АЙБАТ ҚАШТЫ

Қаһарынан айрылды, ашуы қайтты. ~ Жаңа ғана бұның қасы мен қабағын бағып, тырп етерге дәрмені болмай отырған момын көп енді күйшіге ентелеп қалыпты. Дудар бөріктің астында ылғи ызғар шаша қарайтын шүңірек көздерден де ашу ыдырап, елітіп отыр. Дүрдиген-дүрдиген сеңсең бөріктерден басқаның бәрі жұмсарыпты, бәрінен де айбат қашыпты. Ә.Кек.

АЙБАТ ҚАШТЫ Read More

АЙ ТАСТАЙ ҚАРАҢҒЫ

Көзге түртсе көргісіз, айсыз, қараңғы түн. ~ Ай тастай қараңғы. Ұзап алғаннан кейін барар бағытымызды түзеп алып, айтулы қаласына қарай жолсыз жермен тартып келеміз. Ә.Әб. ~ Айтуға қорқам. Бір күні түнде сыртқа шықсам, біреу үйдің қабырғасына жабысып тұрғандай көрінді. Ай тастай қараңғы. Ол кезде елде ұрылар да көбейіп кеткен. К.Қаз.

АЙ ТАСТАЙ ҚАРАҢҒЫ Read More

АЙ ТУДЫ

Жаңа ай алғаш көрінді. ~ Апа, әне ай туды! – деді терезеге бетін жапсырып. Бір туған айдың алтын қияғы терезенің шекесіне сұлудың сүрме қасындай іліне қалыпты. Т.Сәу. ~ Көп ұзамай шығыс жиекті бозартып Ай туды. Батыс аспанды сызып, зырқырап жалғыз жұлдыз ақты. Жусан арасында заржақ шегіртке шырылдайды. С.Ел.

АЙ ТУДЫ Read More

АЙ ТҰТЫЛДЫ

Айдың бетіне көлеңке түсті. ~ Аруана әлі де жылап жатыр. «Мейлі маған десең аспанда Ай тұтылып, Күн сөнсін. Бірақ, бір қайғы – Туған жерден алыстау қасіреті қайталанбасын» дейді оның көз жасы. С.Дос. ~ Көрінді ай тұтылып тұрғандай боп, Көрінді бетін жалған бұрғандай боп. «Басыңды, кәне, бәлем, көтерші» деп, Басымнан шой балғамен ұрғандай боп. Ә.Нұрш.

АЙ ТҰТЫЛДЫ Read More

АЙБАР БЕРДІ

Сұс танытты. ~ — һайт! һайт! — деп айбар беріп келеді. Онысы дала тағысы қарсы шауып, айбат жасамасын, бие үстінен
жұлып алмасын деген қоқан лоқы. К.Жүн.

АЙБАР БЕРДІ Read More

АЙБАР МҮЙІЗДІ

Қаһарлы, айбатты, сесті, құдірет-күші мол. ~ Құландай ащы дауыстым, Құлжадай айбар мүйіздім! Қырмызыдай ажарлым, Хиуадай базарлым, Теңіздей терең ақылдым, Тебіренбес ауыр мінездім! М. Өт.

АЙБАР МҮЙІЗДІ Read More

АЙБАР ТАНЫТТЫ

Қорқытты, азу тісін көрсетті. ~ … екінші нота біріншіден гөрі қатаңдау еді: «Егер қазақтар біздің жерімізді өз еркімен босатпайтын болса, онда біз оларға қарсы әскер аттандыруға мәжбүр боламыз» дегендей айбар танытқан. Қ.Жұм.

АЙБАР ТАНЫТТЫ Read More

АЙБАР ШЕКТІ (ЖАСАДЫ, КӨРСЕТТІ, ШАШТЫ)

Сес көрсетті, қорқытып, үркітті. ~ Падиша ашуланып ақырып тұр, Халыққа айбар шегіп батырып тіл. Сөзіне ісі қайшы болса дағы, Көн беті бүлк етпейтін мақұлық бұл. БС. «Кенжекей…» ~ Сауыт та сөздің аяғында бұдан былай тіріміздің жайлауы, өліміздің көрі айырылар деп, көтерілген қалың елді өзіне қайтару үшін келгендердің жүрегін үсітерлік көп айбар шекті. Ғ.Мүс. ~ Өңкей бір томарша үшкіл ала көздер дөй дала айбар шегеді. Ж.Біл. ~ Жарты қорап сіріңкені түгесіп барып, әрең бықсып жанған алауды оңды-солды бұлғап айғайлап, айбар жасағанда, шоқиып-шоқиып отырған қасқырлар жылыстап, шегініп барып, қайта аңдыды. О.Бөк. ~ Казактардың старшинасы жиналған жұртқа айғайлап, қамшы сілтеп, айбар көрсетті. Ж.Әнес. ~ Мұнараның анадайдан айбар шашып айбындап тұрғанын да, не көрген адам қолтығына қысып кеткісі келгеніндей қып, құр әншейін қуыршақ болып жұтынып тұрғанын да қаламайды. Ә.Кек.

АЙБАР ШЕКТІ (ЖАСАДЫ, КӨРСЕТТІ, ШАШТЫ) Read More