БЕЗІП КЕТКІСІ КЕЛДІ

Жаны түршігіп, әбден түңілді; басы ауған жаққа кетіп қалғысы келді. ~ Бұны әр кеште қаңыраған бос бөлме сұп-суық боп, аяздай қарып қарсы алушы еді. Сонда орыс қожайынның адыра қалғыр ескі сарайынан безіп кеткісі келетін. Бірақ, қайда барады? Н.Сам. ~ Алаш та әкесі жан тапсырған соң, екінші күні жетті, тіркелмеді деген сылтаумен қазақтың кең даласынан әкесін жерлер қарыс сүйем жер табылмағанына жаны түршігіп, бұл фәниден безіп кеткісі келді Алаш. Әке сүйегін арқалап, Қытайға кетпекші болды. Н.Абд. ~ Едігемен ол жолаушылардың ешқайсысының шаруасы жоқ; сонда Едіге кеңседен атып шығып, әлгі пойызды қуып жетіп, көз көрмес, құлақ естімес жаққа безіп кеткісі келді. Тек мына ителгікөзден құтылса
болғаны. Ш.Айт.

БЕЗІП КЕТКІСІ КЕЛДІ Read More

БЕЗЕР ҚЫЛДЫ

Ығыр қылды. ~ Таба алмасаңыз, ол осы ауылдың молдасы. Оның не ойлап келе жатқаны мынау. Ол қазір «підиеге» отырады, оның «підиені» есіткені болмаса, көріп отырғаны осы. Ол қазір сексенге келген кемпірдің күнәсін мойнына көтермек. Тым болмаса, орта жастағы кісі емес, сексенге келген кемпірдің күнәсі. Кемпір болғанда да қай жөні түзу, сүйкімді кемпір? Ауылды безер қылған бір қақпас. Япыр-ау! Шынымен осы мыстанның күнәсін арқалағаны ма? Ж.Айм.

БЕЗЕР ҚЫЛДЫ Read More

БЕЗЕК ҚАҚТЫРДЫ

Зыр жүгіртіп, тыным бермеді. ~ Жер-көкке сиғызбай безек қақтыратын ынтызар құштарлық деген осыма? Несіне қызығам? С.Смат. ~ Қайран шешесi қайтiп қана отыр екен?.. Көкiрегi сыздай жөнелдi. Жанына шемен боп қатқан зауал, iшкi дүниесiн безек қақтырды. Ә.Ыб. ~ Келер күндердің еншісіндегі келешегімізге барып келгендей шетімізден жамырай сөйлеп жатырмыз: – Серік жақсы шопыр болатын шығар. Қазірдің өзінде әкесінің машинасын безек қақтырып жүр. Д.Қуат.

БЕЗЕК ҚАҚТЫРДЫ Read More

БЕЗЕК ҚАҚТЫ

а) Шырқырап, жан дауысы шықты. ~ Апам-ау, мұның не? Ұят емес пе? – деп жыларман боп ашулансам, ол өп-өтірік безек қағады. Ш.Күм. ~ Түбірінен жік алып сынғалы морт кетіп омырылып түскелі тұр, дегенмен туа біткен шетендік иілер емес, жылап егіліп отырып иілмейді. Қара домбыра безек қағады. Ғ.Біләл. ~ Жоғал, көзіме көрінбе! — деп, қожайыным безек қақты. М.б.Т.
ә) Тыным таппай, зыр жүгіріп, әуреге түсті. ~ Тышқан аулап күйкентай жүр, қыранымсып шыңқылдап. Әне алыста безек қағып, бір торғай тұр шырылдап. Ж.Айм.

БЕЗЕК ҚАҚТЫ Read More

БЕЗГЕК БУҒАНДАЙ (БОЛДЫ)

Бүкіл денесі қалтырап, қалшылдап кетті. ~ Ардағым, арманым!.. Мұхтар денесін безгек буғандай қалш- қалш етті. З.Қаб. ~ Өзін осынша азапқа салып қойған жауызға қатысы бар нәрсенің бәрі жексұрын болып елестейді, сол түнгі оқиға есіне түскен сайын тұла бойы безгек буғандай қалтырап кетеді. А.См. ~ Аузынан шашыраған түкірігі мұртына мұз боп қата бастады. Шал безгек буғандай селкілдеді. Қ.Ыс.

БЕЗГЕК БУҒАНДАЙ (БОЛДЫ) Read More

БЕЗГЕГІ ҰСТАДЫ

Оқыстан ашуға мінді, зәрін төкті. ~ Қызметкер боп таққа мінгелі қақылдап құдайға қарсы сөйлеумен келеді. Құран аттап қожа-молда көрсе безгегі ұстап қалады. С.Ел.

БЕЗГЕГІ ҰСТАДЫ Read More

БЕЗБЕННІҢ ЕКІ БАСЫН ТЕҢ ҰСТАДЫ

Әділдік сақтады. ~ Біздің пәленшежанды қатарынан оздыра көр, — дегенді кей бастықтың нақ сүйерінен естіп қалса да, ар таразысынан аса алмай, қарапайым менен әзірге қадірліні бірдей санап, безбеннің екі басын тең ұстапты. К.Жүніс.

БЕЗБЕННІҢ ЕКІ БАСЫН ТЕҢ ҰСТАДЫ Read More

БЕЗБЕНГЕ САЛДЫ

Әлдебір іске кіріспес бұрын, алды-артын ойлап, сақтық жасады; салыстырды, бағамдады. ~ Ағаш қана емес, үй ғана емес, адамды да өстіп құртып жіберуге бар. Әр қадамыңды, қимыл- әрекетіңді безбенге салып, салмақтап, ойланып жасау керек, сауысқандай сақтық керек. Ә.Асқ. ~ Ал Шегебайдың үш қыз тапқан әйелі етікшіге қарағанда сәл ақылдылау. Ойланып сөйлейді, алды– артын безбенге салады. Орынсыз жерге килікпейді, көбіне көп үнсіз қалады. Қ.Жиен.

БЕЗБЕНГЕ САЛДЫ Read More

БЕЗ БҮЙРЕК

Қаныпезер, жат бауыр, ешкімге жылуы жоқ. ~ Кешеден, таңертеңнен үн қатпай қойып еді! Без бүйрек, жан шығарда ғана үн шығарады ғой ол. Аналарға ақыл айтқалы барады! – деді. М.Әу. ~ . Бірақ, бұл жолы да «кісіге берген сертім бар, уәдемді бұза алмаймын! » деп қайырылмай кеткен без бүйрек баласынан үміт үзді. Ү.Жәл. ~ Без бүйрек өмір нәрестені безеріп қарсы алған. Оспан туғанда жас анасы терлеп қалжа жеген жоқ, нәрестесін қойдың құйрық майымен ауыздандырған жоқ. С.Омар.

БЕЗ БҮЙРЕК Read More