Жалпаңдап, асты-үстіне түсіп, қызмет қылды.. ~ Kiші шешeсi Кенжесары оның көзіне көрінбеуге тырысатын, көріне қалса бәйпек қағатын болыпты. Қ.Шаб.
ТҰРАҚТЫ ТІРКЕСТЕР
Бұл категорияда сөздікте келтірілген 25 мың фразеологизмнің ішінен пайдаланушы іздегендері ретімен көрсетіліп отырады.
БӘЙЕК БОЛДЫ
А) Жарамсақтана қызмет көрсетті, жік-жапар болып, асты-үстіне түсті. ~ Зайыбы ұя басқанда, байы жүреді бəйек боп: əлсін-əлсін келгіштеп, жарының жайын білгіштеп. Ж.Айм. ~ … көңіліне кірбең ілінбесін деп кемпір-шал екеуі бірдей қоғадай жапырылып, құрақ ұшты. Кәмиләның қабағын бағып, бәйек болды. Ғ.Біл.
Ә) Ғашық болды, ұнатты. ~ Ол (Мақпал) өзі асқан дарынды, әрі әнші, ақын, әрі шебер болған өнерлі қыз. Сегіз серімен бұл екеуінің біріне-бірі бәйек болуы «Ләйлә мен Мәжнүннің» ғашықтығы сияқты болған. Ә.Марғ. ~ Сегіз сері оларды тегіс аралап, салдық құрып жүреді. Әсіресе Бақтиярдың сұлу қызы Мақпалға бәйек болып, оны жан-тәнімен сүйеді. Ә.Марғ.
БӘЙЕГІ ШЫҚТЫ
Жаны қалмады. ~ Жоқ, әуре болмаңыздар. – Мынандай қонақжайлылыққа Жапардың мүлде бәйегi шықты. Ә.Ыб.
БӘЙГЕНІ ШАППАЙ АЛАДЫ
Өнері, шеберлігі жұрттан озық; жеңетіні о бастан белгілі. ~ Шаппай бермен бәйгені ала ғой деп, Жүрмісің жүйрік емес, шалағай деп? М.Мақ. ~ Әлі-ақ бас бәйгені шаппай алатынын да ішім сезеді. Д.Рам.
БӘЙГЕГЕ ТІККЕН БІР МОЙЫН
Бәріне жауапты бір өзі береді д.м.~ Енді осы азапқа салғанымыз да жетер. «Бәйгеге тіккен бір мойын» дегендей, біздікі бейнетке де, ажалға да көнген бас. Қолмен істегенді мойынмен көтерейік, несіне болса да шыдап, өз еркімізбен қолға түсейік. С.Мұқ.
БӘЙГЕГЕ ҚОСТЫ
Атын бәйгеге қатыстырды, ~ Сол Ақмырза менің бір жүйрік атыма қатты қызықты. Дос көңілін мен де қимай, көктемдегі бір асқа бәйгеге қосып, содан кейін оған бермекші болғам. С.См. ~ Ноғайқұлға құтты болсын айта келіп: – Жаңа заманда болыстың ат алып шыққаны және оны бәйгеге қосқаны қалай? Т.Әл.
БӘЙБІШЕ ЖАЗ
Жаздың соңы, күздің басындағы сәулесі мол күндер. ~ Осы оймен ол Жіңішкенің ішін өрлеген. …Мезгіл — байсал күздің “бәйбіше жазы”… А.Алт. ~ Төңірекке қыркүйектің “бәйбіше жазымен” келген алагеуім түні түсіпті. Көз көрім жер көбең тартқан. А.Алт.
БӘЗ БІРЕУЛЕР
Әлдекімдер. ~ Тексеретін түгі жоқ, кірпіштердің бұрышы шыққан, әп-әдемі. Ержан бәз біреулердей мақтаншақ бала емес. М.Қаб. ~ Соларға көз салсаң, түрлі ой қозғайды, қайсысын қандай тағдыр күтіп тұр екен дейсің. Ұзамай оқуларын да тауысар, ал содан кейін ше? Бәз біреулері күйеуге шығар, бірақ кімге? Дж. Сэл. ~ Біреулер кісі жөнелткенде музыка тартқызып жатады, біреулер жалау жықтырады, ал енді біреулер тарсылдатып аспанға мылтық атып жатады, бәз біреулер гүл шашып, венок қойып жатады… Ш.Айт.
БӘЗ БАЯҒЫДАЙ
Тап сол бұрынғыдай; еш өзгеріссіз. ~ Атына мінді де кеңсе жаққа тартып отырды. Келсе, бәз баяғыдай төрде Мүлкаман әлдебір қағаздарды сапырыстырып отыр, босаға жақта Нағанай шотын шарт-шұрт қағады. Д.Дос. ~ Бұрын қайсысы қолды ертерек созса, соныкі еді. Редакцияда бір қатып сену бар. Машбюро жақтан жеткен берекесіз сартыл ғана бәз-баяғыдай. М.Қаб.
БӘЗ БАЯҒЫ
Сол бұрынғы. * Адам қартайса да, көз қартаймайды екен, жаһұт түстес жанары бәз-баяғы, «Өзің білетін
Виктор Викторовичпін», — деп, сөніп жанады, сөніп жанады. М.Қаб. * Жер үсті танымастай өзгеріпті.
Әуелі баста бөтен ел ме деп еді, жоқ, бәз-баяғы Алатау мен Қаратау, Алтай мен Атырау… М.Қаб.

