Керемет, ғажап болды. ~ Бір мезгілде қуатымды әбден жиып, жүрегімді тоқтатып алып, тік көтеріп алып, жерге қойып келіп жіберіп, кеудесіне мініп алдым. Өзіме — өзім сүйсінуім әлей болды! М.Әу. ~ Суық хабар сұрқымызды қашырар әлей болмай тұра тұрсын, — деді ол. І.Ес. ~ Моншаның ыстығы әлей болып кетіпті. Н.Дәу.
ТҰРАҚТЫ ТІРКЕСТЕР
Бұл категорияда сөздікте келтірілген 25 мың фразеологизмнің ішінен пайдаланушы іздегендері ретімен көрсетіліп отырады.
ӘЛЕГІН АСПАННАН (АСПАНҒА) ШЫҒАРДЫ (КЕЛТІРДІ)
Ойран салды. Тас-талқан қылды; астан-кестенін шығарды; әлек салды. ~ Сөйтіп, ақтың әскері қазақтың әлегін аспаннан шығарды, жау жайлады. І.Жан. ~ Біз жеген қаз дүкенші Әбдібайдікі екен. Оның көкбет қатыны келіп, біздің үйдің әлегін аспанға шығарды. Б.Соқ. ~ … сойылға жығып, кез келгенін ат омырауымен қақтырып қуалап ұрып, ауыл үстін азан -шуға батырған. Әлегін аспаннан келтіргендей күйге жеткізіп бара жатқан. Ж.Ахм. ~ Күшті болмақ түгіл, бұл заманның Әзірет Әлісі
болса да әлегін аспаннан келтірейін. С.Мұқ. ~ Патшаның жарлығынан Текежанның осы жарлығы мықты болып шықты. Ләппайлар бір сағатқа жеткізген жоқ, елпекбайларды қосып алып ауылдың әлегін аспанға шығарып лезде тып-типыл етті. Ә.Әб. ~ Соның бәрі енді жаяу таяқ, сойыл шошайтқан Әлилерді әр жерде ортаға алып, сойылға жығып, кез келгенін ат омырауымен қақтырып қуалап ұрып, ауыл үстін азан -шуға батырған. Әлегін аспаннан келтіргендей күйге жеткізіп бара жатқан. Ж.Ахм.
ӘЛДИ ҚАҚТЫ
Бөпелі болды. ~ Менің де, Айғанымның да сырын өзің білесің. Мен болсам жиырма- жиырма бірдемін. Айғаным болса, он жеті он сегізге келіп қалды. Әлі ешкімге отастырған жоқ… Мұндай қыздың көбі осы күні басына кимешек салып, әлди қағып отыр. Біздің баяғыдан бері сырлас екенімізді өзің білесің… М.Дәу.
ӘЛДЕН УАҚЫТТА
Бір кезде, бірер уақыт өткесін. ~ Қанша ұйықтағаны белгісіз әлден уақытта оң жағындағы Зейнептің Есіркегенді «сен былай жат» деп құшақтай іргесіне салғанында ғана оянып кетті. І.Ес.
ӘЛДЕҚАНДАЙ ҚЫЛДЫ
Біреуді орынсыз мақтау, тым жоғары бағалау туралы. ~ Осы қыршаңқының өзін әлдеқандай қылмай ма? Не соғымға жоқ. Көкбақа немені,— деді тағы да жаңағы жіңішке, жарықшақ дауыс. М.Сүн. ~ Немене, соншама, жә-ә-ман бір құсты әлдеқандай қылатының, сенен басқа адам құс сала алмайды деппедің, көрейін қазір… С.Жүн. ~ Әй, осы итті жұрт неге «Көткеншек» деп әлдеқандай қылады? Ә.Нұрп. ~ «Залым» дейді ғой оны әлдеқандай қылып… ол ақымақ барып тұрған. Т.Ахт.
ӘЛДЕҚАНДАЙ КҮН ТУСА
Қиын-қыстау заман келсе. ~ Ана сүтін ақтармыз, Баба салтын сақтармыз. Әлдеқандай күн туса, Алдаспанды қолға алып, Айбалтаны саптармыз!!! И.Сап. ~ Әлдеқандай күн туып, әлдекімге тап болам ба деген қауіппен қабырғасына қағаз тұтылған кішкентай ғана лас бөлмеге танауын тыға берді де, зәре-құты қалмай табан астында кері ытқып шықты. А.Чех. ~ Ұл қыламын десең сенің құлыңмын, Құл қыламын десең егер… соз басқа! Қақпадағы қақпан боп, Жауымды да бірінші боп атқам жоқ Әлдеқандай күн туғанда басыма, Әлдекімдей Отанымды сатқам жоқ. М.Рай.
ӘЛДЕКІМ ҚҰСАП
Бұндай қылық (іс) басқаға жарасса да, саған жараспайды д.м. айтылады. ~ Қазір, қазір. Бәсе, сүйтші, құлыным, әлдекім құсап сарғайып жата бермей,— деп Дәмелі күйменің алдыңғы жағындағы қол сандықты ашты. С.Жүн. ~ Өзің астанадан келіп, атқа мініп жүргенің не болғаның әлдекім құсап, — деп сөгіп тастады. Жат та кеп машина іздеді. Ш.Мұр. ~ Өйткені жанында Музлук бар ғой. Оның көзінше әлдекім құсап құлап жату ұят қой. Ш.Айт.
ӘЛДЕБІР НҮКТЕГЕ ТЕЛМІРДІ
Көзін бір жерден алмай, ұзақ қарады, ойланып қалды. ~ Есеңгіреп отырып қалдым. Сенер-сенбесімді білмеймін. Ойсыз, сезімсіз меңірейген күйі әлдебір нүктеге телміріп отырып-отырып, бір уақытта созалаңдай орнымнан тұрдым. Т.Сәу.
ӘЛДЕ НЕГЕ
Неге екені белгісіз. ~ Онда сен Ербосынованы білесің бе?
— Меңтайды ма, білемін, — дедім әлде неге жүрегім су ете қалып. Ә.Нұрш.
ӘЛДЕ НЕ УАҚЫТТА
Бірер уақыттан соң. ~ Әлде не уақытта бала ұйықтайды. Баласын күбірлеп қарғай-қарғай қорылдап, ұйқыға кетеді шеше. Қ. Бег.

