Жиі қатынасып тұрды. ~ Ешкіні малданбайтын ауылдар, Шыңғысты еліктеген болып үй басы аздаған ешкіні Зейнеп үшін өсіреді. Ұрғашы лақ сойып Зейнепке сыбаға әкелушілер ордадан ат ізін құрғатпайды. С.Мұқ. ~ Бірақ ел бойын кернеген ашу мен кек түн асқан сайын тасқындап, молайып келе жатқан, осы соңғы күндерде Қарақолдан ертенді-кеш онда әкеткен кісілері туралы хабар алып, жәрмеңке басындағылар туралы да үзбей, ат ізін құрғатпай біреуден біреу хабарланып, амандық, тыныштықтарын біліп тұрған-ды. М.Әу. ~ Осындай жамандардың зәбірі өткенде, бұл кешегі жақсы күндерін еске алатын: иә, ол күндердің несін айтасың! Ол күндерде бұнымен ақылдасам деп ат ізін құрғатпай ағылып келіп жататын ию-қию кісіден есік алды құр болмайтын… Ә.Нұрп.
ТҰРАҚТЫ ТІРКЕСТЕР
Бұл категорияда сөздікте келтірілген 25 мың фразеологизмнің ішінен пайдаланушы іздегендері ретімен көрсетіліп отырады.
АТ ТҰМСЫҒЫН ТІРЕДІ
Межелі жерге жетіп тоқтады, атын тізгіндеді. ~ Бүгін аспандағы күн қандай қызса, Қарақоға көлінің басы да сондай қызды: лек-лек атты, топ-топ арба көлдің о жағынан да, бұ жағынан да андағайлап келіп, он шақты үйдің орта шеніндегі қоңыр төбел үйге кеп ат тұмсығын тіреп жатты. Б.Майл. ~ Бұлардың сәлемқұмар жұрт екенін білуші еді, бірақ тұтқын сөз — тұзсыз дә쬬: он аттылы ат тұмсығын тірердей боп түйіліп келгенше сәлемге құлқы шаппай-ақ қойды. А.Сүл.
АТ ТҰЯҒЫ ЖЕТЕР ЖЕР
Атпен жетуге болатын қашықтық. ~ Сол бетімен әлі келеді. Талай елді бағындырды. Ат тұяғы жетер жерде бұның қол астына қарамаған жалғыз-ақ ел бар. Қара құмырсқадай қаптаған немелер көптігіне сене ме, өзгелердей айбына қоймайды. Ә.Кек. ~ Ол — беріде Азиядағы, арыда — ат тұяғы жететін жердегі, жинақтап айтсақ — бүкіл әлемдегі бүгінгі тарихи космостың үлгісін қазақ және қазақ сияқты көшпенді халықтардың арғы бабалары қалыптастырғандығы. Т.Әс. ~ Дөненінде де ат тұяғы жетер жерді былай қойғанда, машинамен алып барған ауыл, аудан, облыс, тіпті Таластың арғы жағасындағы қырғыздарының ат бәйгелерінің алдын бермеген «Айғыркісі» ауыл ақсақалдардың шешімімен үйірге салынды. Н.Дәу.
~ Ат тұяғы жеткен жердің бәрінде қазақ даласын қанға бояған. Жота жон, сай-сала қылыштың жүзінде, найзаның ұшында кеткен адам денелерінің ашық қабырстандығына айналған-ды. Ғ.Біл.
АТ ОЙНАТТЫ
1. Біреудің алдында ат ойнақтатып, адуындады. ~ Былайғы жұрт: «Әруақтардың төбесіне ат ойнатып бұл қай сұмдық, – десіп жағаларын ұстайды. – Құдайдан қорыққандарын қойған ба, бұлар?» Н.Дәу. ~ Төке, мен күйіп тұрмын. Бәйділда ауылға келіп, шаңырағыма ат ойнатады. Онысы аз болғандай, үйінде жатып, атамды тағы боқтайды. Не істеймін енді? З.Шүк. ~ Қолы сондай қатты еді, балалармен не болса, соған төбелесе кететін тентектігі ат ойнатып шыға келді. Дж. Сэл.
2. Озбырлық қылды; күш көрсетті. ~ Ертеңiнде қайдан жиылғаны белгiсiз, иықтарына сойыл салып, осы жатақтың құрымын шауып алатындай боп, жүздеген қара шоқпар келiптi. Ат ойнатып, Дәркембайдың өзiн сабарман болып, ұстап алған жылқыларын қуып алып кеткен. М.Әу. ~ Барымтаның жөні басқа, есесі кеткен жерде, мейлі ол текежәуміт түрікпен болсын,мейлі көрші ағайынның бірі болсын, — қазақ айырып жатпайды, барады да жылқысын қуады. Бірақ, ауыл үст
АТ ТҰЯҒЫ ТИМЕГЕН
Оты мол, мал аяғы баспаған құнарлы жер туралы. ~ Күні бойы өзен маңында жусап тұрған жылқы ат тұяғы тимеген, оты мол беткейге жете – жерге жабысып, жайылып кетті. Ә.Шәр.
