АЛТЫН ҚАЗЫҒЫН ҚАДАДЫ

~ Жиырмасыншы–отызыншы жылдарда әдебиетіміздің, оның ішінде поэзияның алтын қазығын қадаған, поэзияның ұлттық туын көтерген ақын–жазушылардың репрессияға ұшырауы, әлбетте, әдебиетімізге кері әсерін тигізбей қойған жоқ. Ш.Сар.

АЛТЫН ҚАЗЫҒЫН ҚАДАДЫ Read More

АЛТЫН ҚАЗЫҚ

Қамқор қолдаушы, жанашыр, мықты тірек. ~ Аллаға тілім
жазықты: «Аты арыса, қарны ашса, Қылсын деген азықты»
— Қыз Құртқа қағып кетіпті Кез бойы алтын қазықты. А.Бай.
(«Қобыланды б.») ~ Осы желінің алтын қазығы болған Мұхаңа
(Әуезовке) келер болсақ, бүкіл ХХ ғасырдың қазақ әдебиетін
сәулесіне ораған, сәлиқалы тұлғасы бірден көзге ұрады.
Ж.Шәк. ~ Тыныш өмір бастаған ел-жұртыңнан екеуміз бірдей
кетсек, тағы да шырқы бұзылмасына кім кепіл. Мен үшін сен
дөңге қаққан алтын қазықсың, арқандаулы аттай айналып
келіп өзіңді табамын. А.Сей. ~ Күллі төре тұқымы соның
төңірегіне жиналып, ол Кеңесары әулетінің алтын қазығына
айналды. C.Ақт.

АЛТЫН ҚАЗЫҚ Read More

АЛТЫН МЕН КҮМІСТІҢ НАҚЫСЫНДАЙ

Айқын бедер, айрықша әдемі өрнек тәрізді. ~ Дауысымның көтерілер шықса тері, Болжаған жер шаршысын майталманмын, Жасымнан маған мағлұм қыз не дері. Алтын менен күмістің нақысындай, Міні жоқ, бізден шығар сөз бедері. «Біржан-Сара».

АЛТЫН МЕН КҮМІСТІҢ НАҚЫСЫНДАЙ Read More

АЛТЫ ҚАБАТ АСПАННЫҢ АР ЖАҒЫНДА

~ Сұлу: «Мен алты қабат аспанның ар жағында перінін, патшаның қызымын, есімім «Бәдиғұлжамал», — деп, жоқ болған. С.Сей. ~ Ертеде таңертең ерте намазға мешітке бара жатқан бір кісі, мешіттің иығынан самұрық құсты көреді. Екі аяғынан ұстай алғанда құс оны аспанға алып кетеді. Алты қабат аспанның аржағындағы бөтен елге алып барады. Ж.Шәк. ~ – Е, қарағым, ол ұзақ әңгіме. Пері алты қабат аспанның аржағында тұратын Алланың құлдары. Жер бетінде де жаз жайлау, қыс қыстау дегендей мекені болады. Ж.Шәк.

АЛТЫ ҚАБАТ АСПАННЫҢ АР ЖАҒЫНДА Read More

АЛТЫН БЕСІК

1. Кіндік қаны тамған туған жер, өскен орта. ~ Көкшетау – көк күмбездей төңкерілген, Орманмен сексен көлі көмкерілген. Аралы мұхит-түздің – алтын бесік, Ауысқан ертегіге ертегіден. Т.Әл. ~ Ел іші әлі де берекесінен айрылмаған алтын бесік күйінде екен … О.Бөк.
2. Ерекше тектілік белгісі. ~ Әбілқайыр үшін ел — өзі сияқты сұлтандар емес қалың қарашы. Өзінен гөрі жөргегі жібек, түбегі күміс алтын бесіктерден өрбіген өрелі тұқым бұл қанша елпектегенмен бәрібір көкірегінен қос аяқтап теуіп жолата қоймас. Ә.Кек.

