Аузын ашқарақтана, жұтып қоярдай ашты. ~ Ол неме де талай құқайды көрген қу екен, бұлтылдап қашып, атты тіпті шаужайлатар емес. Ақтөс болса аузын арандай ашады, аждаһадай төнеді. Қоя қал енді. Тер бойымнан андыздап ақты, жан алқымға тақалды Д.Дос. ~ Кенет есіне өзі қатты таңқалған жай түсіп кетті: Бірде «Айғыркісінің» бауырында бүгерлеп тұрған кер бие аузын арандай ашып… Сілекейі жаман шұбырған. Н.Дәу.
ТҰРАҚТЫ ТІРКЕСТЕР
Бұл категорияда сөздікте келтірілген 25 мың фразеологизмнің ішінен пайдаланушы іздегендері ретімен көрсетіліп отырады.
АУЗЫН АРТЫНА ҚАРАТЫП ЖІБЕРДІ
Бет бақтырмады. ~ Қодар, Қытандар не деді? Аяз, әліңді біл, құмырсқа, жолыңды біл деп аузын артына қаратып жіберді. Өлмейді. Күрек, сүймен, вибраторды ұмыта қойған жоқ. М.Қаб.
АУЗЫН АШСА (БОЛДЫ)
Қит етсе; аузына алдыменталатыны д.м. ~ Олар Баймағамбеттің екі жағында жатыр екен. «Сендер білесіңдер ме, балалар, мынау Бақаң аузын ашса болды, ертегі деген гулеп тұрады. М.Әу. ~ Әзім аузын ашса сізді мақтайды. Астанадағы дворецтерді сіз салған көрінесіз ғой? Ә.Нұрп. ~ Күмірә болғыр балалардың аузын ашса, шек-сілелері қата қалатындарына ыза боп, үзіліске шығып келе жатқанда кезекші: — Сені директор шақырып жатыр,— дегені. Ә.Кек. ~ Бұнысы анда-санда бір соғып кететін, оның өзінде де аузын ашса: «Иншәлла», «Олаһи-биллаһи»— деп ауылдың шалдарына шариғат айттырып таласа келетін кино-механик Көлкеден басқа тірі орыс көрмеген Жақанға қиын тиді. Ә.Кек.
АУЗЫН АШСА КӨМЕКЕЙІ (КӨМЕЙІ, ҚОЛҚАСЫ ) КӨРІНЕДІ
Аңқылдақ, ақкөңіл, ішіндегісін жасыра алмайды, адал. ~ Көбі ауызын ашса көмекейі көрінетін аңқылдақ іші таза, ісі сара
жандар еді. Б.Қыд. ~ Өз заманының Қожанәсірі болатын. Аузын ашса көмекейі көрінетін марқұмның. Т.Рыск. ~ Шүңіректеу
үлкен қара көздері жалтылдаған ақжарқын жігіт нағыз аузын ашса көмейі көрінетіннің өзі екен. Ү.Жәл. ~ Ондай кісінің сөзі
арзан; өйткені аузын ашса көмейі көрінеді. Бітуажалыққа жаңа, көп ұсталып қол жаулыққа айналмаған жұмбақтау кісінің
сөзі өтімді». М.Сүн. ~ Соған қарағанда, ауызын ашса, көмекейі көрініп тұратын әңгүдік неменің сойынан шығар… Ә.Кек. ~ Бір
сүйсе бақиға дейін сүйетін бір мінез жігіт. Аузын ашса, қолқасы көрінетін ақ жүрек жігіттің өзін бір көргеннен құлай сүйіп
қалғаны да ақиқат. Ү.Жәл.
АУЗЫН АШСА ҚОЛҚАСЫ (ЖҮРЕГІ) КӨРІНЕДІ
Қауқылдаған, аңғал жан. ~ Аузын ашса, қолқасы көрінетін ақ жүрек жігіттің өзін бір көргеннен құлай сүйіп қалғаны да ақиқат. Кеудесінің қуысы, жүрегінің құлтасы жоқ ақ жарма ақын айтса лақ еткізіп ақтара салатыны аян. Ү.Жлк. ~ Аузын ашса жүрегі көрінетін аңқылдақ жігітті Балта үш- төрт күнге дейін түсінде де көріп жүрді. C.См.
