ӘЛДЕ НЕ

  1. Бір нәрсе, бірдеңе. ~ Көңілге бір алаң орнапты. Әлде не алыстан қылаңдағандай беймаза бір тынышсыздық бар. Ғ.Мүс. ~ Жүзімнен әлде не іздегендей қара көзін ол қыдыртты да, «шіркін осы мүсінің, қалыпқа құйғандай осы сұлу мұрның, мөлдір тұнық осы көзің… не айтсаң да әрқандай қуды сендіретіндей-ау! –деген оймен телмірдім. Қ.Шаб. ~ Жалын мен Жарбол сондай кантенерлердің арасындағы бір алаңқайға келгенде, Жарболдың алдына әлде не топ ете түсті. Қараса бір буда ақша. Ж.Шәк. ~ Баукең менің бұл сөздерімді тыңдаған жоқ, әлде не ойына түсіп кеткендей, басын төмен салып, үнсіз отырды. Сәлден кейін барып еңсесін көтерді. Ә.Нұрш.
  2. Әлде қандай. ~ Осы сықылды хабарды есіткен соң, Қартқожа Семейге бармағанына артық өкінген жоқ. «Заман әлде не болады» деген ойға қалды. Ж.Айм. ~ Әлде не уақытта бала ұйықтайды. Баласын күбірлеп қарғай-қарғай қорылдап, ұйқыға кетеді шеше. Қ. Бег. ~ Өмірбек әлде не оймен майлы көзін жұма жымиып, сыртқа шығып кеткен соң сөйледі:
  • «Лажысыздықтан әрең қойып жүрміз» дедің бе?… Қ.Шаб.
ӘЛДЕ НЕ Read More

ӘЛДЕ ҚАНДАЙ (ӘЛДЕҚАНДАЙ) БОЛДЫ

Мардымсыды, өзінше болды, бәлдене қалды, кісімси қалды. ~ «Әлдеқандай болып бәлденгенi несi, «кедейдiң кербезiнен сақта».., әулиесiнбей барсыншы әрi деген жаман ой келiп қала ма көңiлiне» деп, тағы да iштей қыпыжықтады. Жоқ, президенттiң райынан ондай нышанның iзi бiлiнбедi. Ә.Ыб. ~ Темірбек бір көтерілсе екіленіп тоқтамайтын жігіт екен: — Сендей бай-құлақтың құйыршығын құрту керек! Онысы несі-ей, әлдеқандай болып! Көзіңнің еті өсейін деген екен, өй, әкеңнің аузы… Б.Тоғ. ~ О, соры қайнаған сорлы Омарбек. Алдияр дегенге әлдеқандай болады». Б.Қыд. ~ Басшылардың біреуі келіп, үйінен шай ішіп, қона — түнеп аттанса, соған арқалары кеңіп, әлдеқандай болып қалады. Қ.Жұм. ~ Көптің назары біртіндеп добал бас балаға ауды. Оны бала да сезгендей. Бірдеңені тындырып тастағандай маңайына мойнын соза-соза қарап, әлдеқандай болып отыр. М.Қаб.

ӘЛДЕ ҚАНДАЙ (ӘЛДЕҚАНДАЙ) БОЛДЫ Read More

ӘЛДЕ (ЕНДІ) ҚАЙТЕР ЕКЕН

Не істер екен, не күтуге болады д.м. ~ Несін жасырайын, Голубевке: «Әлде қайтер екен?» деген түйткулі көңілмен қорқыңқырап келдім. Сол қорқынышымды қорқыныш қауластырып мақтаулы деген Голубевым де мені салқын қарсы алды. C.Шай. ~ Ол ең алдымен дұшмандарының бұған «Енді қайтер екенсің?» дегендей ұлы мен қайын атасын қалайда құтқарып алу үшін ең қарулы, әрі епті бес-алты жігітін Зайсанға аттандырған. К.Сег.

