БАБЫНА (КҮЙІНЕ) КЕЛГЕН БУРАДАЙ

Сақадай сай тұр д.м. ~ Қай жаққа кетсе де, өне бойымен құлағандай болып ақтарыла кететін
Бақтығұл бұл заманда кәрі жынның бәрін шақырып, бабына келген бурадай тыным алмай,
сақылдап кетті.  М.Әу. ~ Байғұсым бабына келген екен, қарашы тісі тісіне тимей, сақылдап
тұрғанын, ақпан — қаңтардағы күйіне  келген бурадай  болып.  М.Әу.
БАБЫНА (КҮЙІНЕ) КЕЛГЕН БУРАДАЙ Read More

БАБЫН ТАПТЫ (КЕЛТІРДІ)

БАБЫН ТАПТЫ (КЕЛТІРДІ)
Діттеген ойынан шықты, амалын тапты,  тілеуін орындады, көңілінен шықты. ~ Жайда өжетсініп жүрсе де, топ алдында бір жерімнен дəнекүс шығып қала ма, əлдебіреу тілімді алмай, бетім қайта ма, көптің бабын таба алам ба деп бірі жүрексініп, бірі сыпайысып, бірі ақылдымсып, бірталайы жантайып жатып қызға көз салғанды…  Ж.Айм. ~ Егер мен Төребек болыстың баласы болсам, осы кешке- aқ сол қызбен жақын болудың бабын табар едім.  Шәк. ~ Егер мен Төребек болыстың баласы болсам, осы кешке- aқ сол қызбен жақын болудың бабын табар едім.  Шәк. ~ Омбыдан келген шенеунік пен көмейі кең Майыр бар. Осылардың бабын табуды Алшынбайдың өзіне тапсырған.   М.Әу. ~ Елеусіз Досов талай елдің, талай жердің қымызын татып керген кәрі таңдай еді. Ішінен: «Шөбінің өзі дәрі ғой бұл жақтың. Ашытушы да бабын келтірген екен сабаз!» деп бір қойды. Т.Әл.
БАБЫН ТАПТЫ (КЕЛТІРДІ) Read More

БАБЫН БҰЗБАДЫ

БАБЫН БҰЗБАДЫ
Бойына шаң жұқтырмады, өзіне тән  сырбаз қалпын сақтай білді. ~ Жағасы мен жеңінің ақ қағаздай тазалығы да, қияқтап өсірген тырнағын кірбең шалмауы да, денесіне сіңіп қалған жұпардың исі де өмір-бақи бабын бұзбайтын, сыпайы — кербез адамның кейпін танытып тұр. Т.Әл.
БАБЫН БҰЗБАДЫ Read More

БАБЫН БІЛДІ

Баптау, бағу, өсіру, күтім жасау әдістерін жақсы меңгерді; тілін тапты. ~ Бақташы еді Есім қарт, Бабын білген егіннің.  Ғ.Орм. ~ Осы арада маршал Буденныйдың: «Жылқыны бабын білетін, жақсы көретін тәжірибелі, сенімді колхозшыларға баққызу керек»,— деген сөзі есіме түсті… Ә.Әб. ~ Жылқының бабын білетін нағыз жылқышы атаның өзі едің,- деп қынжыла сөз бастады,- жазғы жайылымын, қысқы тебінін көзіңнің қырымен танитын едің. Бір мондыбасты жалдап алармын-ау… үйреніскенше не заман. Амалым бар ма, қайтейін. Өлімге де көнеді кісі.  С.Ом.
БАБЫН БІЛДІ Read More

ӘШКЕРЕ БОЛДЫ (ЕТТІ)

Сыры ашылды, дүйім елге аян болды. ~ Мен үн шығармай, аузымды ғана жыбырлатып отыр едім, әшкере болдым да қалдым.Қ.Шаб. ~ Генерал Юань Шикайдың сатқындығынан реформашылардың сарай төңкерісін жасау жөніндегі бар құпиясы әшкере болды да, жесір патшайым бар билікті қайтадан өз қолына алды… Қ.Жұм. ~ Түрі жаман дегенде, Мәке, мен оның айтқандарынан қатты шошыдым– ау! Өзінің білмейтіні жоқ. Жиналыс шақырып, Мақанның қылмыстарын әшкере етем дейді. С.См.

ӘШКЕРЕ БОЛДЫ (ЕТТІ) Read More

ӘШ-ПҮШ ДЕГЕНШЕ

Қас пен көздің арасында; әп-сәтте. ~ Шағын бөлменің далаға қараған үлкен есігі ашық еді. Көріп отырмыз, беткейден ұршықша үйіріліп жынды құйын көтерілді. Әш-пүш дегенше шағын үйді айналып өтті. Д.Дос. ~ Сабылған кісі аяғы мол. Қыламытып қар жауып, жаяу борасын үдей соқты. Әш-пүш дегенше етегі түріліп дүрілдей билеп түске жақын анық жынды боранға ұласты. Д.Дос.

