Бір нәрсенің байыбына бармай жатып, қорытынды шығаруға асықпа д.м. ~ Сенің Мұрдаң – бір қу түлкі. Бұл ақылы үшін мен өзі өлгенше жек көрдім. Асатпай жатып, сен де құлдық демей тұра тұр, – деді. Ж.Айм. ~ Қазір жүрегімде қан қайнай бастады. Көңілім алып-ұшып бір жаққа кететін тәрізді. Тәубе, тәубе… Асатпай жатып құлдық демейінші». В.Шук. ~ Асатпай жатып құлдық деген адамша, даусы аршылмаса да, осынша елпектеп монтансуы қайлай деп ойлаған. Д.Дос. ~ Оқыса әсерін де айтар. Жас қыз, сөз жоқ, асатпай жатып құлдық демейді — қысылады, тәжірибесіз. Ол үшін оңашалық керек. М.Қаб. ~ Ойнап айтам, қызым. Егер қаласаң Ақанға бергіземін, әкең бүгін көнбесе, ертең көнгіземін. Бүгін, енді асатпай жатып құлдық деп, айтар-айтпаста қолқ ете қалмайды ғой, әрине. Оп-оңай келісіп, бағаңды түсірмес. С.Жүн.
ТҰРАҚТЫ ТІРКЕСТЕР
Бұл категорияда сөздікте келтірілген 25 мың фразеологизмнің ішінен пайдаланушы іздегендері ретімен көрсетіліп отырады.
АСАУ ЖҮРЕК
Сезімге берілгіш, қызба, албырт көңіл. ~ Жоқ, асау жүрек талай өртенген, арада еткен жиырма жыл енді маған жиырма күндей көрінген жоқ. І.Ес. ~ «Мені еркелетіңдер — Тым азып кеттім. Жаутаңдап қалған жетімдей Құлазып кеттім. Асау жүрек те бұл шақта Басылып қалды. Арман жұлдыздар моншақтай Шашылып қалды. Ф.Оң.
АСАУ НӘПСІ
Ырыққа көнбейтін құмарлық. ~ Байқаған адамға мешіттің үсті мен асты, созылып намаз оқып тұрған адамның асау нәпсін тыюға әлі келмей, қырдың қорқауындай жан шошырлық ащы дауыстап, ақырып жібергені іспетті көрінер еді. Ж.Айм.
АСАУ ӨЗЕН (СУ)
Ағысы қатты, атқылай аққан өзен. ~ Асқар таудан бұйра толқынданып, дүркірей аққан асау өзеннің күмістей таза суын қызықтап тұрды. Ә.Шәр. ~ Сол жағын басына көз жеткісіз көкпең-көк қия тас, оң жағын арыстандай тулаған Самардың асау суы. Ж.Айм.
АРЫСТАНДАЙ АҚЫРЫП, АТАНДАЙ ШАҚЫРДЫ (БУРАДАЙ ЗІРКІЛДЕДІ)
Айбат шегіп, зілденіп, қаһарын төгіп, жауын сескендірді. ~ Орта буын да бұл сырқатқа ұшырай бастаған. Басы мыжылып қалған біздің тұстастар арыстандай ақырып, атандай шақыра алатын емес. Тоқырау заманы өтіп кетті деп жүрсек, рухани тоқырау енді-енді басталған секілді. М.Қаб. ~ Мұның негізгі мағынасы «бүркіт тұғырдан түсті», «бүркіт тұғырда отыра алмайтын дәрежеде», «қажыды», «қартайды» дегенді ұқтырады да, адамға қаратып айтқанда, «тақтан түсті», «мансабы кішірейді», «бұрынғы арыстандай ақырып, бурадай зіркілдейтін күні өтті» деген ұғымда. Ж.Баб.
АРЫСТАННЫҢ АУЗЫНАН, ТҮРІКПЕННІҢ ТӨРІНЕН
Қауіп-қатерге мән бермей, басын бәске тігіп д.м. ~ Тегін жатқан кен бар ма? Анау темір шелектермен «арыстанның аузынан, түркпеннің төрінен алып» тұр ғой. Ғ.Мұст.
АРЫСТАННЫҢ БАСЫНА АЛБАСТЫ ШЫҚТЫ
Жақсыдан жаман озды, әлдіні әлсіз биледі. ~ Тырнақтай қабілеті жоқ әлдекімдер таудай талант иелеріне уағыз айтты, не жақсы, не жаманды үйретті, арыстанның басына албасты шықты. Р.Нұр.
АРЫНА ҚЫЛАУ ТҮСІРДІ
Ар-ұятын таза сақтай алмады, абыройсыз іске барды. ~ Түнді- түнге ұластырып, күнді- күнге қосып, сарыла күткенім рас. Арыңа қылау түсіріп, көзіңе шөп салсам ертеңгі таңды көрмей өтейін, Наурыз… М.Сүн.
АРЫСТАННЫҢ ҚАНШЫҒЫНДАЙ ШАБЫНДЫ
Ашуға мініп, зіркілдеді, зәрін төкті. ~ Одан ары не болатыны белгілі: мына хабарды естігенде, алпыс үштегі жесір патшайым қаһарына мініп, арыстанның қаншығындай шабынды. Қ.Жұм.
АРЫНА МІН КӨРДІ
Ұятқа балады, намыс тұтты. ~ Шоқанның байқауынша, қақырығына қан араласа түскен Күнтай үзіліп кетудің аз-ақ алдында. Соны естіген Шоқан, ақ сүтін еміп анасындай болған, көп күтуін көрген Күнтайға соқпай кетуді, бала да болса адамдық арына мін көрді. С.Мұқ.
