген 25 мың фразеологизмнің ішінен пайдаланушы іздегендері ретімен көрсетіліп отырады.
БІР ШАЙНАМ ЕТІ ЖОҚ
Тым арық, сүйегіне ілініп тұр. ~ Шешесі Наташа сидиған бойы болмаса, бір шайнам еті жоқ, адырақ көз, арық келіншек. Т.Ахт. ~ Сары Шаяның қот-қотына есіріп алған жігіттер бұнан кейін тағы екі күн киік аулауға шықты. Тұла бойында бір шайнам ет жоғына қарамай, басындағы мүйізіне бола қуып жүріп қырған-ды. Ә.Нұрп.
БІР ШАЙНАМ
Ауызға бір саларлық қана; түкке жеткісіз, титтей. ~ Бұл көп болса дәмсіз болар ма еді, тіпті жаңағы шілдің бір шайнам етінен артық болмаса кем болмады, дейді Исахан,— деп Шұнақ енді өз жанынан сөз қоса сөйледі. Б.Қыд. ~ Жәміштің білегінен ұстай алып зірк етті: — Өй, есуас неме! Ми бар ма сенде өзі. Мына басыңда бір шайнам ақыл болса бұйырмасын. Неменеге апың кіріп, күпің шығып аптығып жүрсің. Қайда жібермексің Ақбөпені? C.Жүн.
БІР ҰШЫҒЫ
Бір шеті. * «Менiң сорым, ылдидың қызы – Салтанат» деп жүрген Әйгерiмге, хасiреттiң бiр ұшығы осы Ерболда тұрған сияқтанды. М.Әу. * Жігітке арналған ашудың бір ұшығы өзінде жатқаны рас. М.Әу. * Тегі ұзақ тексеріс, зерт жүргізсе әлгі Нұртазалардың да арты ашылып, тіпті Көкшетау оязы Коноваловқа дейін бір ұшығы тиер еді. С.Жүн. * Інім, бірді айтып бірге кете берді деме, осы жерде «қайың сауғанның» бір ұшығы — көптен көңіліме сыймай жүрген бір арманды әңгімені айтайын. Б.Қыд. * Нөсер алдындағы сәуірдің бұлтындай құрыштап, айналасына арналған ашудың бір ұшығы өзінде жатқаны да рас. Т.Рыс.
БІР ҰРТЫНДА БАЛ (МАЙ), БІР ҰРТЫНДА ЗӘР (ҚАН)
Алдап-сулап, болмаса қорқытып-үркітіп өз ырқына көндіретін залымдық туралы. * Бір ұртында бал, бір ұртында зәрі бар әккі болыстың бұлтағына енді көнгім келмеді. Б.Тоғ. * Әбен бір ұртында майы, бір ұртында қаны бар зұлымның өзі. С.Ом.
БІР ҰРТЫ МАЙ, БІР ҰРТЫ ҚАН
Біреуді жарылқап, біреуді қан қақсатты д.м. ~ Жақыптың бір ұрты май, бір ұрты қан дегенді жұрт көбірек айтып кетті. Ғ.Мұст. ~ Әбен бір ұртында майы, бір ұртында қаны бар зұлымның өзі. Қанай Қабанбаевтың жездесі. Осы қызметіне Қанайдың қолдауымен қолы жеткен. С.Ом.
БІР ҰРТ
Жөн сөзге құлақ аспайтын қыңыр, сіреспе. ~ Өз айтқаны болмаса ыңғайға көнбейтін, бір ұрт Сүндетбайды сол аймақтағы бар атқа мінерлер ауыз жаласып, келесі бір сайлауда болыстыққа өткізбей қойғанда қарсы шар салғандардың ішінде өз әкесі Смайыл барын біліп, мылтық атқан деседі. Б.Тоғ. ~ Шынар намыстанса да, іші қызған бір ұрт атты жөнге жүргізе алмай қойды. Т.Әл.
БІР ҮЗІМ (ЖАПЫРАҚ) НАН ҮШІН
Аштан өлмес үшін. ~ Жұмысшылар тәшкі айдайды, топырақ үйеді. Жұмыс ауыр. Ағаш тәшкі беліңді үзе жаздайды. Қайтсін, бір үзім нан үшін жұрт оған да налымады. «Жұтқан жұтамас» деп жүріп жатты. Ү.Жәл. ~ Ел басына келген ашаршылықта жүрек жалғар бір үзім нан үшін елін, жерін тастап босқан аш халықтай, көрдің бе, таңдай жібітер бір тамшы тұщы суға бола ту-ту терістіктен, шығыстан, батыстан оңтүстікке үйір-үйірімен жөңкіліп ауған. Ә.Нұрп. ~ . Соғыстан соңғы аш–жалаңаш Германияда күн көре алмапты. Бір–ақ жапырақ нан үшін американ солдатына еріп келген. М.Қаб. ~ Біз жылдамдатып өте шықтық. Жолай әжемнен ұққаным: «көрші үйде бір жапырақ нан үшін адамды тамақтап өлтіріп кетіпті». Б.Мом.
БІР УЫС ТОПЫРАҚ САЛДЫ
Қайтыс болған жақын адамының қабіріне бір уыс топырақ салу ғұрпы.~ Сөйтіп, не керек, қысқарта сөйлегенде әйеліме бар сырды осы жерде баяндадым да, марқұмның басына бір уыс топырақ салуды өзіме парыз санап, жолға аттандым. С.Шай. ~ Көкірегімнен кетпейтін өкініш – сүйегінің қайда қалғанын білмеймін. Білсем, тым құрса басына бір уыс топырақ салып, белгі қояр едім ғой… Б.Тоғ.
БІР УЫС ТОПЫРАҚ БҰЙЫРМАДЫ
Жат жерде көз жұмып; қабіріне бір уыс топырақ салатын ешкім болмады. ~ Осы аңғарда майып болса, жақыннан да, жаттан да бір уыс топырақ бұйырмай, ит пен құсқа жем болары сөзсіз. Т.Әл. ~ Жұрттың көзінен қорқып келкештеп баққанда бір уыс топырағы бұйырмай жат жерде қалғаны ойына түседі де, сүйек- сүйегі кеміріліп көзіне жас толады. Ә.Кек.

