АҺ ҰРДЫ

Қатты қапаланды; өкінді, зар қақты. ~ Ал бүгін ол көріктің бәрі де жоқ, Ақ марал, аяғыңа дәл тиген оқ. Өкіндің, жастық,
мастық ісің өтті, Аһ ұрдың, сыртың – жалын, ішіңде – шоқ. М.Жұм. ~ … иненің орны жазылғасын тағы бір иіліп, болған істің
бәрін аңыздай ғып айтып берсем деп, үй іргесіндегі адамды алыста жүрген жолаушыдай аңсап, аһ ұрады. Қ.Түм. ~ Атқа міне
алмасына, мінсе жүре алмасына, жүрсе жете алмасына көзі жетіп түңілген шақта аһ ұрып күрсінді. Ғ.Біл. ~ Қарға жанына
батқан жарадан аһ ұрып, айғайлап, көмек сұрағандай болды. Сол сәтте қанды топалаң басталды да кетті. С.Сағ. * Ер ана,
ерді туған ақылды ана, Көкірегі қарсы айрылып «аһ» ұрды ана. Дел-сал боп көз жасымен қол көтеріп, Батаға жұрттың бәрін
шақырды ана. Ә.Тәж.

АҺ ҰРДЫ Read More

АУЫР (ҚОРҒАСЫН) ОЙ ЕҢСЕСІН БАСТЫ (ЕЗДІ)

Уайым-қайғыға салынды, иіні түсті. ~ Ауыр ой еңсесін езген жалғыз да жарау жолаушы… Күрең жолдан селдір шаң шұбырады… М.Қаб. ~ Адамның көзі топырақтан басқаға тоймайтын шығар. Ауыр ой еңсесін басқан шал орнынан шүйлігіп тұрды. З.Шүк. ~ Былай шыққасын қара бұлттай тұтасқан қорғасын ой еңсені тағы басты. С.Ел. ~ Ауыр ой еңсесін езіп отырғанда балалардың үрейден жылағанын да ұмытты. С.Сағ.

АУЫР (ҚОРҒАСЫН) ОЙ ЕҢСЕСІН БАСТЫ (ЕЗДІ) Read More

аһ” ұрғанда аузынан жалын атады

~ Бұрынғылары әншейін екен, перзентінің жоқтығы да енді сезінгендей еді, ойына түссе, “аһ” ұрғанда аузынан жалын
атады. “Ғұмыр бойғы сол жалғыз іліктілікті жаба тоқып келген де Аппаққыз екен-ау, ой, дүние-ай!” Қ.Най.

аһ” ұрғанда аузынан жалын атады Read More

АУЫЗЫ ӨРГЕ ШЫҚҚАН ӨГІЗДІҢ КӨТЕНІНДЕЙ БҮЛКІЛДЕДІ

Не болса, соны айтып, көп сөйледі. ~ Жоқ-ау, тіпті, осы үйдің абызы осы секілді. Босағадан аттағаннан бері ауызы өрге шыққан өгіздің көтеніндей бүлкілдеп бір тыным тапсашы. О.Бөк.

АУЫЗЫ ӨРГЕ ШЫҚҚАН ӨГІЗДІҢ КӨТЕНІНДЕЙ БҮЛКІЛДЕДІ Read More

АУЫЗЫ САЛЫМДЫ (АУЗЫНЫҢ САЛЫМЫ БАР)

Жолы болғыш, бағы зор. ~ Қалай дегенмен, қарымды актерлері, дарынды режиссерлері, салымды басшылары бар көңіл қалдырған азырақ күдіктен гөрі көбірек үміт ұялатқан, шалғайда жатқан елуден астам еңбегі еш, тұзы сор, басқан ізі білінбейтін, алайда егемен елінің еңселі патриоттары болып жүрген азапты болса да асқақты, талантты актерлері жетіп артылатын, аймақтардағы тобашыл театрларымыздың біразынан жүйрік, онынан озық көрінген елордалық өрнегі ерек өнер ұжымының алдағы жасампаз жеңістеріне жабыла қол шапалақтайтын жалынды шақты, шуақты кезеңді күтейік, ағайын! Т.Әл-Тар. ~ — Егер тұзаққа кекілік түссе, ауыздарыңның салымы бар болғаны, түспесе, екеуіңнің де табан аяқ қу болғаның. Онда екеуіңді де қамшының астына алам, — деп күлді. — Вообще, менің аузым салымды, — деді Петька. С.Мұр. ~ — Ойбұй-у, сiңiлiм, қай сорың қайнаған күнi мұның қолына түстiң екен? Сенiң кiшiпейiлдiгiң мен көркiңдi елден

АУЫЗЫ САЛЫМДЫ (АУЗЫНЫҢ САЛЫМЫ БАР) Read More

АУЫЗЫНДАҒЫНЫ ЖЫРЫП БЕРДІ

Ештеңесін аямады, соңғысымен бөлісті. ~ Ел дейсің-ау… Сол елің қайда қазір? Жапан дүзде шойырылып отырған сені неге сол елің қазір іздемейді? Ауызыңдағыны жырып берген жұртың неге сені іздемейді?— деді Сырға ашынып. С.Елу.

АУЫЗЫНДАҒЫНЫ ЖЫРЫП БЕРДІ Read More

АУЫЛ ИІСІ

Ауылды, туған жерді еске салатын, жүрекке ыстық жәйттер. ~ Құдаммен құшақтастым да қалдым. Мың жылдық сары сүйекті көрмегелі көп болған еді, екі-үш кісіге еркін жететін есіл құшағымды бір одан аяп қайтем. Бала-шағам да шұрқырап жатыр. Ауыл иісін бәріміз де сағыныппыз-ау! Ғ.Қаб. ~ Туған елді сағынғанда –жұбанышым жел еді. Ауыл иісін мұрыныма сүйреп алып келеді. Ф.Төл. ~ Жазушының қандай да бір шығармасын қолымызға алып, парақтай бастасақ оның әр бетінен ауыл иісі, ауыл тұрмысы аңқып тұрады. БАҚ.

АУЫЛ ИІСІ Read More