АЖАЛ ҚҰШАҒЫ

Өлімнің құтқармайтын уысы, тас шеңгелі. ~ Ол орнынан тұрып, ажал құшағына әне-міне кеткелі тұрған Қожаниязға көзін салып қарамастан атына қарай жүрді. Н.Дәу.

АЖАЛ ҚҰШАҒЫ Read More

АЖАЛ ҚҰШТЫ

Қаза тапты, көз жұмды. ~ Ақыры Күйік Самарқан шаһарында белгісіз жағдайда ажал құшады. Содан кейін Күйіктің қатыны, Меркіттің қызы Үгіл-Қаймышты қайқаңдатпай, қарасын батырудың қамына кіріседі. Т.Жұрт. ~ Қысқасы Жәнібектен соң жиырма үш жылдың ішін¬де жиырма тоғыз хан ажал құшқан. Т.Сәу.

АЖАЛ ҚҰШТЫ Read More

АЖАЛ АУЗЫН АШТЫ

Шыбын жанын алғалы тұрған ажал қаупі туралы. ~ Бес арқан бойы түпсіз құздардан Бекболат үшін Ақберген түлкінің күшігін алған. Аяғын әнтек жазатайым салса, ажал аузын ашып тұрған тік жартастың бетімен шыбынша өрмелеп барып, бүркіттің балапандарын әкелген. Ж.Айм.

АЖАЛ АУЗЫН АШТЫ Read More

АЖАЛ ЛЕБІ

Таяп қалған, төніп тұрған өлімнің белгісі, суық демі. ~ «Қатты әлсіреп, тері тарамысына ғана ілініп қалды. Бойсұнып кетті» деген ажал лебіндей суық хабар оның әр тараптағы жақындарына, туыстарына түгел жеткен. М.Әу. ~ Ақ түтек, алай-түлей борандарда, Аяққа ажал лебі оралғанда, Төзді олар, төздірді өзі тағдырыңның, Қайтесің, басқа түссе амал бар ма? С.Жиен.

АЖАЛ ЛЕБІ Read More

АЖАЛ АУЗЫНА АЙДАП ӘКЕЛДІ

Біреуді қатерлі жағдайға, өлім қаупіне бастап келді. ~ «Өзекті жанға – бір өлім. Тағы да бір-екеуін жастанып өлейін!.. Ұлымды есебін тауып, елге қайтарып жіберуім керек еді, бұлай болар деп кім ойлаған. Оны да ажал аузына өзім айдап әкеліп, обалына қалатын болдым-ау!..» – деді іштей күбірлеп. Д.Рам. ~ «Тыйылсын, бұл қай қастығы!?» деп, ашу айтқан екен. Абай: – Біз ата-ананың алдында туысқан болысуға жарасақ, со да жетер. Мынадай ажал аузына, қыл көпірдің үстіне ел-жұртты өзі айдап келген соң, менен жөн сұрамасын!.. — деген. М.Әу.

АЖАЛ АУЗЫНА АЙДАП ӘКЕЛДІ Read More

АЖАЛ ОҒЫ

Адам өмірін қиятындай қатер, апат. ~ Таңертеңнен бері әрбір арбаның түбінде ажал оғы аңдып, сығалап қарап, «қанды басың бері тарт» деп отыр. М.Әу. ~ Шал Құдайдан өлім тіледі. — Иә, тәңірім, жібер ажал оғыңды! Жібер ажал оғыңды мына кәрі қақбасқа! Бұны көзім көргенше күмрә неге болмадым?! Күмрә неге болмадым! — деп сарнайды. С.Ел. ~ Тап астынан ажал оғындай атылар қаршығаны қайдан білсін. С.Жүн.

АЖАЛ ОҒЫ Read More

АЖАЛ АУЗЫНА ТҮСТІ

Аса қиын жағдайға ұрынды, қауіп-қатерге, өлімге душар болды.
~ «Масқара-ай, енді не істедік? Талай қырғыннан елге аман оралғанда ажал аузына өзі кеп түскендей болды-ау. Ақтар ұстаса, Сұлу мұртты сөз жоқ табан аузында атып тастайды». С.Жүн.

АЖАЛ АУЗЫНА ТҮСТІ Read More

АЖАЛ ОҒЫНА ТАП БОЛДЫ

Опат болды, өлім құшты. ~ …өрттей заулап келе жатқанда, ажал оғына тап болып, арманына жете алмай, жастай кеткен арқаның арқар жанды, асқар жүректі, аяулы ақыны Сұлтанмахмұт Торайғырұлының аруағына арнаймын. Ж.Айм.

АЖАЛ ОҒЫНА ТАП БОЛДЫ Read More

АЖАЛ АУЗЫНАН (УЫСЫНАН) ҚАЛДЫ (ҚАЙТТЫ, ҚҰТЫЛДЫ)

Бір өлімнен аман қалды, жанын сақтады. ~ Мал таппақ оңай ма? Екі рет ажал аузынан қалды. Біріншісінде, Иркутскінің «қара базарында» өз аузынан қағынғаны. Т.Сәу. ~ Бірақ ол қуанышы да ұзаққа бармады. Сыртында «паштет» деген жазуы бар арзан қалбырды асығыс ашып, ішіне аздап ел қонғанмен оның арты азап болды. Уланған Айдын ажал аузынан қайтты… С.Досан. ~ Ортаңа ажал уысынан, арыстан аузынан құтылып, қайта оралып Базаралы келгенде, «еңді етегіңнен ұстап өлермін-ау» деген серттерің болатын. М.Әу. ~ Сол жылы Еркебұланның жолы болмай қойды. Көктемде көкпарда Қызыл атының аяғы сынды, өзі ажал аузынан әзер қалды… Ә.Тар.

АЖАЛ АУЗЫНАН (УЫСЫНАН) ҚАЛДЫ (ҚАЙТТЫ, ҚҰТЫЛДЫ) Read More

АЖАЛ САҒАТЫ

Өмірмен қоштасар сәт. ~ Мұндай жандар ең соңғы тынысына шейін, ажал сағатының өзінде де сол ажалмен араздасып, ұстасып, пәле жапсырып, сідет артып өлер еді. М.Әу. ~ «Қашан шақырту келеді?» — деп, ажал сағатын күткендей жүрегі күпті болып, ала қол билердің кәрін күтті. М.Әу. ~ Бұдан сол бұрын осы көпірден құлап түсіп, суға кетіп өлмек болған еді, енді шалдың болжағаны дәл келіп, тағдырдың қалауымен оның ажал сағаты кейінге қалдырылды. О.Бальз.

АЖАЛ САҒАТЫ Read More