БАУЫР БАСТЫ

а) Жақсы көріп, жақын тартты. ~ Шаруаның сөзінше шөлді жерлерге де төзімді бұл ерекше құс жабайы болғанымен, Түркістанға бауыр басып, тез жерсінген. БАҚ. ~ Ол Асқарға әбден үйір боп алған еді, ұзақты күнге айналып қасынан шықпайды. Асқар да оған бауыр басып кетті. Ә.Әл.
ә) Үйреніп қалды, қимайтын болды. ~ Көк теңіздің төрт тарабын тегіс жайламай, өздерінің өрісіне жақын пұшпағына бауыр басып кеткен. Ү.Жәл. ~ Жұртқа бауыр басып отырып қалған орнын бірден тастап кету оңай емес. Және басты себеп бұл емес. Ә.Әл.

БАУЫР БАСТЫ Read More

БАУЫЗДАУ (БАУЫЗДАР) ҚҰДА

Қызды айттыруға бірінші келген адамды, оған арнап мал сойылатын дәстүрге орай осылай атаған. ~ Осы жолы бауыздау құдасы Уайысты әдейі аңсап келген сияқты. Жүдеп жүрген көңілі семіріп қалды. — Атажұртыңның бір шетін өрт, я дерт шалса, оның жайылмайтын, уламайтын аман жері қалмас. Т.Рыск. ~ Құдағи жағы бар болғанымен, еркек кіндіктіден Алашыбайдан өзге бауыздау құда менде жоқ. Ә.Асқ. ~ Әйтпесе, сiздi айтады, есi кiресiлi-шығасылы, үйiн сатқызып жiберер де Жақыпжанға ерегiсiп, сосын өзi далада қалар… — Қарашы, бауыздар құдаң өстiп айтқанда, өзге ел есекке терiс мiнгiзер мына түрлерiмен. Ш.Құм.

БАУЫЗДАУ (БАУЫЗДАР) ҚҰДА Read More

БАУЫ БЕРІК

Қайратты, қажырлы; рухты. ~ Жәркенің жігіттері: «Елді алдық», деп, есіріп жүр. Қанша сенің бауың берік болатынын кім біледі? Біз әлі қозғалғанымыз жоқ. М.Әу. ~ Құнанбайларды ұра беріп, бұқтыра берсе, әсіресе, жеңе берсе, бұның болыстығының бауы берік боп тұра беретіні айқын. М.Әу.

БАУЫ БЕРІК Read More

БАУРАП АЛДЫ

а) Ырқына көндірді, дегенін істетті. ~ Бұл жолы да қырсығып болмады ажал, баурап алды жас қызды емін-еркін. Қ.Сат.
ә) Өзіне тартты, еліттірді, құшағына алды. ~ Міне, осындай тұста Төлеген Айбергенов лирикалары өзінің қуатты күшімен, кең де алымды қарымымен көпшілікті баурап алды. Ш.Сар. ~ Біздің ауыл жақсы ғой, шіркін! Қандай қонағың келсе де баурап ала қояр табиғаты тамаша. Н.Ораз.

БАУРАП АЛДЫ Read More

БАУДАЙ ТҮСТІ

Қырылып қалды, бәрі бір адамдай әлдебір кеселге тап болды, бірінің үстіне бірі құлады. ~ Әжем сол шөптерді сүтке қайнатып, кейде құр суға салып ас жасайтын. Біз соны жеп қанағат етеміз. Бірде сондай көк сорпаны ішкен соң, бір сағат өтпей жатып шетімізден баудай түсіп құлағанымыз бар. Б.Мом. ~ Бұрыла беріс басқа бұлымнан cap — cap еткен шалғы дауысы, баудай түсіп жатқан атан бел дестелердің сыбдыры естіледі. Ш.Мұрт. ~ Қолындағы семсері сермелген сайын, сан дұшпан баудай түссе, лықсып келген қалың қол жартасқа соғылған толқындай болып орнын басады. А.Сей.

БАУДАЙ ТҮСТІ Read More

БАУДАЙ ТҮСІРДІ

Жайратып салды, оңды-солды алып ұрды, қырып салды.
~ Соғыс заңы солай! Төбенің арғы сауырынан бері қарай бекініске беттеп, қыратқа қаптап шыққан жау тобырын біздің жауынгерлер бар қарудан бірдей атып, баудай түсіреді, жүндей түтеді. З.Қаб. ~ … немесе жүз қараны бір-ақ үркітіп, соңынан түскен қуғыншыны баудай түсіріп кете баратын қажырлы, қайсарлылығына сүйсініп, өзі де атасына тартып «атақты ұры» болғысы келеді. С.Жүн. ~ Анатайдың әкесінің, жан досының әкесінің, осы ауылдың талай үйін азаға бөктіріп, жоқ болған шейіт ерлердің кегін ап, қаптағайлаған қалың фашистерді жусандай жусатып, баудай түсірер еді, шіркін… Автомат жоқ қой! Ш.Айт.

БАУДАЙ ТҮСІРДІ Read More

БАУДАЙ ОТАДЫ

Қанды қырғын жасап, қырып салды. ~ Он алтыншы жыл отады баудай Қазақтың талай отауы кетті… К.Мырз. ~ Ақкөңіл аңғал, аңғал да саңғал Қорғансыз ел ек, баудай отады. Қызылдар қайда, жалған ба сонда Болшевиктердің таудай атағы? К.Мырз.

БАУДАЙ ОТАДЫ Read More

БАУДАЙ (ҰШЫП) ТҮСТІ

Оққа ұшып, бәрі бірдей опат болды; бірі қалмай қырылды.
~ Кемзал ішіндегі еттер шапқыланады, кескіленеді, қорқырау, ащы кісінеу, қылыш сыңғырлау, жігіттер бірінен соң бірі баудай түседі, өлі еттей домалайды; бас сүйектер сақырлап жарылады. Ж.Айм. ~ Лек-легімен төніп келіп, оқ бүркіп өтті. Шәуәлидің алды-артындағылар әр тұстан баудай түсіп құлап жатыр, шыңғырып жатыр. Т.Сәу. ~ Тiптi, дауыл боп соқты да, оның кеудесiнен түйiп жiбердi. Кенжеғұл шалқалай бере баудай ұшып түстi. Қайта көтерiлдi. Р.Рай.

БАУДАЙ (ҰШЫП) ТҮСТІ Read More

БАУДАЙ (ҚЫРҚЫЛДЫ) ҚИЫЛДЫ

Жаппай оққа ұшты, бірінің үстіне бірі құлап, қырылды. ~ Ал аспанда жер қазатын қара күш жетерлік- тін. Әпсәттің арасында бораған оққа ұшып, өзімен бірге өткен жігіттер баудай қырқылды. О.Бөк. ~ Көп неміс қалды жер болып, Желкесі баудай қиылды. Ойнақтап өтіп бір шалып, Жай отындай құйылды. С. Бег.

БАУДАЙ (ҚЫРҚЫЛДЫ) ҚИЫЛДЫ Read More