ӘШ-ПҮШ ДЕГЕНШЕ Read More

ӘУСЕЛЕСІН (ӘУСЕЛЕҢДІ) КӨРЕЙІН (көрермін)

Шама-шарқын байқайын (көрермін) деген мағынада. ~ Бірақ «иттің иесі болса, бөрінін, тәңірісі бар» деген Итбайдың аранын ашқанына күйреп отырғам жоқ. Өлім біреу. Оның зорлығына тірі боп көнбеймін. Әуселесін көрейін, қарақшы кәзәптің!.. С.Мұқ. ~ Ел кезіп жүрген Алдар Шығайдың сараңдығын естиді де «бұл сығырдың әуселесін көрейін» деп, бір күні қараша үйдің түндігінен түтін бұрқ ете қалғанда, сәлемін соза айтып, кіріп келеді. ҚЕ. ~ Жалт бұрылып, қол алыса түстім де, тартыса кеттім: – Поручигің абайсызда аттан жұлып алып еді, «господин» капитанның әуселесін көрейінші! Қ.Шаб. ~ Ойларын Сүлкей айтпай-ақ түсінеді. «Ұлмын деп күні кешеге дейін төбемізден әңгір таяқ айырмаған ең, көрейікші енді… әуселеңді» дейтін болар іштері. Әй, дұшпандар — ай! С.Елу. ~ Күніге он достасып, он қастасып жататын қайран ақ тақыр, аман бол! Тірі жүрсек, саған да бір жетерміз, сосын Үшбас шырақ, әуселеңді көріп алармыз. М.Қаб. ~ Осы кезде Ұлтан дарақы дауыспен: — Кезекті диуанаға беріңдер! Енді диуананың әуселесін көрейік! — деп еді. Алпамыс бөгелген жоқ, садақты шірене тартып, жамбыны сыңғыр еткізіп атып түсірді. А.Сей. ~ Сондай мең-зең халде жүргенде Алсуға әркім-әркім қырындап сөз сала бастаған. Жалыңнан ұстатпайтын асау едің, ендігі әуселеңді көріп алайын де- гендей қатыны өлген Нысан сияқтылар жылмаң көзденіп жеңгесінің жолын кес-кестеді. Ө.Кәр. Қолыңнан не келетінін әлі-ақ байқармын д.м. ~ Қап, бәлем! Орыстар кетсін, көрермін содан соң әуселеңді! — деді топ басшысы тісінің арасынан. Б.Тоғ. ~ Бүрсікүні қайтқанымда көрермін әуселеңді… – деп миығынан бір күлді де тізгінші көлікті тоқтатты. Мен иендегі қораға келдім. Қ.Мүб. ~ Ә! Солай ма! Өкімет адамдары қараңғы қазаққа оқ атады екен ғой! Жар-р-райды! Әуселелеріңді әлі-ақ көрерміз, уәкілдер! — деп Тұмабай торы айғырдың басын шұғыл бұрды да, шаба жөнелді. Б.Тоғ.~ * Автолавкінің әйнегін жуып мал тапқан, қу, келші, кәне, әуселеңді көріп алайын! — деп, шақ-шұқ етті. М.Қаб.

ӘУСЕЛЕСІН (ӘУСЕЛЕҢДІ) КӨРЕЙІН (көрермін) Read More

ӘУСЕЛЕСІ БАСЫЛДЫ

Жыны басылды, сабасына түсті. ~ Кейінгі аптада көптесіп-көлемдесіп, бір жағынан тәтті айтсақ, оған көнбей бара жатса, шамалы қыр көрсетіп, жиырма шақты қыз-келіншекті саужой оқуына тарттық. Әйел заты оқыса аспан айналып жерге құлап кететіндей көретін небір қытымыр кәрілер әуселесі басылып, жуасып қалды. Шет жайылған кейбір тентектердің айыптарын беттеріне басып, тізгіндеп қойдық. С.Ом.

ӘУСЕЛЕСІ БАСЫЛДЫ Read More

ӘУСЕЛЕсі белгілі

Шама-шарқы, қолынан не келетіні белгілі д.м. ~ Пахраддин Сырғаның сезіне жұбанғандай, байыз тауып ойланғандай болды. Сырға оны жұбатып отыр. — … Елді көшірсең… мал-жанына жайлы қоныс іздедің… Жамандық ойлаған нең бар? Көшпеген жұрттың да көріп отырған әуселесі белгілі ғой… С.Ел.

ӘУСЕЛЕсі белгілі Read More

ӘУСЕЛЕҢ БЕЛГІЛІ (БОЛДЫ)

Шама-шарқыңды көрдік д.м. ~ Мұның құдасы Сәдiрмақанмен тiлгекелiп қалған Ерәлi: “Сен талтаңдай берме. Әуселең белгiлi. Көп болса, арқаңдысүйейтiнiң Көптiлеу шығар. Қазбалай түссе, онда да шикiлiк толып жатыр. Б.Қаз. ~ Қар бетіндегі әлдебір аңның қанға бөккен ізіне шұқшиып, жерден жеті қоян тапқандай қуанды. «Әуселең белгілі болды. Шойнағым, ұзай қоймассың!..» М.Бал.

ӘУСЕЛЕҢ БЕЛГІЛІ (БОЛДЫ) Read More