АТАҢНЫҢ ҚҰНЫ БАР МА

Менде не өшің бар, неге маған қысастық қыласың д.м. ~ Оның себебі әңгіме ауылдың жер төңірегінде болып отырса, сен сонау Златоуст өтіп кетесің! Златоуста не атаңның құны бар еді? В.Шук. ~ Қазақ екеніңді біліп тұрмын. Аты-жөніңді айтам. ─ Менің аты-жөнімде не атаңның құны бар. Бар, жүре бер жәйіңе! С.Шай. ~ Әй, онда менің жұмысым жоқ! Маған мәшине керек, мәшине! — деп Құлке өзеуреп тепсіне берді.— Маған мәшине бермейтін қай атаңның құны бар?! А, айтшы, қане?!. Б.Тоғ.

АТАҢНЫҢ ҚҰНЫ БАР МА Read More

АТАП ӨТТІ

1. Арнайы тоқтады, ерекше мән берді. ~ Ол болашақ қазақ университетінің бірінші профессорлары болып тағайындалған адамдардың аттарын атап өтіп: — Бәрі де бұрынғы кезде оқыған ескі ғалым — интеллигенттер көрінеді,— деді жауабын ширата түсіп. Х.Ес. ~ Монғолдардың қи¬дандармен құдандалық жасап отыруды дәстүрге айналдырғанын атап өткен абзал. Ж.Шәк.
2. Әлдебір елеулі оқиғаның құрметіне той-томалақ жасау, шара ұйымдастыру туралы. ~ Бұлардың аттестат алғанын атап өтудің несі айып?! Бұндай қуаныштан қыздар қаша ма? Б.Тоғ. ~ Сол күні тойладық. Сыралатып дегендей… Бала кезден бірге өскен досымның туған күнін атап өткенбіз. А.Нүс. ~ Бес уақыт намазын атам қаза жібермейді. Ораза кезінде ауыз бекітіп, азан шақырады. Діни мерекелерді, шама-шарқы келгеніне, құрметтеп атап өтеді. Б.Соқ.

АТАП ӨТТІ Read More

АТАР ТАҢДАЙ АҒАРАҢДАДЫ (АҒАРЫҢҚЫ)

Бет-жүзі ақшыл тартты. ~ … қолмен құйғандай ықшам, тығыз дене бітіміне атар таңдай ағараңдаған ақ дидары əдемі жарасып, ақшыл рең ақ торғын ажар беретін. З.Қаб. ~ …меңдеген ұйқы, шаршау, жаурау иін тіресе екі бетіңізге жиналады, сіздің екі бетіңіз анау атар таңдай ағарыңқы, әрі қаны тамып тұрған дидарыңыз сұп- сұр болып жүдеп салады… О.Бөк.

АТАР ТАҢДАЙ АҒАРАҢДАДЫ (АҒАРЫҢҚЫ) Read More

АТАН СИРАҚ

Аяғы сидиған, ұзын. ~ … төбесі көптен жоғары қылтыңдай көрініп, «атан сирақ, ұзын кісі-ау»,— дегізіп таңдандырғанмен далаға дамылдағалы шыққанда бәрінен аласа, сыпыңдаған ешкі жүрісті, борбайы келтелігіне алданғаныңа өлердей өкінерің бар. М.Сүн.

АТАН СИРАҚ Read More

АТАРҒА ОҒЫ ЖОҚ

Ашуға булығып, өлердей жек көріп тұр. ~ Қалау қабағын қарс жауып, бірдеңе деп бұрқылдап отыр. Аузындағы астан қаққан анасына Төлеудің де атарға оғы жоқ. Ә.Нұрп. ~ … ауылдың кәрі-жастары қорған тақтайдың ар жағында жұдырықтай ғана болып, тәкаппар отырған Зәкеңді атарға оғы жоқ, әрең шыдар еді. О.Бөк. ~ Мәттақан қара бала Мөңкеге анда-санда оқ жыландай тесіле қарап, тынысы тарылып келеді. Атарға оғы жоқ. Жанарында жеп жіберерлік зәр бар. С.Жүн.

АТАРҒА ОҒЫ ЖОҚ Read More

АТАН ТҮЙЕГЕ ЖҮК

Үлкен, салмағы тым ауыр. ~ Бұлттың торлап келе жатқаны мынау, тезек су боп қалады. Жүгір, қарғам. Бетін жап, – дейді тағы. Амалсыздан үйге қарай жүгірем. Апамның сылтауы атан түйеге жүк. Ш.Күм.

АТАН ТҮЙЕГЕ ЖҮК Read More

АТАРҒА ОҒЫ ЖОҚ, ҚОЛЫНАН КЕЛЕРІ ТАҒЫ ЖОҚ

Қанша жек көріп, айбат шексе де, ештеңе істей алмайды д.м.
~ Сіз сол кісінің қарамағындасыз ғой… – Иә, қарамағындамын. Атарға оғы жоқ, қолынан келері тағы жоқ, бұзауы теріс келген сиырдай ыңыранып-ақ жүр. Қайламды тартып ала алмайды ғой. О.Бөк.

АТАРҒА ОҒЫ ЖОҚ, ҚОЛЫНАН КЕЛЕРІ ТАҒЫ ЖОҚ Read More