ӘЙТ ШУ, ЖАНУАР!

Астындағы көлігін айдау. ~ Әйтпесе, астында ақсақ аты жоқ мына біздер білдей
ауылнаймыз. Әйт шу, жануар! – деп қолындағы шыбыртқышен қос қаракерді сауырлап
сабалады. О.Бөк. ~ Сосын келер жылы совхоз берген қарағайдай жолдаманы қалтасына
салады да, «шу, қарақұйрық» деп, қалаға тартып отырады. Оқуға сонда түсе алмаса, кемпір-
сампырдың өсегінен өліп-ақ кетсін!.. Иә, дәл солай! – Әйт, шу, жануар! Сары ала қамшының
сабы шошаң ете қалғанда, сүлік қара тайпалып ала жөнелді. Д.Әш.

ӘЙТ ШУ, ЖАНУАР! Read More

ӘЙТ ДЕГЕНДЕ

Лезде, шапшаң, тез арада, салған жерде. ~ Әйт дегенде анам менің дер ме едім. Өз балаңмын жылда қайтып келемін, Көлінде ойнап, ну жидек теремін, Көкірегіме сен толтырған … Ж.Саин. ~ Бар адамзаттың үйінде әке-шеше деген осылай ұрсысады деген ой қалыптастырып үлгерген. Анасы ұрсып баж ете қалғанда, әкесіне жүгіріп, әкесі тәйт дегенде анасының құшағына кіріп байыз тапқысы келеді. АҚ «Күйген нан».

ӘЙТ ДЕГЕНДЕ Read More

ӘЙЕЛІНІҢ ҮСТІНЕН ЖҮРДІ

Әйеліне опасыздық жасады, ойнас қылды. ~ «Мен — адал адаммын, мен — ата—ананың перзентімін, мен өмір бойы отбасының бақытын ойлаумен болдым, мен өмір бойы өз әйелімнің үстінен жүрмеген еркекпін… Сондағым мынау! Л.Толс.

ӘЙЕЛІНІҢ ҮСТІНЕН ЖҮРДІ Read More

ӘЙЕЛДІҢ ҚУЛЫҒЫ ҚЫРЫҚ ЕСЕККЕ ЖҮК

Әйел баласының қулығы, залымдығы ерекше д.м. ~ Сарқыт қыз әке-шешеге қайырылып қараған жоқ, қалың топқа сіңе берді. Өкімет назарына, ел көзіне іліккен жігітке шынымен құлады ма, әйелдің қулығы қырық есекке жүк, Сібірден қорыққан аяңкес қыз амал жоқтықтан Сүлейдің етегінен ұстады ма, өздері қашан уағда байласқан, ол жағын әлі күнге дейін білмейміз… М.Қаб. ~ «Жасанды немқұрайлығыңа басқаларды иландырсаң да, мені алдай алмайсың. Әйелдің қулығы қырық есекке жүк болғаны тегін емес. Еркектер қарсылығымызды қабылдаудан бас тартқанына ызалансақ, енді бірде бәлдене «жоқ» деген сөзімізді бірден ақиқатқа балай қалса да, ішімдегіні таппадың деп қиғылыққа саламыз. АҚ «Таразы өмір».

ӘЙЕЛДІҢ ҚУЛЫҒЫ ҚЫРЫҚ ЕСЕККЕ ЖҮК Read More

ӘЙЕЛДІККЕ АЛДЫ

Үйленді. ~ Ботагөзді ол елде танитын адам жоқ. Сендер көңілдеріңе ауыр алмаңдар. Асан, сен Ботагөзді жолдағы бір мойыны алыс жерден әйелдікке алған болып бар. Ал, Ботагөз, сен тиген болып бар. С.Мұқ. ~ Туған қарындасымды әкесі әйелдікке алып отырған адам елді жылатпаса маған осыны істей ме? Өзіме таяғы батқан соң, қарындасымды пісіріп жесең де өзің біл деп, Әлимен бірге кеттім» деген. Ж.Ахм.

ӘЙЕЛДІККЕ АЛДЫ Read More

ӘЙЕЛ ҚҰМАР

Әйел затына ерекше әуес, нәсіптің құлы туралы. ~ Қоңырақын – Дөрбілжінде болған әйел жанды есалаң басқыншы. Қ.Шаб. ~ Менің жауыз болғаным рас, өзім-ақ айтамын ғой бәрін. Халім барда әйел құмар болғаным рас. Қ.Шаб.

ӘЙЕЛ ҚҰМАР Read More

ӘЙЕЛ ЗАТЫ

Әйел атаулы, әйел біткен. ~ Одан бергі жерде Палмақанның көңілін әйел заты алаң еткен емес. О.Сәр. ~ Бақбөр еркек атаулының барлығын, жас-кәрісіне қарамай ата дейтін де, әйел затының барлығын апа дейтін… Қ.Мүб. ~ Иә, жалғызіліктілік те жаман. Әсіресе төмен етек әйел затына тіптен қиындығын кім білген?! М.Сүн.

ӘЙЕЛ ЗАТЫ Read More

ӘЙЕЛ ЖАНДЫ

Әйел баласына деген құмарлығы ерекше еркек туралы. ~ Ал сен неге, дірілдеп кеттің? Немене, бірдеңе білуші ме ең? Мейлі, Митеньканы адал-ақ дерлік (ол ақымақ болса да адал), бірақ ол — әйел жанды. Оның ішкі жан-дүниесінің бар мәні бір сөзбен айтқанда осы. Оның бұл арамза әйел жандылығы бұзық әкесінен ауысқан. Ф.Дос. ~ Көп ішінде кім жоқ. Жұрт алдында әйелін жаңа көргендей ұшып–қонып, құрақ ұшып, әдейі шыбын–шіркей боп жүретін еркектер аз ба? Әлгі қырсықты асқындыра түскен де солар еді. Зәуде бір конақтықта боп, үйге оралған жағдайда әйелі Исабековке: «Көрдің бе, қандай әйел жанды жігіт? Жұбайынан шығарда жаны басқа екен», – деп, шынымен тамсана сөйлейтін. Ш.Айт.

ӘЙЕЛ ЖАНДЫ Read More