АУЗЫН АШТЫРМАДЫ
Сөйлетпей қойды, ырық бермеді, сөзіне құлақ аспады. ~ Олар: «Қойшы идеалист болмай! Барамыз да тамаққа тоямыз, кішкене ішеміз, неменесі бар?»—деп, Мейірханның аузын аштырмады. М.Әу. ~ Қоштасып кеткісі келіп отырған адамның аузын аштырмай қойдындар ғой. Ш.Айт. ~ «Ау, ағайындар, мен қатты шаршаған адаммын, жаралы жанмын. Мен біраз тынығып, тыңайып алайын. Үйлену қашпас, қайда асығасыңдар», — деу керек еді желіккен жұртқа. Солай демекші еді, бірақ ағайыны ауыз аштырмады ғой. Ш.Мұр.
АУЗЫН АШЫП, КӨЗІН ЖҰМДЫ
Таң-тамаша болды. ~ Артына қасқырша қарап тұрды да қайта оралды. Тағы сөйледі. Мен аузымды ашып, көзімді жұмып тыңдадым да отырдым. Ж.Айм. ~ Құданың құдіреті, Қайып ән айтса, жұрт аузын ашып, көзін жұмады. Ү.Жлк. ~ Оншақты ошақтың кәрі-жасы жиналып таң атқанша әңгіме айтқызып, ауыздарын ашып, көздерін жұмған. Т.Әс.
АУЗЫН БАҚТЫ
1. Не айтарын тосты, жалтақтады. ~ Соңғысы нағыз қаратілдің өзі еді. Жат елдің аңысын аңдып, аузын бақты. Т.Әл. ~ Бекет бастықтың шағымына нәумез ғана жымиып, тағы да аузын бақты. Қ.Ысқ. ~ Бұрынғы селсоқтық жайына қалды, Енді ол бастықтың аузын бақты. Енді не айтар екен? Оның аузынан тағы да қандай сөз шығар екен? С.Бақ.
2. Леізін тыңдауға құмартты. ~ Мұхаң кірді. Қалың ернін түре күлімдеп, əріптестерімен бас изеп амандасты. Көшедегі күн нұрын көзіне жиып əкелгендей, əрқайсымызға жылы шыраймен ұшқындап қарайды. Бөлмеге де өзгеше бір жарық түсіп, жылу тарағандай. Жылу… Жан жылуы… Əлгібір «аңдысудан» із- түз жоқ, бəріміз бір ұжым боп, Əуезовтің аузын бақтық. З.Қаб.
3. Абайлап сөйледі. ~ Бұқараның бақылауын жуастықпен қабылдап, егіншілік майдандарында еңбек істеп, қылмысын жуып, Сәйдәлінің көз алдында жүруі керек. Аузын бағып, аяғын аңдап басуы шарт. Ғ.Біл. ~ Сол арада не түлен т
АУЗЫН БАССА, АРТЫ СӨЙЛЕЙДІ
Сөзқұмар, өсекке, алып-қашпа әңгімеге бейім. ~ Елі құрғырлардың аузын бассаң, арғы сөйлеп тұрады ғой. Әсіресе, осы мұғалімі бар болғырлар, пәле болды. Ж.Айм.
АУЗЫ-МҰРНЫНАН ШЫҚТЫ
Лық толды; кемерінен асты. ~ Сандықтардың ішіне үңілді. — Құдай-ау, аузы-мұрнынан шығып толып тұр ғой! Ғ.Мүс. ~ Мыңдаған қазақ жігіттерін солдаттар айдап әкеліп осы үйге қамады. Бірақ, олар бұған сиған жоқ, аузы-мұрнынан шықты, тіпті бірталай адам күздің қоңыр салқын әуесінде далада жатты. М.Дәу. ~ Аялдама алаңы адамға аузы-мұрнынан шыға толып тұр. М.Қаб.