АЛТЫН БЕСІК Read More

АЛТЫ ҚАНАТ АҚ ҮЙ (ОТАУ)

Сәнді, салтанатты киіз үй. ~ Сәскелікте көтерілген күн сәулесі алты қанат ақ үйдің жарым-жартылай ашып қойған түндігінен мол түсіп тұр. С.Ом. ~ Болыстың ауылы қатар біткен екі әдемі көлдің жағасында, ауыл көкорай шалғынның үстінде. Біз отырған үй алты қанат ақ отау, іші таза. Жасаулы емес, бірақ төсеніштер жақсы. Кереге-уықтары сырлы… С.Сей. ~ Үшінші күні кешке бұлар Ұлытаудың солтүстік бір жасыл қойнауында отырған аппақ шағаладай алты қанат ақ үйге тап болды. Ә.Тар.

АЛТЫ ҚАНАТ АҚ ҮЙ (ОТАУ) Read More

АЛТЫН БОСАҒА

Туған үй, өскен орта; кім-кімнің де ер жеткен, бой жеткен шаңырағы. ~ Шəмшиді шырғалаған қыз-келіншек үлкен үйдің ығында үйме-жүйме боп тұрғанда, желеңдеген жеңгелері күйеуді ертіп, үйдің оң жағын орап, «алтын босағасын» аттатты. Ж.Айм. ~ Осылай жұптасып, зайыптылық өмірдін алтын босағасы — достық пен махаббатты берік ұстаған берекелі семьяны ғана көрші ұнатады, коғам құптайды. Ә.Нұрш. ~ Іргелес, қоныстас отырып-ақ бір-біріне араласып әр елдің алтын босағасынан табалдырық аттап өте берсе-ақ, әлгі сары аурудай сары бас жыландар кез келгеннің алдынан ысылдап шығады. С.Жүн.

АЛТЫН БОСАҒА Read More

АЛТЫ ҚЫРДАН АРЫ АСТЫ

Тым алысқа кетіп қалды. ~ Қазекем көзге жәй көрінгенімен, сөзге бай. Бір сөзді жерге түсірмей қағып алып, қақпақылға салып құбылтып, құлпыртып ала жөнелгенде тақымына көкпар басқан шандоз шабандоздай алты қырдан ары асып бір-ақ тоқтайды. И.Сап.

АЛТЫ ҚЫРДАН АРЫ АСТЫ Read More

АЛТЫН ДЕГЕНІ МЫС ШЫҚТЫ, КҮМІС ДЕГЕНІ ЖЕЗ ШЫҚТЫ

Үміті ақталмады, алданды. ~ Қозеке, мен Сырымға құда болып едім даңқымен, араласып, сыйласуға халқымен. Бес жиырма мал бердім, бұрынғы ата-бабаның салтымен. Қалы кілем қара нарға жауап бердім, арғымақ жылқының асылын тауып бердім. Алтын дегенім мыс шығып, күміс дегенім жез шығып, сондықтан малымды іздеп келген талапкермін. «Шешендік с.»

АЛТЫН ДЕГЕНІ МЫС ШЫҚТЫ, КҮМІС ДЕГЕНІ ЖЕЗ ШЫҚТЫ Read More

АЛТЫ ҚЫРДАН АСЫРДЫ (АСТЫ)

Алыстан (алысқа) жеткен қуатты дауыс, әсерлі ән, күй туралы. ~ Ендеше дауысыңды болсын тыңдар Сай-сала, орман-тоғай, қарлы шыңдар. Жиналсын айналаға қыз-бозбала, Асырып алты қырдан ән шырқаңдар! Б.Тоғ. ~ Ойы ыласқа ойнат нәубат-жасыңды. Жындай өріп жансыз гүлтәж ленталы, Күй күйігін алты қырдан асырды – Көтер, ақын, көтер, ақын, басыңды! Иран-Ғ. ~ Жаңағы бір кезде салған әнің алты қырдан асып барып біздің ауылға да жеткен еді, бір ауыз айттың да қоя қойдың бұл қалай? Еліңді осынша зарықтыру өзіне лайық па? Ә.Әб.

АЛТЫ ҚЫРДАН АСЫРДЫ (АСТЫ) Read More