АУЗЫ ҚАЛАЙ ҚИСАЙДЫ

Не деді, пиғылы қалай өзгерді д.м. ~ Сол бір әредікте құрдасы Тыныбайды оңашалап: — Байқайсың ба, істің беті қалай-
қалай бұрылғанын? Біздің әнеугүннен бергі әрекетіміз құр тұлыпқа мөңіреген, жай далбаса болып шықты ғой. «Шалатын
баланың бөксесі қисық келеді» деп, ұлықтың аузы қалай қисайғанын енді аңғарған шығарсын? — деген- ді. Қ.Жұм. ~ Бар
бітіргені, Бәйділдадан алған жылқыларын Сырдың арғы бетіне айдап салды. Бір адамды Нұрыбай аулына аттандырып еді,
Бекарыстан Бәйділдаға айтқан сөзін оған да айтыпты. Сырлыбайдың аузы қалай қисайса, Асан солай — қарай жығылады.
З.Шүк.

АУЗЫ ҚАЛАЙ ҚИСАЙДЫ Read More

АУЗЫ ЕПТІ

Сөйлемпаз, жылпостау адам туралы. ~ Аяғы жеңіл, аузы епті, жылпылдаған елшілер «қайта көшіп Көккөлге барсаңдар, қаруларыңды тапсырсаңдар тиіспейміз, кеңшілік етеміз» деп, діні бір мұсылмандығын айтып, құран ұстап сенім білдіріп тұрып насихат жүргізді. Ғ.Біл. ~ Кейін аймақтық түрменің тергеу бөлім бастығының орынбасары болған. Онан салсаң, мұнан шығатын аузы епті, аяғы желді жігіт болатын. Т.Рыс.

АУЗЫ ЕПТІ Read More

АУЗЫ ЖАМАН

Былапыт сөзді адам. ~ Айтқанның аузы жаман, жылағанның көзі жаман. М-М. ~ Аяғы жаман төрді былғар, аузы жаман елді былғар. М-М. ~ Майсара ағыл-тегіл еңіреді. Жаспен бірге мастығы да ыдырай бастады. «Жылағанның аузы жаман» деген бос сөз екен. Майсара жылаған кезде тіпті ерекше көріктеніп кетеді екен. С.См. ~ Көзі құрымағыр көреді, көрген соң, аузы жаман атансаң да, қайта-қайта айналып соғып айтасың. Б.Әд.

АУЗЫ ЖАМАН Read More

АУЗЫ ЖАРЫДЫ

Қарық болды; қарны тойды. ~ Он шақты күннің ішінде құс етіне аузы жарыған Су Құсайын кәдімгідей тыңайып, қоңайып қалды. С.Жүн.

АУЗЫ ЖАРЫДЫ Read More

АУЗЫ АСТАУҒА ЖЕТТІ

Аштан өлмейтіндей халге жетті. ~ Тағы сол кемпірлер. Соғыстан қалған бір-бір жетімектің аузын астауға жеткізген шығар — ау, енді немерелеріне еңкілдеп ат болғанда бұлар қай ұшпаққа апарар екен?.. Қ.Ысқ.

АУЗЫ АСТАУҒА ЖЕТТІ Read More

АУЗЫ ЖАРЫМАДЫ

Қанағат таппады. ~ Ауыл-аймақта тірі жанмен аралсып, өз үйінен шыны шетін тістетіп көрген емес. Өзгені жарылқамақ түгілі өзінің аузы жарып ас ішпеді. Т.Сәу. ~ Сонау бір жылдардағы елдің зейнетақы еңбек айлығына аузы жарымай, қорадағы малдарын топырлатып сата бастағанда, жиған акшасы бар Өрікайдар әр қойдың басына екі мыңнан төлеп, жаппай сатып алған. Н.Дәу.

АУЗЫ ЖАРЫМАДЫ Read More

АУЗЫ АУЫР

Көп сөйлемейтін, томаға-тұйық адам туралы. ~ Айғанша шайды ұзақ сораптады. Іштегі құса ғана ауырта ма, көңілі сәл бөлінсе, кәдімгідей жүзіне шырай жүгіріп, өңі кіріп қалады екен, соны байқаған Қатира жайшылықтағы аузы ауырлығын ұмытып, талай әңгіме, талай өсекті айтып тастады. С.См. ~ Егер «ат аунаған жерде түк қалып» сыпсың сөз жетсе ол миығы тартып қарар еді, әлде бабаның қасиеті бәрін үрлеп, санадан өшіріп жіберді ме екен, өң-жүзінен ештеңе байқалмайды. «Әлгі менің еркегім нағыз еркек екен, аузы ауыр неме екен өзі» деп арқасын кеңге салды. Қ.Түм.

АУЗЫ АУЫР Read More

АУЗЫ ЖАРЫП АС ІШЕ АЛМАЙ, ТАҚЫМЫ ТОЛЫП ТАЙ МІНЕ АЛМАЙ

Бүкіл өмірі жоқшылықа өткен адам турасында. ~ — Ыбылжымай, мына туды шалқыта ұста. Әкең Смайыл өмірін
Әбен малшылықта өткізіп аузы жарып ас іше алмай, тақымы толып тай міне алмай кетіп еді. Бүгін атаңның
ақы адал еншісін алатын күнің, — деп біраз тықыртып алды. С.Бег.

АУЗЫ ЖАРЫП АС ІШЕ АЛМАЙ, ТАҚЫМЫ ТОЛЫП ТАЙ МІНЕ АЛМАЙ Read More

АУЗЫ АШЫҚ (ЖЕҢІЛ)

Тым сөзуар, өсекке, алып-қашпа әңгімеге бейім адам туралы.
~ Елі құрғырлардың аузын бассаң, арғы сөйлеп тұрады ғой. Әсіресе, осы мұғалімі бар болғырлар, пәле болды. Ж.Айм.

АУЗЫ АШЫҚ (ЖЕҢІЛ) Read More