Атқа отырып дағдыланбаған. ~ Атқа тақымы қатпаған ашамайдағы балалар жылқы айдауға барамын деп жыласа, атқа жүре
алмайтын немені алып қайтеміз деп қыз, бозбала мазақтап қашады. Шыға бере жарыс! Аттың басын жіберіп отырып, төгумен келіп,
неше ілгері шығарып жіберген жылқыны тауып аласың. А.Байт.
ТҰРАҚТЫ ТІРКЕСТЕР
Бұл категорияда сөздікте келтірілген 25 мың фразеологизмнің ішінен пайдаланушы іздегендері ретімен көрсетіліп отырады.
АТАН ТҮЙЕДЕЙ (ҚАЙРАТЫ БАР)
Күш-қуаты мол. ~ Әшейінде атан түйедей қайраты бар неме ғой, біраз қиналғанмен, құлдырап кетпепті. О.Сәр.
АТАРҒА ОҒЫ, ҚАБАРҒА АЗУЫ ЖОҚ
Ашу кернеп, жек көріп тұрса да, қылар амалы жоқ. ~ Қасқырдан бетер емес пе, бір-біріне атарға оғы, қабарға азуы жоқ. Бөрі менен сұрағанша, адам боп жүрген солардан сұра. С.Жүн.
АТАН ТҮЙЕНІ ЖЫҒАРДАЙ
Аса қайратты, денелі, мығым. ~ Ол кісі жасы жетіп өліп қалған да шығар? – Жоқ, ол өле қоятындай кісіден емес. Ден-саулығы атан түйені жығардай болатын. Оның қасында мен нәзік едім, талшыбықтай қатпа болдым. Ә.Асқ.
АТАСЫ ҚАЖЫДАН КЕЛГЕНДЕЙ ҚУАНДЫ
~ Тыныштықты ат тұяғының тықыры бұзып еді, Шерубайды алдымен таныған Бескемпір: — Ассалаумағалайкум! — деп атасы қажыдан келгендей қуана тұрды. — Әлей болсын, ақсақал! Қ.Ысқ.
АТАН ҰРЛАСА ДА АЙЫБЫН МОЙНЫНА АЛМАЙДЫ
Не жағдайда да міз бақпай, бедірейіп отыра беретін безбүйрек адам туралы. ~ «Бәрібір іштен шалып отыр, – деп ойлады Еркін. – Атан ұрласа да айыбын мойнына алмайтын безбүйрек екенін кім білген. О.Бөк.
АТАҢА (АТАСЫНА) НАҒЫЛЕТ (НӘЛЕТ)
Қатты кейігенде айтылатын қарғыс, боқтау сөз. ~ Жылы үйге келген соң ғана арғы жағы жіби бастаған. Мұрнын тартып тастап, «атаңа нағылет сенің»,– деді нығарлап. М.Қан. ~ Атаңа нағылет Пірімқұлдың бізге қылғанын, өзіне қыл, бар! Келесінің ішінен қос нарын таңдап тұрып бөліп ал да айдап кел, менен туған ұл болсаң!» дейді. С.Ел. ~ Әй, атаңа нағылет! Ер ме десем, ез бе едің! М.Сүн. ~ Атаңа нәлет, қатынсыз күн де күн емес! Қ.Ысқ. ~ Бір ай болған жоқ әлі, осы атаңа нәлет інімді үйлендіргеніме, сонда бір сиыр, жеті уақ мал сойыппын. Қ.Түм.
АТАҢА ЛАҒЫНЕТ
Қарғыс атқыр. ~ Шалығып келген уақытында Соғып бір кетер кезі екен. Атаңа лағынет Бекежан Қыз Жібектің
сыртынан Көп ғашықтың бірі екен. «Қыз Жібек».
АТАҢНЫҢ БАСЫ!
Біреудің пікіріне ашына қарсылық, дөрекі жауап. ~ Атаңның басы! Тегін беретінді тапқан екенсің! Ол неме онысын он есе етіп қайтарып алады! – деді анау. Ғ.Қаб. ~ Ассалаумағаләйкүм, Асеке! — деп елірген біреуі екеуінің алдынан өте беріп үзіле қалды. — Атаңның басы! Сәлемің тасып бара жатқан шығар!.. Қ.Ысқ.
АТАҢНЫҢ БАСЫ, ҚАТҚАН ЕРДІҢ ҚАСЫ
Біреудің сөзін жоққа шығарудың ожар түрі. ~ Атаңның басы, қатқан ердің қасы, — Оспан мысқылдап күлді. — Одан да совдепке көр қазып жүрмін, ел арасына іріткі салып жүрмін десең болмай ма? С.Ом.

