Ақталды. ~ Ағамыздың бір есебі болғаны анық. Бәлкім, мынандай аумалы-төкпелі заманда оқу іздеп бара жатқан кедей балаларға көлік бергенін жаны қысылған кез болса, бет жүздік етіп айтар. К.Сег.
ТҰРАҚТЫ ТІРКЕСТЕР
Бұл категорияда сөздікте келтірілген 25 мың фразеологизмнің ішінен пайдаланушы іздегендері ретімен көрсетіліп отырады.
БЕТ ЖҮЗДІК
а) Сәнге киер киім. ~ Сол әңгімеден соң Қуат қасына Құтжанды ертіп, бет жүздік шапандарын киіп, белдерін буып, Ержекең үйіне барған. Олардың неден бастап, неге тоқтағаны жұмбақ, әйтеуір үй іші тойға қамдана бастады. Ү.Жлк. ~ Сыйлы қонақ қызды– қыздымен алдындағы ит терісімен тыстаған қалың табан етігін үйге жеткен соң ескерткішке шешіп тастап кетуге уәде берді. Мұны Зайыбы тағы бір ұл тапқандай қуантып, ол уәдесін орындады да. Айтып– айтпай ол азбас– тозбас сақтиян етік мұның сәнге ғана киер бет жүздігі болып, үйінде әлі тұр. К.Сег.
ә) Сый-сияпат. ~ Шынында да, сенбей-тұғын несі бар? Қыстың көзі қырауда жер түбінен барған елшіліктің ақ патшаға шимай-шимай ала қағаздан басқа алып барған қай бет жүздігі бар?! Ә.Кек.
БЕТ ЖОҚ
Ұяттан ешкімге қарай алар емеспін д.м. ~ Пүліш: … Осы күнге шейін: «Пүліш-ау, ашуыңды әлі басқан жоқсың ба?» — дейді. Менде бет жоқ қой, сондай жылы сөзді есіткенде де жібімеймін… (Ойланып.) Қайтем? Б.Майл. ~ Содан, аяғы қызық бітіп, үйге қайтатын да мезгіл жетті. Енді қатынға қалай қарарға да, не деп барарға да бет жоқ. М.Әу. ~ Тап осы ауқымда қыздың ұзатар тойын да, қалыңдық түсірер тойын да мадақтап өткізер сіздерде де, біздерде де бет жоқ. С.Жүн. ~ Бірінші тілегім мені танымаған қалпыңызда қалыңыз. — Ол тілегіңді өзіңе ғана айт, сені таныдым деуге менде бет жоқ. Ә.Әб.
БЕТ ӘЛПЕТІ
Жүзі, кескін-келбеті, тұрқы. ~ Апырай, әйелдері дәл мынандай өңшең бір жалпақ бет сығыр көз жылтыр қаралардың ішінен өз күйеулерін қалай танып алады екен? Бет әлпеттері башқұрттарға қарағанда да тым бір өңкейлеу. Ә.Кек. ~ Өзі аумаған әкесі болатын. Үлкен ала көзі, қоңқақ мұрны мен иегіне дейін құйып қойғандай–ау, құйып қойғандай. Аяғы алысқа түсіп кеткен күйеуін сағынғанда Кенжекей істеп жатқан шаруасын қоя сап, осы баласының әкесіне қатты ұқсайтын бет әлпетіне телміріп қарап қалады. Ә.Нұрп. ~ Астапыралла! Ауланың бақшаға жалғасатын шетінде тұрмын… Мен. Жоқ, маған бет әлпеті, түр тұрпаты сойып қаптап қойғандай ұқсайтын біреу. Мен – ол екенмін де, ол – мен секілді. Ептеп басып, қасына таядым. Күлімсірей қарайды… менің өзім. Д.Қуат.
БЕТ ЕКІ СӨЙЛЕСТІ
Бетпе-бет, оңаша тілдесті. ~ Сендерді құр қайтарғанымыз Құдайдан да ұят шығар. Әубәкір, Көки, Оқбай, Төре төртеуі өздеріңмен ілесіп барып, Шың Шысаймен бет екі сөйлесіп қайтсын. Ж.Шәк.
БЕТ БҰРЫС ЖАСАДЫ
Жаңа бағытқа көшті, соны жол таңдады. ~ Қазақ әдебиетінде бұл әдеби процесс … Қадыр Мырзалиев есімінің әдебиетке енуі, «Ой-орманы» кітабының жарық көруімен өлшенеді. Бұған дейін, әдебиетімізде Тұманбай Молдағалиевтың сырлы да, назды лирикаларымен бет бұрыс жасалған. Ш.Сар. ~ Екінші тың — қой шаруашылығын жылдам дамытып, қой санын көбейтуге бағытталған үкімет саясатын басшылыққа алған аудан басшылары арқаның -35,-40 градус суығында қойды қыс ішінде қоздатуға бет бұрыс жасайды. АҚ («Тағдыр»).
