АТАҒЫ АЛЫСҚА КЕТТІ

Аты, тақ-даңқы бүкіл елге тарап кетті. ~ Асқар ел қатарына ерте қосылып, жастайынан атағы алысқа кетті. Оның әрідегі атағы әшейін серілік байлатын. Т.Әбд. ~ Он алтыншы жылы қазақтар патшаға қарсы көтеріліске шыққанда да, атағы дүрілдеп алысқа кетті. Т.Әбд.

АТАҒЫ АЛЫСҚА КЕТТІ Read More

АТ ШАЛДЫРДЫ

Жол-жөнекей аялдап, атқа да демалыс беру. ~ Рая, жігіттер кеткелі жатыр ғой,-деді Ғабең бізді есік көзіне дейін шығарып салып. — Жастар ғой, бұлардың жол-жөнекей ат шалдыратын жерлері де бар шығар-ау. Қ.Ысқ. ~ Оның дұрыс, мен ауыл адамдарының көзіне түспей-ақ қояйын. Лепсіге баратын жолдағы орыс деревнясында таныс үйлерім бар. Соларға тоқтап ат шалдырып аламын да түн қатып жүріп кетемін. Ә.Шәр.

АТ ШАЛДЫРДЫ Read More

АТ ШАПТЫРЫМ (ШАПТЫРЫМДАЙ)

Өте кең, үлкен, бірталай алыс д.м. қашықтық, кеңдік өлшемі. ~ — Шолпаннан асыра қуып кетіпті, жер болса қалың
қар, оны қуғанда, мен қай жерге дейін шаппақпын?! Кем қойса, Ералыңа қуып жетермін. Сондай ат шаптырым жерге
қалың киіммен қыстыгүні шапқылаудың өзі бір жаза ғой! М.Әу. ~ Жайдары күлкi, емен-жарқын әзiл-оспақпен ию-қию
боп жататын ат шаптырым цехтiң iшiн тек станоктың бiр қалыпты сартылы кернеген. Т.Сәу. ~ Әкімнің қонақ бөлмесі
ат шаптырым кең екен. Содан ба, келген қонақтар кең бөлмеде қадау- қадау шашырап кетіпті. Ә.Асқ. ~ Бүгінде о шеті
мен бұ шеті ат шаптырымдай боп далиып жатқан осы «Кемер шидегі» біздің ағайынды бір суық хабар дүр еткізді.
Қ.Мұх.

АТ ШАПТЫРЫМ (ШАПТЫРЫМДАЙ) Read More

АТ ШЫҒАРЫП, СҮЙЕК СЫНДЫРДЫ

~ Береке-бiрлiктерiң жарасып, жақсы атаның баласы аталған сайын қара жердiң астында жатып мен де бiр аунап түсемiн. Ал, ат шығарып, сүйек сындырсаңдар, ел: «Е, бәсе, әкесi мал соңында салпақтап өткен жаман қойшы едi, одан қайбiр жетiскен бала тусын!» дейдi. Т.Сәу.

АТ ШЫҒАРЫП, СҮЙЕК СЫНДЫРДЫ Read More

АТ ІЗІ СИРЕДІ

Сирек қатынайтын болды, хабарсыз кетті. ~ Әбілқайыр елге оралғалы жан–жақ тып–тыныш. Самарадан үшті–гөйлі хабар жоқ. Ор бойы да – құлақ кескендей. Башқұрт тараптан ат ізі сиреді. Қалмақ беттің де дүрлігіп жатқан ештеңесі естілмейді. Ә.Кек. ~ Оһо, күйеу жігіт, аман-есен бармысың? Ат ізің сиреп кетті ғой, түге, Бастакең атаңның қасынан ұзап шыға алмаған шығарсың? Ғ.Біл.

АТ ІЗІ СИРЕДІ Read More

АТ ІЗІН ҚҰРҒАТПАДЫ

Жиі қатынасып тұрды. ~ Ешкіні малданбайтын ауылдар, Шыңғысты еліктеген болып үй басы аздаған ешкіні Зейнеп үшін өсіреді. Ұрғашы лақ сойып Зейнепке сыбаға әкелушілер ордадан ат ізін құрғатпайды. С.Мұқ. ~ Бірақ ел бойын кернеген ашу мен кек түн асқан сайын тасқындап, молайып келе жатқан, осы соңғы күндерде Қарақолдан ертенді-кеш онда әкеткен кісілері туралы хабар алып, жәрмеңке басындағылар туралы да үзбей, ат ізін құрғатпай біреуден біреу хабарланып, амандық, тыныштықтарын біліп тұрған-ды. М.Әу. ~ Осындай жамандардың зәбірі өткенде, бұл кешегі жақсы күндерін еске алатын: иә, ол күндердің несін айтасың! Ол күндерде бұнымен ақылдасам деп ат ізін құрғатпай ағылып келіп жататын ию-қию кісіден есік алды құр болмайтын… Ә.Нұрп.

АТ ІЗІН ҚҰРҒАТПАДЫ Read More

АТ ІЗІН САЛДЫ

Хабарласты, қатынасты. ~ Солардың бір де біреуі, кеше Шыңғыстың басына күн туып, ордасын Керей, Уақтың қалың қолы шаппақ болып қамап алғанда, жауына қарсы сойыл соғысу түгіл ат ізін салуға да жараған жоқ. Енді оларды Шыңғыс қалай көрмек? С.Мұқ. ~ Шеберхана маңына онша көп ат ізін сала бермейтін әйелінің мына мінезіне таңданған Бағдан жұмысына қайта кірісті. C.Шай. ~ Осы жақын жердегі түйелі, жылқылы ауылдардан шұбат, қымыз ішеміз деп Әли бастаған бес-алты жігіт ат ізін салған-ды. Б.Тоғ.

АТ ІЗІН САЛДЫ Read More

АТ ІЗІН САЛМАДЫ

Араласпады, көрінбей кетті, көптен кіріп-шықпады да. ~ Мырза мен Өтеу іргеде отырса да кемпір-шалға ат — ізін сала бермейді. Қ.Ысқ. ~ Ұрлығы шығып, айдағалы ат ізін салған кім бар екен ол үйге. Қ.Шаб. ~ Ол туыстарына екі- үш жылдан бері ат ізін салған жоқ- ты. З.Шүк. ~ Алты ай қыс айдалада қыстауға айдап тастап, жаз бойы ит арқасы қияндағы жайлауға машинамен апарып төгіп тастап, қайтып ат ізін салмайтын малшы дейтұғын жұрағаттың итке бергісіз өмірін кім ойлапты?! Қ.Ысқ.

АТ ІЗІН САЛМАДЫ Read More

АТА БАЛАСЫ

Ел ішінде абыройлы, беделді, жолы үлкен кісінің мұрагері. ~ Ел ішінде аталы ауылдың баласы биылғы жылы партия басы
болып, елінде атқа мінген жігіт. Өзі пәлендей батыр, өнерлі, өрелі жігіт болмаса да, «ата баласы ғой» деп атасының
«аруағын» сыйлап, ел осыны болыс қойған: аузы қисық болса да байдың ұлы сөйлесіннің кері болған. М.Әу. ~ Исеке,
сіз ел арасының сөзіне кіріспейтін кәсіп адамысыз. Мына Кешу атаңның тентегі жалына қол тигізбей тұр ғой. Анада екі
жақтың сөзін ұстаған Смайыл би басында соншалық, әділдік айтатын ата баласы болып кіріскен еді. C.Бег.

АТА БАЛАСЫ Read More