ӘР КӘМАЛҒА (КЕМЕЛГЕ) БІР ЗАУАЛ

Қандай іс болса да, жауапсыз қалмайды д.м. ~ Өткенді ойлап қайғырма, Әр кәмалға бір зауал Ежелден болмақ емес пе? М.Жұм. ~ Солай, достым, «әр кемелге бір зауал» деген. Сенің де кердеңдеген күнің осымен бітті. Ә.Асқ. ~ «Әр кемелге бір зауал»-деп жатады. Яғни, әр жасалған істің соңы бар деген мағынада. Не болмаса «Зауалын құдай берді» деген де бар. Ол «жазасын тартты» деген мағынада. БАҚ

ӘР КӘМАЛҒА (КЕМЕЛГЕ) БІР ЗАУАЛ Read More

ӘР БАСҚАН ҚАДАМЫ

Не істеп, не қойғанының бәрі, тыныс-тірлігі. ~ Мұны айтып отырғаным, бір адамның әр басқан қадамын, тіпті мінезіне дейін қазымырланып зерттей берсең, құдай түйсіксіз қылып жаратпаған соң, ол туралы әйтеуір бір пікір қалыптасады екен. Т.Жұрт. ~ Кешке жиналғандардың бәрі әр басқан қадамы тарихта қалуға тиісті осынау ұлы адаммен бірге отырғандықтан өздерінің болмашы оғаш қылықтары да тарихта қоса қалып қояма деп қорыққандай өте сақ, сыпайы, жинақы отырды. Т.Әбд. ~ Әр басқан қадамының кейінгілерге теріс болып көрінетіні, онымен қоймай ақыл үйрететіндері қинайды ғой бұл
шіркінді. К.Сег. ~ Сөйтіп естияр хайуан тіршілік иелерінің әр басқан қадамы қауіп пен қатерге толы екенін, өмір үшін күреске әрдайым дайын болмасан, анау қарағанды өзекте жайрап қалған кер жабағыдай от оттап, су ішуге зар боласың дегендей табиғат занының тылсымын түйсінген. Ө.Кәр.

ӘР БАСҚАН ҚАДАМЫ Read More

ӘР БАСҚАН АЯҒЫ САНАУЛЫ

Не істеп, не қойғанын аңдып жүрген адам бар. ~ Науан келгелі өзімен дәрежесі тең түсерлік имам Жәнапия, Ғабидоллаларды былай қойғанда, міскін, дүмше моллалардың өзі көп жерде аяққа оралып, сырты балқи тұрып, іші жібімейді. Жүзі күліп, іші күйеді. Науанның әр басқан аяғы санаулы. Сүрінісе-ақ болды, ертең дуанға сайлар «указной моллалық» атақтан қағылмақ. С.Жүн.

ӘР БАСҚАН АЯҒЫ САНАУЛЫ Read More

ӘР АЗҒЫНҒА БІР ЗАУАЛ

Арам пиғылды, азғындық жолына түскен әр пенденің алда әйтеуір бір тартар азабы болады. ~ Аман бұны жақсы сезеді, кейде тіпті соларды іштей қостап, өзін іске алғысыз қылады. … Әр азғынға бір зауал. Бұл өкімет сол үшін келген. Сен сұраған соң, шындықты жарыла айттым, балам. Ғ.Мұст.

ӘР АЗҒЫНҒА БІР ЗАУАЛ Read More

ӘР (САН) САҚҚА САБЫЛДЫ (САБЫЛТТЫ)

Неше түрлі жорамал жасап, сан түрлі пікір таратты. ~ Олар қатыгездіктің қолымен жасалады және солардың қолында тұрып дәурендейді. Қара шалдың сан-саққа сабылып бұрлыққан қиялы мүсіркеп жабырқай түседі. Ғ.Біл. ~ Сиқыр күй мелшиіп жатқан меңіреу даладан таң атқалы бұның қиялын әр саққа сабылтып жүрген көмескі елестерді қайта тірілтті. Ә.Кек.

ӘР (САН) САҚҚА САБЫЛДЫ (САБЫЛТТЫ) Read More

ӘР (БАСҚАН) АДЫМЫН АҢДЫДЫ

Не істеп, не қойғанын түгел бақылады. ~ Кеудесіне кіріп алып, әр адымын аңдып, тежеп ұстайтын қатал сыншы да ғайып болды. Т.Ахт. ~ Бұрын өзіне қарсы кеп, әр басқан адымын аңдып отырған Орта жүз ханының өз жағына шығатын құлқынын сезген Қалден Церен қырық бесінші жылы орыс бекіністері мен қазақ жерінің іргелеріне жиырма мың қарулы әскері мен жол салуға арналған жеті мыңдай адамын әкеп қойды. І.Ес.

ӘР (БАСҚАН) АДЫМЫН АҢДЫДЫ Read More

ӘПТЕР-ТӘПТЕРІН ШЫҒАРДЫ

Есін кетірді, әлем-тапырық қылды. ~ Сәби жылап, төсегін тепкілеп әптер-тәптерін шығарды. Бесік іші, баланың асты шылқып жатыр екен. Ғ.Сл. ~ Апыр- топыр аттан түсіп, әуелі Сасан ауылының Аралдағы ағаш үйлерінен бастап әптер- тәптерін шығарды. Т.Рыс.

ӘПТЕР-ТӘПТЕРІН ШЫҒАРДЫ Read More

ӘППАҚ ҚУДАЙ (БОЛДЫ)

Жүзінде қан-сөл жоқ, боп-боз. ~ Тап намаздағыдай болып өзі қолын да құлшынып алыпты. Өң-түс жоқ, әппақ қудай. Ж.Ахм. ~ Әншейін анда-санда жүрегі ауырып, қаны азайғандар ғана емделіп, қайтып бара жатыр. Бұл жерде де қазақтың неше түрлі білгіш қарт докторлары әппақ қудай болып, ақ халатын киіп, ауруларды аялап жүгіріп жүр. І.Жан. ~ Аққұба жүзінде екі қасының арасы алшақ біткен, қоңыр сақал — мұрты бар әдеміше Әмен әппақ қудай болған. Ж.Ахм.

ӘППАҚ ҚУДАЙ (БОЛДЫ) Read More

ӘПІГІН БАСТЫ

Қызуын басты, екпінін тежеді, ентігін басты. ~ … өзге қатындарға талай мойын салып, айғырлық қылам десе де, Бірмағанның тымырсық қызыл қатыны әлде неше жерде әпігін басып, аузын ашырмай жүретін. Ж.Айм. ~ Билеп кеп тұмсығынан жалап-жалап алған жас маралға көзді ашып-жұмғанша шапшыды да, ендігі сәтте бар үйірді алдына салып айдап, қыр аса жөнелді. Әпігін ортекедей ойнақтап тұрған жасқа емес, сыр мінез, бабын білетін ана маралдарға басып алса да болушы еді… О.Бөкей. ~ Май құйрықты қорғасын оқ анадағы бір сүйкеп өткеннен кейін Байжанның әпігі басылған. Т.Сәук.
~ Әпігімді басқан соң, жапырылған сары шалғынның үстіне күртемді жайып жібердім де, жантайып жата кеттім. Ә.Асқ.

ӘПІГІН БАСТЫ Read More