АТА БАЛАСЫ

Ел ішінде абыройлы, беделді, жолы үлкен кісінің мұрагері. ~ Ел ішінде аталы ауылдың баласы биылғы жылы партия басы
болып, елінде атқа мінген жігіт. Өзі пәлендей батыр, өнерлі, өрелі жігіт болмаса да, «ата баласы ғой» деп атасының
«аруағын» сыйлап, ел осыны болыс қойған: аузы қисық болса да байдың ұлы сөйлесіннің кері болған. М.Әу. ~ Исеке,
сіз ел арасының сөзіне кіріспейтін кәсіп адамысыз. Мына Кешу атаңның тентегі жалына қол тигізбей тұр ғой. Анада екі
жақтың сөзін ұстаған Смайыл би басында соншалық, әділдік айтатын ата баласы болып кіріскен еді. C.Бег.

АТА БАЛАСЫ Read More

АТА ҒҰРПЫ

Ата-бабадан келе жатқан салт-дәстүр. ~ Жігіттер, ауыздарыңа сақ болыңдар, ата ғұрпымен ұрын келудің еш сөлекеттігі
жоқ. Оның ұры күйеу болуы да ата дәстүрі. Мұндайда жар салмас болар. С.Жүн. ~ Файзолланың баласы басынып
Жақыптың қызын басып алмақ болса, ертең қалған жалаңаяқтар, елдің қойынындағы әйелін тартып алар. Әйел басына
бостандық дегенді желеу етіп, сүйе ме, сүймей ме мен алам деген оспадарлық, мына Файзолланың баласын таптырып
алыңдар. Ел талқысына, ата ғұрпына беріңдер. Айыбын тартсын, — деп көне дүниенің көкдауылы ышқына сөйледі.
C.Бег.

АТА ҒҰРПЫ Read More

АТА ДӘУЛЕТ

Ата-бабасынан жеткен байлық. ~ Қалмаққа барып жетіспейміз. Мал-дүниеден айрылармыз. Ата қоныс мекенінен ел ауған
деген оңай емес, ол үлкен апат, сұмдық. Ешкімнің де бар албанды сыйғызатын жері жоқ. Алдымен қыруар малмен өзіміз
сыймаймыз. Ұстағанның қолында, тістегеннің аузында ата дәулет, қан қазына шашылып, төгіліп кеткелі отыр. Осы ақылға
қон, тоқтат мынау елді. М.Әу.~ Әрі Самарқанның өмірі, әрі бес сардар Жалаңтөс заманында көршілес
елдерге ханнан бетер қадірлі болған кісі дейді. Оған сыйлыққа келген тарту-таралғының өзі ханнан
туып болған небір алтын сүйекті, асыл текті төрелердің ата дәулетінен асып түскен көрінеді. Шектен
асқан батыр шектен асқан жомарт та болыпты. Ә.Кек. ~ Алтыатаның елдестері, жерлестері батырдың жыйған-
тергенін жылан жалағандай етіп таратып әкетіпті. Осы күнгі сыйлы кісі көз жұмса соңында қалған ұл-қыздары ата дәулетін
қолма-қол бөлісіп әкететіні сол с

АТА ДӘУЛЕТ Read More

АТ ТІЗЕСІН БҮГІСТІ

~ Бұ да найза салады. Екеуінің найзасы Қармақ болып қалады. Найза қанға майысты, Қылыш қанға
майысты. Ат тізесін бүгісті, Бүге, бүге тұрысты. «Ер Қосай». ~ Ырғай, ырғай салысты, Итерісіп тұрысты,
Найза қанға майысты, Ат тізесін бүгісті, Бүгісе, бүгісе тұрысты. Тебінгіге тер қатып, Қақырғаны қан татып, Түкіргені жын
татып, Қақырғанда қан ішті, Түкіргенде жын ішті, Қанжарменен қармасты Семсерменен серместі. «ҚҚҚ».

АТ ТІЗЕСІН БҮГІСТІ Read More

АТА ДҰШПАН

Ежелгі, әккі жау. ~ Жұрт маңдайларын түгел қандап болғасын үш жүздің игі жақсылары ата дұшпанмен
тізе қосып шайқасамыз деп құдай алдында құран ұстап анттасты. Ә.Кек. ~ Асқар таудай айдыны бұл
жығылса, түрікменнен туған еркек кіндік ата дұшпанның шаңырағын ақыры бір ортасынан түсірмей, сірә,
тыным таба қоймас? Ә.Кек.

АТА ДҰШПАН Read More

АТ ТІЗЕСІН ҚОСТЫ

Аразадасып барып, қайта татуласты. ~ Ал баласы ер жетіп, есейіп, өссе ат жалын тартып мінді деп қуанады. Немесе түтеген
қалың қою тұман, көзге түртсе көргісіз тас қараңғыны ат құлағы көрінбейді деп бейнелеп жеткізген. Сонымен қатар бірін-бірі
қайта көрместей болып ренжіскен екі жақты ат құйрығын кесті деп білдірсе, араздасып барып татуласқан жандарды ат
тізесін қосты деп табысқанын айтады. Ал кедей-кепшік, тумысында бір жарымаған адамды ауы атқа, аузы аққа жарымаған
деп қағытып өтеді. Б.Бәм.

АТ ТІЗЕСІН ҚОСТЫ Read More

АТА ЖАУ

Ежелгі дұшпан. ~ «Иә, бұл шын-ақ қаны қара пәленің өзі екен. Мейлі, ол ата жауым десе, дей берсін». Р.Рай. ~ Уақытым текке өтпесін деп маңайына милы жігіттерден жолдас-жора жинапты, өзінен жасы көп кіші әдемі қызға қырындапты, өстіп жүріп ата жауы секілді уақытқа әбден өштесіп, кектесіп алыпты. Д.Дос. ~ Бал татысын, темір татысын, ата жаумен алысқан Қаймақ, Түйе, Нұржан Ақбердин батырлар шөл басқан киелі су бұл. М.Қаб.

АТА ЖАУ Read More

ат ұстар

ер бала. Син: (перифразалар) — еркек кіндік.
Қазақ отбасындағы шаңыраққа ие болатын ұл балаға қатысты айтылатын теңеу. БАҚ

ат ұстар Read More

АТА ЖАУЫНДАЙ КӨРЕДІ

Ұнатпайды, суқаны сүймейді; кегі бар, жек көреді. ~ Аттың аяңымен жүретін адамдарды ата жауындай көреді. Ондайлар туралы: «мінген атын да терлете алмайтын ез ғой», – деп, жиіркене, тыжырына сөйлейді. Ж.Нәж.

АТА ЖАУЫНДАЙ КӨРЕДІ Read More

АТ ҮСТІНДЕ

Тынымсыз, белін жазбай, қауырт жұмыстан қол үзбеу туралы. ~ Дәл осы күндерде Базаралы да көбінше ат үстінде болды.
М.Әу. ~ Қоғамдық, журналистік қызметін ғана емес, жазушылық жолын да «Лениншіл жаста» бастаған Қалдарбек бар
ғұмырын ат үстінде өткерді. М.Мағ.

АТ ҮСТІНДЕ Read More