ӘЛДЕ (ЕНДІ) ҚАЙТЕР ЕКЕН Read More

ӘЛГІНДЕЙ БОЛМАЙ

Тез арада, әне-міне дегенше. ~ Әлгіндей болмай брезент жайылды. Машина артындағы тағамдар, ішімдіктер алынды. Аздап шампан ішкендіктен бе, Әспет көңілденейін деді. С.Шай.

ӘЛГІНДЕЙ БОЛМАЙ Read More

ӘЛ ШАҚЫРДЫ

Ептеп күш жинады, өз-өзіне келді. ~ … сап-сары кәуапты жұлмалап жеп бітіргесін … әжептәуір қанағат етіп, әл шақырысты. О.Сәр. ~ Былай қарасаңыз өзі түкке де тұрмайтын шаруа. Шаңнан сілкініп, әл шақыру ғой оның аты. Күн аралатып бір стақан жұтқызып тұратын. Қ.Жиен. ~ Бұршақтап сорғалаған терiн сүртiп, арқасын қабырғаға бере әл шақырды. Ж.Шаш.

ӘЛ ШАҚЫРДЫ Read More

ӘЛ ҮСТІНДЕ

Қатты науқас, өлім аузында. ~ Әл үстінде үзілгелі жатқан қарт адамға елестейтін қайдағы биші қыздар, қайдағы жыр?! Ғ.Біл. ~ Жалғыз баласының жаңа алған жас келіншегі тұтқиылдан дертке шалдығып әл үстінде жатыр. C.Ом. ~ Осы қазір ол тек әл үстінде жатқан әкесін көрді. Ә.Нұрп.

ӘЛ ҮСТІНДЕ Read More

ӘЛ ҚЫЛДЫ

Сүйеніш қылды, арқа сүйеді. ~ Құтқар өзің Алла деп. Өңкей жақсы зар қылды. Не боларын білмейді, Бір Алланы әл қылды. Шейіт қылып соларды, Қарақолда атты ғой. І.Жан.

ӘЛ ҚЫЛДЫ Read More

ӘЛ КЕТТІ

Күш-қуаты сарқылды, пәрменінен айрылды. ~ Қайдар үйге басын сұққанда «енді сен бірдеме қылмасаң менен әл кетті, бір сойқан болар-ақ» дегендей боп, Дәметкен жаутаңдап Жұмакүлге қарады. Т.Сәу. ~ Осыдан барып айналымдағы доллардың көлемі артып, теңгеден әл кетті. БАҚ. ~ Негізгі пайда түсіруші саланың аяғы аспаннан келген соң, ССРО-ның тұла бойынан әл кетті. БАҚ. ~ Денем дірілдеп, аяқтан әл кетті. Есімді жисам, апамның қолынан ұстап, үйге қарай аптығып келемін. А.Шим.

ӘЛ КЕТТІ Read More

ӘЛ БЕРМЕДІ

Күші басым болды, ырық бермеді; дегенінен қайтпады.
~ Әні кетті, сәні кетті, бәрі өтті, — Тағдыр енді салды өзіме
әлекті. Әл бермеді, әлде мені тұқыртқан қайтсем екен бұл атаңа нәлетті! С.Им. ~ Біссіміллә, біссіміллә! – деп үшкірмек болған бақсыны сілейте бір соқтым да үрпиісіп тұрған қалғандарына тұра ұмтылдым. Көпшілік қоя ма, әл бермеді. З.Төл. ~ Назар қазір ешкімге әл бермейді. Оны өзің де жақсы білесің. Жиналыс сайын сені бір айтпай қалмайды. Т.Әбд. ~ Асқар егде тартқан бәйбішесінің осынау әл бермейтін асаудай буырқанған сезімінен кәдімгідей қорқып қалған. Т.Әбд.

ӘЛ БЕРМЕДІ Read More

ӘЛ БЕРДІ

Күш қосты, демеді, қуат берді. ~ Нәрсіздерге нәр берген Әлсіздерге әл берген, Нансыздарға нан берген … Ә.Тәж. ~ Қорқыныш адамға әл беретін тәрізді. Әлгінде титықтап, ақыр-тақыр біттім деген адам, биікке қарай аяғымды аршындай басам. Б.Соқ.

ӘЛ БЕРДІ Read More