Үп еткен леп жоқ, тымық. ~ Жел жоқ, ауа ұйып тұр. Ж.Нәж.
ТҰРАҚТЫ ТІРКЕСТЕР
Бұл категорияда сөздікте келтірілген 25 мың фразеологизмнің ішінен пайдаланушы іздегендері ретімен көрсетіліп отырады.
АУАДАЙ ҚАЖЕТ
Аса керек, өте бағалы, құны жоғары. ~ Алайда, Ленинград болып қайта құрылып жатқан зиялы қалаға керек Саттар қазақ әдебиетімен өнеріне де ауадай қажет еді. Қ.Ерг. ~ Сізді Академияға қалдыру оп-оңай. Бірақ сіз сияқты байырғы коммунистер дәл қазір республиканың өзіне де ауадай қажет емес пе?! Қ.Жұм. ~ Жас кадрлар. Дипломды мамандар. Институтты бітіріп келе жатқан ерлі-зайыпты екі құрылысшы-инженерлер. Біздің бірлестікке олар ауадай қажет екенін өзің де білесің, солай ғой, ә? Ғ.Қаб.
АУАДАН МӘЙЕК САУЛАДЫ
~ Дәп диплом қорғаған күнi де ол менi үйренiскен отырғышта соншалық шыдымдылық, асқан төзiммен тосып алды. Бүгiн де дүние ерекше құлпырып, ауадан мәйек саулап тұр. Ж.Шағ.
АУҒАН КӨШІН ТҮЗЕДІ
Қатесін түзеді. ~ Алшағыр ауған көшін түзеген тәрізді. Ең қысталаң тар жол, тайғақ кешуін артқа тастапты М.Қаб. ~ Ары бұрыла беріп:— Өз денсаулығына да өстіп көңіл бөлсе…— деп, қожыраңқырап барып, — Дом советтеріне өте бер, Елтайжан. Түскі ас әзір, мақтап жүреді екенсің, жақсы келдің,— деп, ауған көшін түпкілікті түзеді М.Қаб.
АУДАРА ҚАРАП, АҚТАРА ТЕКСЕРДІ
Мұқият, ұзақ, түгін қалдырмай тексерді. ~ Тіпті солардың не деп жала жапқандарын, не айып тағатынын осы күнге шейін ныспы білмейді. Аудара қарап, ақтара тексеріп, ақты – қарасын неге ашпайды екен? С.Ом. ~ Нәрестенің атын не деп қойсақ екен деп көп ойландым. Дүниедегі жақсы есімдердің бәрін аудара қарап, ақтара тексердім. Елдің көңілі толар есім іздедім. М.Әбд.
АУДАРЫП АЛҒЫСЫЗ
Айнымайды, қатты ұқсайды. ~ Кескенге жұмсақ болғанымен, жел мен суға берік сар кемік тастың ортасын ойып, шыр айнала қырнап, тоқаштан аударып алғысыз тығырық кейіпке келтіреді. Ә.Кек.
АУЖАЙ АҢДЫДЫ
Істің не боларын күтті. ~ Өз күйiн күйттесе, бүйтiп басын тауға да, тасқа да ұрып несi бар. Қыларын қылып алып, дәретiн
көмген мысықтай жымсиып отырған ана жаңа көсем бұл емеурiн танытса, қазiр-ақ ләббәй деп үйiрiне қосып алуға дайын.
Сөзiне ел ұйыйтын дуалы ауыз мықтылардан жақтас iздеуде. Тамырын ары басып-берi басып, икемiне көндiре алмаған соң
ендi дөңайбатқа көшiп, жаптым жала, жақтым күйемен соңына сiлiмтiктерiн салып қойды. Бiрақ халқы еңiреп жатқанда,
аужай аңдып, Олжас басымен қалай қарап отырмақ! Т.Сәу.
АТЫНА КІР КЕЛТІРДІ
~ Үйлену тойларына бара қалсаң жоғары класс оқушылары немесе мектепті жаңадан бітіргендердің аузында темекі,
аяқтарын шәлкес басып жүргені. Кейде қыз деген атыңа кір келтіреді. Ә.Ысқ. ~ Жоқ, Жөнейіт, бір пендені аяймын деп, бүкіл
бір елдің өлісінің аруағын, тірісінің намысын таптатпа! Аюдай ақырған айбынды атыңа кір келтірме. Ә.Кек. ~ Көкелерің әлі-ақ
босанып келеді. Сендер оның атына кір келтірмей, жақсы оқыңдар. Ешкімге соқтықпай, тыныш жүріңдер», — деп ескертіп,
әрі сес көрсетіп кетеді. Ш.Бей.
АУЖАЙ ҚОРЫТТЫ
Ой бөлісті, пікір алысты. ~ Олар сыртқа шыққаннан кейін енді өздерінше ақыл қорытқанда, Тайлақбай Мамозыны ертеңге
шақыртқанын еске алып: — Мұның сыры мәлім… Қолымен демеген болып, аяғымен шалады. Айналып келгенде «Қой қарғысы
қасқырға жетпейді» деген сығыр осы! — деп отырып, аужай қорытты. Ж.Ахм.
АТЫНА ШІРКЕУ КЕЛТІРДІ
Кір келтірді; сөзге, ұятқа қалдырды. ~ Ол маған пәле болып жабысты. Өзі кеткенімен қоймай, басқа малшыларымның арасына іріткі салды. Бұлардың есігімді теуіп, бетімен кеткені, менің болыс атыма шіркеу келтіреді. Ә.Шәр.