БЕТ БҰРДЫ
а) Әлдебір игі іске ниеттенді, жаңа жолды таңдады, мақсат тұтты. ~ Менің қорқатыным… оң жақта отырып жат жұртқа бодан болуға бет бұрған қыздардың, көптің үркуі емес. Ол қорқыныш әрі кеткенде, жүрексінуден аспас еді. Менің қорқынышымда үрей бар. С.Жүн. ~ Сенімен күнде тілдесер, күнде мұңдасар, жол көрсетер, қолтығыңнан сүйеп тірек болар, жабыққанда жаныңнан табылар жалғыз дос бар. Ол – Алла. Соған бет бұр. Содан жәрдем тіле. С.Елу. ~ Алда үңірейген қайта шықпас шыңырау. Соны көріп шошып шегінуі мүмкін. Тәубасына келуі мүмкін. Тақуалыққа бет бұруы мүмкін. С.Елу.
ә) Бағыт алды, жүзін аударды. ~ Осы сегiз үй iшiндегi ең бүтiнi және үлкендеуi ортада тұрған жалпақтау, бес қанат үй екен. Соған қарай Абайдан озыңқырап барып бет бұрды. М.Әу.
б) Әлдебір іске бармады, жүрексінді, жүрегі дауаламады. ~ Жабай сыр берсе де, бұндай қауiптен әлi күнге бет бұрып, жалтарып көрмеген, өзi сөзуар, өзi орамды, алғыр Әбдiлда ығысқан жоқ. М.Әу.
в) Теріс қарады, іргесін аулақ салды. ~ Оның үстiне, үй iшiнен, жар-жаранынан, бала-бауырынан бет бұрып, бұғып жату тағы болса, ол қаншалық ұтылыс?» М.Әу.
г ~ Әлдебір жаңа іске аяқ басты. ~ Сен біздің ауылда бұрын-соңды ешкім ата кәсіп ете қоймаған жаңа өнерге бірінші боп бет бұрғандардың бірі едің — Құландар жортқан құба түзге талай-талай соны соқпақты өзің салдың. Ә.Кек.
БЕТ БҮРКЕДІ
Жүзін тұмшалап жауып жүрді. ~ Мен солардан алған үлгімен, сендерді де жаңа заманның жайнаңдаған азамат қыздары болуға шақырам. Бұдан былай бұйытып, бет бүркеп, кимешек-жаулық жамылып жабықпаңдар. Әрине, әдеп те, ізет те керек. Оның өз орны бар, — деп тоқтады. С.Бег. ~ Жылай-жылай бұған да көндігер ме еді, бірақ бі¬рінен бірі асқан сорақылық күн сайын алдынан кес-кестей берді. Бұтқа көлбеңдеген ұзын дамбал, бет бүркеген пәрәнжа кию өз алдына, бірте-бірте кісі санатына қосылудан қалып барады. Көшеге шығу, елмен араласу жоқ. Т.Сәу.
БЕТ БІТКЕННІҢ СҰЛУЫ (АЖАРЛЫСЫ)
Кескін-келбетіне, дидарына көз тоймайтындай әдемі. ~ Бетіне бетімді тигіздім. Аузынан коньяк иісі мүңкиді. Бет біткеннің сұлуы еді‚ сабақ оқудан мектептің алды еді. Жолы болмай оқуға түсе алмады. Қ.Түм. ~ Айтары жоқ… Ғажап екен! Ойпыр- ай, мынау — бет біткеннің сұлуы ғой… Кімнің қызы екен өзі?! — деп таңданысын жасыра алмай қалды. Қ.Жұм. ~ Тіке қарағанда байқадым‚ бет біткеннің сұлуы еді‚ езуінің үстіне ерте ме‚ кеш пе, бір ұзын ұры сызық түсіпті. Қ.Түм. ~ Сұмдық- ай! Абиырын жасыруға да ақылы жетпей тұрған қыз бет біткеннің сұлуы болатын. Т.Рыск. ~ Теріскей ауылдың сұлуы атанған Айнұр қыз расында бет біткеннің ажарлысы. Ш.Құм.
БЕТ БІТІМІ
Келбет-кескіні, жүз тұрпаты. ~ Ажары қуаң тартқан, сәл жүдеулеу көрінді. Үлкен жазық маңдайы мен кесек келбетті бет бітімі, ер тұлғасын танытады. Т.Рыск. ~ Өзінің ортаншы әкесі Оңғарсынның бәйбішесі Жәмилаға өң- шырайы ұқсамағанымен, бет бітімі, көзі шешесінен аумайды екен. «Ой, тауба- ай! Арғы тегіне тартқанын қарашы! » — деп тамсанып қалды әжей оны көрген жерден. Т.Рыск.

