АНЫҚ-ҚАНЫҒЫНА ЖЕТТІ

Әлдебір мәселені тәптіштеп зерттеді; ақ-қарасын айырды. ~ Азамат Тасболатов, философияны қоя тұрыңыз. Әзірше бөлмеңізге бара беріңіз, ертең анық- қанығына жетерміз. Ал сенімен басқаша сөйлесеміз, – деді әйелге. О.Бөк. ~ Соны бір білсе мен білер едім ғой. Ал мен осыны білу үшін‚ анық- қанығына жету үшін- ақ депутат болғым келеді. Қ.Түм.

АНЫҚ-ҚАНЫҒЫНА ЖЕТТІ Read More

АНАДАН ТУҒАНДАЙ

Тырдай жалаңаш. ~ Әйел орнынан түрегеледі… Қадырбек сасып қалады. Әйел анадан туғандай жалаңаш екен. Тек қап-қара, қою шашы ғана аш беліне түседі. Әйел екі қолымен төсін басып тұрып, қайтадан отырады. С.Сей. ~ Аппақ омырау жап-жалаңаш. Төсіндегі қос анардың саусақтың ұшындай қоңыр істігі шыбыш ешкінің үрпіндей.. Бір кез… белдемшесі сусып аяқ астына сұлады. Келіншек ләм демейді, бірақ тісі-тісіне тимей сақылдаған бойы әлгі бір анадан туғандай қалпында үнсіз келісім танытып шалқалай берді. С.См. ~ Мақпыр да тырдай, анадан туғандай жалаңаш. Шамасы ол да елсіз жерді іздеп келген ғой деймін. Б.Қыд.

АНАДАН ТУҒАНДАЙ Read More

АЛЫСТАН АТ САБЫЛТЫП КЕЛДІ

Әуре болып алыстан жетті. ~ Алыстан ат аямай келгенімде, Ей, Мақпал, қырындамай бермен қара. …Алыстан ат сабылтып келдім іздеп, Бір көріп қайтайын деп, Мақпал сені. Ақан Сері. ~ «Аукционға қатысқалы жүрсеңіз, жаман емессіз ғой, жезде», — деді балдызы тәлпіш-тотайланып. «Алыстан ат сабылтып келіп, қолымды бос сермеп қайтам ба, қайдам», — деді жездесі. М.Байғ. ~ Біреуге елпілдеп тұрмақ түгілі, алыстан ат сабылтып әдейі іздеп келгендердің өзін кейде қабылдамай, көп зарықтыратын хазірет тұйыққа тірелді. С.Жүн.

АЛЫСТАН АТ САБЫЛТЫП КЕЛДІ Read More

АНАНЫҢ (АНА) СҮТІН АҚТАДЫ

Әке-шешесінің, елінің сенімінен шықты, азамат болды. ~ Жарадың, құлыным! Атаның күшiн, ананың сүтiн ақтады деген осы. Бiз iстеуге тиiстi, бiзден iлгерiндi-кейiнгi ұрпақ атқаруға тиiстi ұлы ерлiктi сен жасадың. Т.Сәу. ~ Ана сүтін ақтамағанды ешкім мақтамайды. М.- М.

АНАНЫҢ (АНА) СҮТІН АҚТАДЫ Read More

АЛЫСТАН ОРАҒЫТТЫ

1. Ізден адастыру үшін алыстан айналып, жанамалап жүрді. ~ Досмағанбетпен көпке дейін бетпе-бет келмей, жанай өтіп, алыстан орағытып жүрді. Енді көктемгі егіс басталғалы тұрған соң оның жөні болмай қалды. Н.Дәу. ~ Өздері де, аттары да ашыққан жігіттер осы «Қаршығалы» орманының ішінде шетірек отыратын құдандалы тілдесінің үйіне қарай бет алды. Із тастап, алыстан орағытып келді. Ғ.Мүс. ~ Осы кезде бағана дөң асып кеткен тракторлар алыстан орағытып, ана қапталмен қайта оралып келе жатыр еді. Қ.Жұм.
2. Айтар сөзін алыстан бастады, жанамалай, тұспалдай сөйледі, тоқ етерін айтпай, әр-нәрсенің басын шатты. ~ Шал ұзақ сөйледі. Алыстан орағытып, әңгіме желісін әріден бастады. С.См. ~ Осы сөзің еді күткенім, Исеке,— деп Бақан ырзалығын сездіре күлімдей қарады. Әлі сол тоқ етерін айта алмай, алыстан орғытумен әбден шатасқанына өзі іштей ренішті; Исахметтің жақтырмай кіржиіп, сөзін бөлгені де ая

АЛЫСТАН ОРАҒЫТТЫ Read More

АНАНЫҢ АЯЛЫ АЛАҚАНЫНДАЙ

Жұмсақ, мейірлі, қамқор. ~ Осындай қиын күндерде табиғат қана оны туған бауырындай мәпелейді — ол суретшіні уатады, ананың аялы алақанындай, жұмсақ желімен маңдайынан сипайды. К.Паус. ~ Ананың аялы алақанындай жүректерге жылулық ұялатып көктемнің алғашқы мерекесі – 8 наурыз – Халықаралық əйелдер күні де келіп жетті. БАҚ.

АНАНЫҢ АЯЛЫ АЛАҚАНЫНДАЙ Read More

АЛЫСТАН СЫЙЛАСТЫ

Жақын араласпай, сырттай тілектес болып қала берді. ~ Жігіт тоқтады. Сөзін үзген қыз да аялдады. Бір қырындаған Елтай: — Пәтерді тезірек алыңыз, тілектеспін, — деді солғындау ғана. — Дұрыс айтасыз, алыстан сыйласқан жөн. М.Қаб. ~ Түсінікті. Демек, Мамырбек мұның Төртуыл ішінде біржола орнығып қалуын қалайды екен. Бір– біріміздің жолымызды кесіп өтпей, алыстан сыйласайық. Жырақта жүрсең — досыңмын, жақынға келсең — қасыңмын дегені ғой бұл. Қ.Жұм.

АЛЫСТАН СЫЙЛАСТЫ Read More

АНАҢНЫҢ (ЕНЕҢНІҢ) АҚ СҮТІ ҰРСЫН!

Ана сүтін ақтамаған оңбаған жанға айтылатын қарғыс. ~ Егер антымды бұзып қос бауырыма бірінші боп қастық етсем, мына тұрған асыл анам Жаған бикенің ақ сүті ұрсын! І.Ес. ~ Сыйың, жетті. Күттің. Өзің осындай сыйға жолық! Сен менен тумаған екенсің. Ниетің қарайған екен. Өзім аш жүріп, сені тоқ қылған күндерім, жетілген соң есіңнен шыққан екен! Көзіңнен шықсын, ниетіңнен тап! Енеңнің ақ сүті ұрсын! Жүр қатын, елде өлейік. Сағынған жүрек адыра қалсын, бекер сағынған! С.Мұқ.

АНАҢНЫҢ (ЕНЕҢНІҢ) АҚ СҮТІ ҰРСЫН! Read More