АТ ӨКСІТІП КЕЛДІ
Алыстан ат шаршатып келді. ~ … мынадай ұлы думанды той болып жатқан қарсаңда ат өксітіп алыстан шетелден келіп жатқан силы, құрметті қонақ балаларға сәлемдесіп, амандық сұрасып, Боранқұлдың төрінде шалжиып отыруының жөні келіп-ақ тұр. Ғ.Біл. ~ …барлық жықпылын білетін бұл өңірдегі атаулы жерші Бекбол ғана. Жолынан әдейі бұрылып, ат өксітіп келгенде енді кеп Бекболдың Ожарға шығам дегені Оспанқұлға жақпады, таң қалды. М.Әу.
АТ ТҰЯҒЫН ҚЫЗДЫРДЫ
Атты шабысынан тайдырмау үшін, біраз шаптырып, қыздырып алды. ~ Жортуылшылар зауал ауа атқа қонған. Нұртай жершіл құмға соқтырмай, қайда қатқақ жерді қуалап, жолсызбен тіке салып келеді. Арал теңізінің тұсынан намаздігер әлетінде өтті. Тебіренбестің үстінен түнделетіп асты. Ара-түра ат тұяғын қыздырып жарысып алады. З.Шүк. ~ Ысылдаған Қызылқұм. Күн күйіп тұр. Жігіттер мезгіл-мезгіл ат ауыстырады. Жылқаман бір мезетте көз ілдірмей, суыт тартқан. Аяң шоқырақ, ара-арасында ат тұяғын қыздырып, шауып-шауып алады. Екінші күні адам сыр берді. З.Шүк.
АТ ӨТТІ
Жәй әшейін, салмақ салмай айтыла салған сөз, атүсті пікір туралы. ~ Не істеу керегі белгілі, – апаннан бөлтіріктерді алу
керек. Өз беттерімен олар шықпайды. Апан ішіне кіріп суырып шығару керек оларды. Кім істейді соны? – Мен кірейін, – деді
Қалқаман. Бұл сөзді ол ат өтті емес, шын айтты. С.Мұқ. ~ «Өзің біл, шырағым! – деді Серікбай, оған, – ал, тілім екен я ат
өтті сөзім екен деп ойлама! Мен де, менің мына серіктерім де, шын көңілден айтамыз, жүр біздің елге! С.Мұқ. ~ Тіпті өтірік
дұшпан көзі болса да Бойковқа барып, жазықсыз адамымызды тапа тал түсте ұстап әкетіп, құртып жібергенің қалай? – деп,
ат өтті кінә таққан біреуі болсайшы. Қасболат осыған күйінеді. С.Ом. ~ Бір есептен бұл сөзіңнің де жаны бар, – деді
Сәрсенбай ат өтті ыңғай көрсетіп, – бірақ иемденіп отырған жерін Нұртай өліспей бере ме бізге? C.Ом. ~ Ә, менің жан
алғышым келген екен ғой. Менен немене ат өтті
АТ ТҰЯҒЫН ОЙНАТТЫ
Басып-жаншып, әмірін жүргізді. ~ Одан бері де қолға тұрмас құмдай сусып елу жыл өтіпті-ау. Одан бері де ұлы қаһан әлемнің әр түкпірінде ат тұяғын ойнатқан. Р.От.
АТ САБЫЛТТЫ
Әуре қылған әрі-бері жүріс туралы. ~ Осындай мамыражайда кiсi шалқайып төрiнде тыныш жатпас па! Мұның осыншама ат сабылтқаны несi? Жоқ, бұл жай жүрiс емес! Неде болса келсiн! М .Әбд. ~ Р.Бердібай елі үшін еңбек етіп, ұлтын ұлықтау үшін бар ғұмырын сарп еткен тұлға дегенді тағы бір айта кеткім келіп отыр. … Жалпы қазаққа ортақ жұмыстар мен тұлғаларды зерттеу өз алдына, тіпті Балқаштан Балқанға дейінгі түркілерді түгендеуге ат сабылтты. Ә.Әуел. ~ Жол ұзақ жортуылда ат сабылтты,. Оранып күн де батты ақша бұлтты. Ай еркін көк жүзінде көлеңкесіз,. Қайтсін ол хандығыңды, патшалықты?! Х.Ерғ. ~ Тек қашанда болмасын өзінің алтын сағасына қайта таласа оралады. Бұған әріге ат сабылтпай-ақ кеңестік кезеңді еске алсақ та жеткілікті. С.Баяз.

