Адалдығын дәлелдеді. ~ Халдан бастабында сыр алдырмай, ханның сеніміне кіріп, аз уақыт ел ішінде лама болып жүрді де, оңтайы келген сәтте Зодовты мүрдем кетіріп, 1671 жылы өзін бүкіл Жоңғарияға хан етіп жариялады. Қ.Жұм. ~ Еламан осы офицердің көзіне түсіп, сеніміне кіре бергісі келді. Бір кәдеме жарап қалар деген дәмесі бар. Ә.Нұрп. ~ Екі ел арасындағы қатынас жиілей түседі. Одақтасының сеніміне кіру үшін, Хань императоры өзінін қызы Чан- юды Үйсін ханының баласына ұзатады. Қ.Жұм.
ТҰРАҚТЫ ТІРКЕСТЕР
Бұл категорияда сөздікте келтірілген 25 мың фразеологизмнің ішінен пайдаланушы іздегендері ретімен көрсетіліп отырады.
СЕПТІГІ (СЕП) БОЛМАДЫ
Көмектеспеді, пайдасы болмады. ~ Саңғал киізден сығалаған аңғал шуақ Ақбілектің бетіне түсіп, жайраңдаса да, телегей аққан жасын құрғатуға септігі болған жоқ, жанын жанышқан қараңғылық қараңғы дүниені аңсатты. Ж.Айм. ~ Ерсіліқарсылы уқалап жын соққан торғай бастандырып, шашымды да дудыраттым. О да түкке сеп болмады. Ж.Айм. ~ Сансыз көп әскер төгіп, құртымдай айыропландар ұшырып, титімдей түтік жаудырып, қайткелі жүргенін қайдан білсін. Өкіметтің жарнамасы түкке де сеп болған жоқ. Ж.Айм. ~ Әкем марқұм айтып отырушы еді: "Жаманның мал табуға кемдігі жоқ, бірақ адамдыққа септігі болмайды, — деп. О.Сәр.
СЕНІМСІЗДІК БІЛДІРДІ (КӨРСЕТТІ)
Күмән келтірді. ~ Сонда да Саймасаева апайымыз аса сақтық жасап, қырағылық танытып, аудандық ауруханадағыларға сенімсіздік білдіріп, біздің Бәтесіміздің бетінен отын шығарып, перзентханаға да апарып тексертіпті. М.Байғ. ~ Ақымақтанба, бала, — Макар мақтанышын да сездіре күлді. — Сенін бұл істеп жүргеніңді мен осыдан он екі жыл бұрын атқарғанмын. Сол Макарға сен қазір сенімсіздік білдіресің, ә?! Ә.Сәр. ~ Қадамыңыз бен құлашыңызға да, қарысыңыз бен сүйеміңізге де сенімсіздік білдіріліп, әлдеқайдан линейка табылып, алдымен метрлеп, дециметрлеп, сосын сантиметрлеп өлшенді. М.Байғ. Дегенмен Сергеевтің бірден сенімсіздік көрсетіп, жауапқа шақырғаны ішіне тас-түйін болып қатқан еді. Б.Тоғ. ~ Ма-шянь гон Керімбекке жаят етіп: — Шыңжаңдағы ұлттар теңдігіне бірдей көңіл бөлген бе?.. Олай болса сен неге үнемі тісің қарысқан сенімсіздік көрсетіп жүрсің?! Ж.Ахм. ~ Денем дір ете қалды. Бақтыгерей маған әдейі сенімсіздік көрсетіп, қаладан көмек шақырмақшы. Б.Тоғ. ~ Жүрегім жарыла жаздап: «Ол біздің ағай!» — деп қалғаным. «Ағаң болса ауыл қарасын неге көрмейді?» — деп маған сенімсіздік көрсетті. Б.Тоғ.
СЕПТІГІ ТИДІ
Пайдасы болды, көмегі тиді. ~ Ұжым қабырғасы қайысса-дағы қалт-қалт етіп құламай қалды, бірден-бірге селбелесті, септігі тиді, соғыс біте шаруа қауымы да еңсесін тіктеп алды. Д.Дос. ~ Басын шайқайды. Әрине, ештеңенің қажеті жоқ. – Уақыт өткізуге септігі тиер, ертеңмен стол сағатымды әкелсем қайтеді? М.Қаб.
