Жұрт алдында міні жоқ, арын таза ұстайтын адам туралы. ~ Артынан сөз ермеген, соңынан сүйреткен әлгі элемент атты шуы да жоқ, арақ ішпейтін, темекі тартпайтын, карта ойнамайтын алтындай бала еді… Қ.Ысқ.
ТҰРАҚТЫ ТІРКЕСТЕР
Бұл категорияда сөздікте келтірілген 25 мың фразеологизмнің ішінен пайдаланушы іздегендері ретімен көрсетіліп отырады.
АРШЫҒАН ЖҰМЫРТҚАДАЙ
Кіршіксіз ақ; аппақ, балғын. ~ «Оңаша үйге қамалған әйелдер қандай екен?» – деп сығалап жүргенде, бір жас өспірім қыз көзіне ерекше шалынады: биік, талдырмаш бойлы, аршыған жұмыртқадай аппақ өңді, үлкен қара көзді, ортасы көтеріңкілеу қыр мұрынды … С.Мұқ. ~ … ақ беті таза қолмен аршыған жұмыртқадай кіршіксіз, жасы он сегізге келген талдырмаш қыз мені қоршап тұрған өзге қыздардың арасын қақ жарып етіп, қасыма жақындай берді. Ә.Нұрш. ~ Қыз: сұңғақ бойлы, талдырмаш, қанаттанып жетпеген қаздың балапанындай сары шашты, кескіні аршыған жұмыртқадай аппақ; көзі тұнық, қара; қылдырықтай қиылған қасы бар, садақтың оғындай тізіліп қайқайған ұзын кірпігі бар. С.Мұқ. ~ Қараңызшы: қасын қараңызшы, бестен туған айдай имиіп, жіп-жіңішке боп қиылуын. Көзін қарашы, көзі ақ ботаның мөлдіреген көзіндей тұнып, сиқырлап отты жағуын. Беті де аппақ, аршыған жұмыртқадай. Ғ.Сл. ~ Мектепке барған ұлы, аршы
АРТЫНАН ТҰЯҚ ЕРМЕДІ
Малдан қол үзді. ~ Артынан тұяқ ермеді деп, кемпірімен шәй ішкенде бір күрсініп қойғаны болмаса, анау-мынауды ойлап қайғыра бермейтін. Әлі ширақ, бар шаруаны дөңгелетіп отыр. А.Олж.
АРТЫҢНАН АЙ, АЛДЫҢНАН КҮН ТУҒАЙ
Жолың болсын д.м. тілек. ~ Ұзақ жүрістің, алыс жолдың, ой-қырдың соқтырмасына шаршап-шалдықпайтын жолаушының аты. Мә, қамшы. Ал, жолың болсын, жолдасың қыдыр болсын, балам. Артыңнан ай, алдыңнан күн туғай. О.Бөк.
АРУАҒЫ АСТЫ
Үстем болды, жеңіп кетті. ~ Қобландыдай батырдың Аруағы асады. Қобландының айбаты Арыстанға ұсады. «Қ.Қ.Қоб.» ~ Қапыда қалған батырды Бақының өзін аттан құлатты… Қызданай сұлуды артына өңгерді. Аруағы асты. Қуаты тасты… А.Өт. ~ Өзінен аруағы асып бара жатқан соң осы бір тоң мойын жігіттің төбесіне төнген қылыш астында қалтырап, әке-көкелеп жалынғанын көргісі кеп барып еді… Ә.Нұрп.
АРУАҒЫ КӨТЕРІЛДІ
Рухтанды, айбатына мінді. ~ Әсіресе, осының бәрін қолға түсіріп алған Теріс таңбаның аруағы көтерілді. Ғ.Мүс.
АРУАҒЫ ТАСЫДЫ
~ Әкелері Ескелді бай ерте өліп, мыңғырған мал, абдыра-абдыра алтын, күміс қалды. Ердің аруағын тасытатын тағы бір ұлы қазына – өнер, жомарт Құдай оны да осы екеуінен аямапты. Екеуі аттан ат таңдады, жүйрік тазы, алғыр қыран, ойхой, дүние-ай десеңші, солай күркіреп жүріп жатты. Ж.Нәж.
АРУАҒЫ ҰСТАДЫ
~ Тұлпар аруағы ұстағандай құлағын қайшылап, жалы күдірейіп шыға келеді. Ә.Кек.
АРУАҒЫ ҰШТЫ
~ Қыран бүркіттің түрпілі саусақтарындай, күшті темірдей жұдырықтарын түйіп, кәрін тігіп, кіжініп: — А-а!.. Қандай қылайын! — деп төніп келсе, жөпшенді кісінің аруағы ұшып кететіндей азамат. Хамит салт атты. Үстінде мұздай қазақша киім. Басында қоңыр елтірі тымақ. Аты сұлы жеп жүрген, мейіздей қатқан, сұлу Құбақан ат. С.Сей.
АРУАҚ АТТЫ
Қарғысқа ұшырады. ~ Қайғырушы болмады. Бәрі де Дүйсенбай марқұмның аруағы атты деп шешкен. М.Мағ.
