АЖАЛЫНАН БҰРЫН ӨЛДІ (КЕТТІ)

Мезгілсіз опат болды. ~ – Мына сорлы қайтеді, әй? Ажалынан бұрын өлер. Әй! Әй, тоқта! Ә.Нұрп. ~ ─Тек тісіңнен шығара
көрме. Елге тарап кетсе, Нұралы байғұс ажалынан бұрын өлетін болды… Т.Әбд. ~ — Е, аман болсын да! — дей салды Асекең
де. — Әйтеуір ажалынан бұрын өлтірмесеңдер бопты да! Қ.Ысқ. ~ Мені десең… Мына қарығы ашылмаған өлмелі шешең
ажалынан бұрын кетпесін десең жібер мына жау алғырды. Жүгенін сыпыр да жібер… Шыққан ақшаң садақа болсын… Жібер
тез!… — деді де булығып одан ары сөйлей алмай қалды. Қ.Мүб.

АЖАЛЫНАН БҰРЫН ӨЛДІ (КЕТТІ) Read More

АЖАЛЫНАН ҮШ КҮН БҰРЫН ӨЛДІ

Әлдебір төтенше жағдайдан мезгілсіз көз жұмды. ~ Әй, осылар-ақ таусып бiттi, онысыз да арса-арсасы шыққан шешелерiн ажалынан үш күн бұрын өлтiретiн болды. Ә.Ыб. ~ Жас Бейтс бұл жауаптан да күлдіргі бірдеңе тапса керек, қайтадан ішегі түйілгенше қарқылдаған. Тек ішіп отырған кофесі тыныс жолына кетіп қалып, осы күлкіден өзі ажалынан үш күн бұрын мүрдем кете жаздады. Ч.Дик.

АЖАЛЫНАН ҮШ КҮН БҰРЫН ӨЛДІ Read More

АЖАР БЕРДІ (ҚОСТЫ)

Өңін кіргізіп, жайнатып жіберді. ~ Шынында, «тоңдым», «оңдымдарыңа» еркек ақын болып қайратты ажар берген Кәкітай! — деп Абай әзіл етті. М.Әу. ~ … астанаға ажар беретін ондай әсем сарайларды Үлкен Кісі бастаған үкімет комиссиясы қабылдағандықтан бұл өзі республика өміріндегі елеулі оқиға боп есептеледі екен… Ә.Нұрп. ~ Мұң кіреукелеп тұңғиық тартқан көкшіл көзі тұнжырап, ақ сары сұлу жүзіне одан сайын ажар қосып тұр. Т.Сәу.

АЖАР БЕРДІ (ҚОСТЫ) Read More

АЖАР БІЛДІРДІ (БІЛІНДІ)

Бет құбылысымен сыңайын білдірді; ойын сездірді. ~ Бірталай уақыт үй іші үнсіз болды. Абай қымызын ішіп болып, рақмет айтып, енді жүргісі келгендей ажар білдіргенде ғана Байдалы ырғала түсіп, сөйлей жөнелді. М.Әу. ~ — Кiм де болса, көзi жоқ ердiң бiрi болды! — деседi. Отырғандар патшаны өлiмге қимаған ажар бiлдiрмейдi. М.Әу. ~ Ағы мен қарасы ап-айқын өткір көздерінде Абайға қарап, күлегеш құрбылары туралы шағым айтқан, көмек тілеген ажар білінеді. Абай бұны қостай сөйледі. М.Әу. ~ Ұзын, қоңыр сақалына араласқан күміс ренді ақ талдар ғана айқын көрінеді. Бірақ нұрлы, жылтыр жүзінде өлі кәрілікке жеңгізген, жасыған ажар білінбейді. М.Ә

АЖАР БІЛДІРДІ (БІЛІНДІ) Read More

АЖАР КЕТТІ

Сәнінен айрылды,жүзі солғын тартты. ~ Лашын ем құйқылжыған, дерт күйзелтті, Айрылдым асық жардан күн сәулетті. Семген гүл, өлген бұлбұл қайғысынан Қайырылып қос қанатым, ажар кетті. М.Әу. ~ – И-и-й, күнім — ай, — деді бір кемпір. — Аман болса, әлі-ақ қосылады бастары, балалар кетіп, ауылдан ажар кетті ғой. Қ.Ысқ.

АЖАР КЕТТІ Read More

АЖАР КӨРСЕТТІ

Оң ыңғай білдірді, емеурін танытты. ~ Бұрын талай естіген сөздерін әлі де құмарланып, сүйсініп тыңдаған ажар көрсетеді. М.Әу. ~ Әрине! — деп, әңгiмесiнiң аяғында Михайлов күле түсiп, Абайды санынан қағып, қалжың айтқандай ажар көрсеттi. М.Әу.

АЖАР КӨРСЕТТІ Read More

АЖАР САЛДЫ

Базына айтты, өтінішін білдірді. ~ Нұрқан. Ажар салатын жеңешем, айтқызатын мен. Сенің әлі де олқың бар ма осы? М.Әу. ~ Сол арада тілінің ебін, бетінің ажарын салып, көлігі болдырған солдатқа мінер ат пен сояр малды, киер киімді өздерінің ықтияр еркімен үйір–үйір қып айдап алғызып еді. Ә.Нұрш.

АЖАР САЛДЫ Read More

АЖАЛДЫҢ АУЗЫ (АУЗЫНА ТҮСТІ)

Өлімге апарар қауіп-қатер туралы. ~ Егер Амур өзені болмаса, егер мен Балқаш жағасында өспесем, суда балықтай жүзбесем, не болар едім?! Міне, бұл менің ажал аузынан қалғаным ба, жоқ па? Шамасы, мұндай жағдай тайгадағы талайдың басында болады деп отырсың ғой. Б.Қыд. ~ Ажалдьің аузына түсіп көрсін, онан аман кайтқанын көрейін. Ә. Н.

АЖАЛДЫҢ АУЗЫ (АУЗЫНА ТҮСТІ) Read More

АЖАЛДЫҢ АУЗЫНАН КЕЛДІ (ҚАЛДЫ, ҚАЙТТЫ)

Қанды қырғыннан аман келді д.м. ~ Қоспан қарағым, біз көрмегенді көрдің, тура ажалдың аузынан келіп отырсың. Мына Жаңыл мұңлықтың өлгені тіріліп отыр бүгін. Т.Ахт. ~ Егер Амур өзені болмаса, егер мен Балқаш жағасында өспесем, суда балықтай жүзбесем, не болар едім?! Міне, бұл менің ажал аузынан қалғаным ба, жоқ па? Шамасы, мұндай жағдай тайгадағы талайдың басында болады деп отырсың ғой. Б.Қыд. ~ «Алыстан ажалдың аузынан қайтқан бала ғой деп, емірене еңкейіп, құшағымды жая бергенімде төрде тып-тыныш отырған алпамсадай жігіт алақ-жұлақ етіп атып тұрды. Ә.Нұрш.

АЖАЛДЫҢ АУЗЫНАН КЕЛДІ (ҚАЛДЫ, ҚАЙТТЫ) Read More