СЕНІМСІЗДІК ТУҒЫЗДЫ (ТУДЫРДЫ)
Көңілге күдік ұялатты. ~ Жаяу Мұсаның өткір арыздары елдегі ата мұрасын қуалап болыс болған кісілерге де оңай тимеген. Олардың да көп заманғы мықты іргесін шайқап, өздеріне көп сенімсіздік туғызған. Ә.Марғ. ~ Жаушы жаңағыдай «құрал тапсыру» жайын бұйырғанда үйез әскері дағдарыста кідіре түскен. Себебі, өздерінің Лың жыдай сарыаяқ басшысынан ажырап қалулары бұларға сенімсіздік тудырған. Ж.Ахм.
СЕРГЕК ҚҰЛАҚ
Алғыр, зерделі, сақ адам. * Тоңқалаң топ басынан асқан тұмақ, «Бәлі» деп бас тұқырған төмен құлап. Бой балқып, ой өрістеп, жаның жусап, Күзетте қалған жалғыз сергек құлақ. І.Жанс. ~ Қанатты сөздің қарапайым сөзден айырмасын сергек құлақ, алғыр ой ажыратады. Б.Мом.
СЕНІМСІЗДІКПЕН ҚАРАДЫ
Күмәндене қарады, көңіліндегі күдікті жасыра алмады, сенім артпады. ~ Ұлықтар тексергенде Ырғайты еліне шеттеп келген Мардандарға өзгеше сенімсіздікпен қарап, қатты қысымға алып, қатаң ұстаған. І.Жанс. ~ Балалығында салқындықты көп көрген жан өсе келе өмірге де сенімсіздікпен қарайды. Ә.Ысқ. ~ Мына бір құлағы жоқ, қайыршының дорбасындай арқасына қап таңған, бір иығына бүктеп салған тоны бар, киімі жүдеу, сүреңсіз, өзі ұсқынсыз қазақ қалай-ақ менің әкем бола салмақ дегендей Владилена маған сенімсіздікпен қарайды. Б.Қыд. ~ «Мынау не жеп семіріп жүр-ей?» дегендей әйелім кейде бетіме сенімсіздікпен қарап қояды: – Мен жоқта балаларға қойған тамақтың бетін сыпырып жүргеннен саумысың-ей? Т.Сәу. ~ Гиви қыздың салғырт, салқын тартқан жүзіне сенімсіздікпен қарады. Т.Сәу.
СЕРГЕЛДЕҢ (КҮЙ) КЕШТІ
Әуре болып, ығыры шықты. ~ Замана дауылы ала құйын ұйытқып соққанда сергелдең кешкен халық қайғысы еді. С.Ел. ~ Борап, ұйтқып соғар тентек мінез де танытпай, үн-түнсіз жауып алғаны ауыр екен: бірде ұйқың келеді, бірде өз-өзіңнен жер тепкілеп айғайлағың келеді — сезімің селт етпейтін сергелдең күй кешесің, әйтеуір, басынан кене шаққан адамдай мең- зең, өз алдына лағып, бұйығы тартқан біреулер. О.Бөк.
СЕНІҢ ТАБАНЫҢА ҚАДАЛҒАН ШӨҢГЕ (ТІКЕН, ШӨГІР) МАҢДАЙЫМА ҚАДАЛСЫН.
Құрбаның болайын, құдай басыңа қайғы бермесін д.м. ~ Біз сөзден қалғалы қашан. Ағайын, ашсаң — аяңда, жұмсаң — жұмырыңда болушы едік… Сенің табаныңа қадалған тікен мандайымызға қадалсын деуші едік… Ж.Айм. ~ Күнім-ай, ботам- ай, соншама түйсіз биіктен құларлықтай жаныңа не зор туды екен. Сенің табаныңа батқан шөңге, менің маңдайыма қадалса болмай ма?.. Ә.Ыб. ~ … мен сені жанымнан артық санадым. Өзің білесің, сенің «табаныңа қадалатын шөңге менің маңдайыма» деп талай тіледім. Ж.Нәжім. ~ …Сен үшін ізденбекке бел байлағам. Сенің табаныңа кірген шөгір біздің мандайымызға қадалсын, деген еліміз сен емеспісің. М.Әуез.
СЕРГЕЛДЕҢ БОЛДЫ
Бос әуреге түсіп, басы қатты, дал болды, ығыры шықты. ~ Ыстық көжесін бор- бор ұрттап, бойы жылынған соң, Соқпақбай отыра алмай, күшеніп жалтаңдай басып тағы жөнелді. Соқаң сергелдең бола тұрсын. Біз тор шолақтың ізін кесейік. Ж.Айм. ~ — Ел билігін, жер билігін алған соң, атамекендерін өз қандарымен бояп, қайда қаңғыртты? Өзіміз нағып келдік мұнда? Дүниенің бұлың- пұшпағына, қазақтың босқындары сергелдең болып кетті. Т.Рыск.
