АТҚАН ОҒЫ ҚҰРЫ КЕТПЕЙДІ

Құралайды көзден атқан құла мерген. ~ Сосын сөз арасын дереу басқа жаққа бұрып жіберді: “Атқан оғы құры кетпейтін сұр мерген болсаңыз, анау көрінген шағылдың теріскей бетінде екі үйір арқар жүр”, деп, атын тебіне берген. Н,Дәу. ~ Сонау “Қараой” жазығында дуадақ, арыдағы Сораң тауында арқар бар. Шалдың атқан оғы құры кетпейді, арқар іздеп, елік аңдымаған өрістен жолыққан майда аң-құсты жібермейді. Н.Дәу.

АТҚАН ОҒЫ ҚҰРЫ КЕТПЕЙДІ Read More

АТАСЫ ӨЛГЕН СӨЗ

Құны жоқ, жәй айтыла салған сөз. ~ Ох, әттеген-ай, Бақы өткен жылғы кикілжіңінде айтқан уәдесінде тұр екен-ау! Мен оны айтыла салған, атасы өлген сөз болар деп едім. Кейін қайтпасам болмайды, — дейді Тұрмамбет санын өкініштен бір соғып. А.Өт.

АТАСЫ ӨЛГЕН СӨЗ Read More

АТҚАН ОҒЫ, ШАПҚАН ҚЫЛЫШЫ

Біреудің айтқанын істеп, айдағанына жүретін қолшоқпары д.м ~ Міні, «Алашорда» әскері мен милициясының жұмыстары осындай. Бірақ бұларға не кінә бар?.. Хан бұйырады, ұлық жұмсайды. Әскер мен милиция — хан мен ұлықтың атқан оғы, шапқан қылышы. Олар қайтсін!.. С.Сей. ~ Жазықсызды жазалау жарыместік емес пе? Ал егер де олар Саймаранның маған қарсы атқан оғы, шапқан қылышы болса ше? Айтағына еріп қабатын иті болса ше? Ә.Әб.

АТҚАН ОҒЫ, ШАПҚАН ҚЫЛЫШЫ Read More

АТАСЫНДА КӨРМЕГЕНДІ БОТАСЫНДА КӨРДІ

Әлдебір қуанышқа, бақытқа кенелді. ~ Атасында көрмегенді ботасында көрген Оспан аз күндік семіздікті көтере алмағандай ырғалып, ата қаздай қаздаңдай басады. О.Бөк. ~ Тәуелсіздік алған атажұртыңызға келіп жүрсіз. Сол туралы тілегіңізді, әсеріңізді айтыңыз! – деп арық қара қыз енді оралман шалдардан тезірек құтылғысы келіп, әлденеге асығып тұр. – Балам-ау! Той болғанда қандай! Атамызда көрмегенді, ботамызда көргендей болдық… Т.Рыс.

АТАСЫНДА КӨРМЕГЕНДІ БОТАСЫНДА КӨРДІ Read More

АТҚАН ОҚ АЖАЛДЫҒА КЕЗ БОЛАДЫ

Адам тағдырдың жазғанын көреді д.м. ~ Бөкей, Мәкежан деген аса ержүрек аяулы жігіттерім еді, атқан оқ ажалдыға кез келеді. Қайтейін, қалғандарың аман болыңдаршы! Ғ.Біл. ~ Атқан оқ ажалдыға кез болады. Түлен түрткен темір құзғын қақалып қалғандай дабысы өзгере қалды да, артынан бұрқ еткен боз түтінді саңғырып жіберді. Ғ.Біл.

АТҚАН ОҚ АЖАЛДЫҒА КЕЗ БОЛАДЫ Read More

АТАСЫНЫҢ (ӘККЕСІНІҢ) КЕГІ КЕТКЕНДЕЙ

~ …бірде бірін–бірі түсіне алмай, түсінбек түгілі бір көргеннен кірпідей жиырылып, қарадай жауығып, атасының кегі кеткендей кеңірдектесіп жататыны; келесіде сезім сәулесі жараса үйлесіп, шүйіркелесіп, сүйіспендік дертіне ұшырап бір–біріне ұмтылатыны тіршілік заңы. Д.Дос. ~ Ол ала қағаздың соңына әкесінің кегі кеткендей түскен Нүркеннің өзін әлгіндей қылғанда, он алтыға жеткенше өңкиіп партада отырып, алтыншы класты тауыса алмай қойған қауақ бас Жақанды қай ауруына дәрі қылсын… Ә.Кек.

АТАСЫНЫҢ (ӘККЕСІНІҢ) КЕГІ КЕТКЕНДЕЙ Read More

АТҚАН ОҚТАЙ

Көз ілеспес жылдамдық туралы. ~ Қадырдың белі садақтай бүгілді, аттың жалына жата қалды. Аты ыршып, қайыстай созылып, желдей есіліп, шөпке жабысып, көсіліп сала берді. Таудың үңгіріне қарай атқан оқтай зымырап, Қадыр көзден ғайып болды. Ж.Айм. ~ Апырай, өмір дегенің атқан оқтай өте шығыпты- ау! – деп, Қалиасқар таңданғандай басын шайқады. Ә.Асқ. ~ Соған іле-шала ұзаққа ұша алатын катюшалар атқан оқтай зуылдайды. Т.Рыс.

АТҚАН ОҚТАЙ Read More

АТҚАН ОҚТАЙ АҚТЫ

Асқан жылдамдықпен зулады, зымырады. ~Атқан оқтай ағып келе жатқан аруана аздан соң зу–зу еткен ауа дыбысының арасынан талып жеткен әлсіз дауысты танып, кілт тоқтай қалды. С.Дос. ~ Аруана ауаны тіліп, атқан оқтай ағып келеді. С.Дос.

АТҚАН ОҚТАЙ АҚТЫ Read More