Қысқа қайырғанда. ~ Газеттен оқыған шығарсың, біздің қаланың аты өзгеріп «Алматы» болған, облыс «Жетісу» атанған. Ауыл тұрмысы әлдеқайда түзелді, түзеліп келеді: жұрт отырықшылыққа, шаруаға айналып келеді… Жақын арада қазақтарға жер үлестіріледі. Бір сөзбен айтқанда «Іленің қырағысы» Қадырдың мақсұты орындалып келеді… Ж.Айм. ~ Моңғолияға ақ түйелі диуана кейпінде келген Жа– лама халықтың осы пәк сеніміне дап– дайын қожа бола қалады. Бір сөзбен айтқанда, ол халық зердесіндегі Әмірсана туралы мифті қайта тірілткен бейне екені даусыз. Т.Жұр.
ТҰРАҚТЫ ТІРКЕСТЕР
Бұл категорияда сөздікте келтірілген 25 мың фразеологизмнің ішінен пайдаланушы іздегендері ретімен көрсетіліп отырады.
БІР СОҒАР
Ұр да жық, қарабайыр, тұрпайы. ~ … Бір жұмадан кейін сол жеңгемізді алды. Оқығандардың үйленгені де бір түрлі ғой. Құда түсер, қол ұстатар, шаш сипар, ілу, жыртыс, киіт-сиіт, кәде-сәде дегеннің бірде-бірі жоқ. Томаға тұйық үйге алып келіп, қонақ шақырады екен. Қыз ибасы да, қынамендесі де, тойы да — сол. Бір соғар. Ж.Айм.
СИЫРДЫҢ БҮЙРЕГІ
Бірлігі жоқ, шашыраңқы д.м. ~ — Бұ қу кедей қалай оңсын… Өзімізде береке жоқ. Бір- ауыздылық жоқ. Біз бір шілдің боғы. Біз бір қырық құрау, өңкей саяқ… Жеке жайыламыз да отырамыз… Осы қара бауырдың ішінде бір дуалы ауыз жоқ. Бірінің айтқанына бірі көнбейді. Біз бір сиырдың бүйрегі… — деп Сәрсен анда- санда үзілген сөзінің жібін жалғап отырды… І.Жанс.
БІР СӘРІ (ЖӨН)
Орыны бөлек; жөні басқа деген мағынада. * Николай бір сәрі екен ғой деген де болды. Ж.Айм. * Метр болса бір сәрі, Кейде маған, Жетпейтіні — бір сүйем, елі ғана! Қ-М.Әли * Тәтті нанның жұмсағы. Болмай қалса – ұрсады. Есебінің бір саны. Жетпей қалса – ұрсады. Үлкен болса бір сәрі, Құп-құттай боп ұрсады. Б.Кір. * Көктем шығар-шықпаста басталған науқан болса бiр сәрi, жер тырмалап, қап түбiндегi қалған-құтқанды сепсе де, өлмес күннiң қаракетiне кiрiсер едi ғой. Т.Сәу.
БІР СЕБЕПТЕН
Бір жағынан ~ Япыр — ау, алда-жалда бір себептен үкімет адамының қолына өзің түсіп қалсаң, бұны қайтпек ойың болған! —деп Қарымсаққа таңдана қарап отыр. Ж.Ахм. ~ …әскер тәртібінің осылай, сүйекке сіңісті боп, көпке дейін кеңілден кетпегеніне өз басым, бір себептен, өкін-беймін де. Ә.Нұрш.
БІР САУСАҒЫ (ТЫРНАҒЫ) ІШКЕ БҮГУЛІ
Ішкі арам ойы бар. * Иә, Қырымды қақалмай жұтқан, әм әлемдік соғыс ошақтарына өз әскерін жіберіп
отырған, агрессорлық саясат ұстанатын Ресейдің Қазақстандағы жағымды образын қалыптастыру
аясында өмірге келген бұл жобаның бір саусағы ішке бүгулі екені дау тудырмайды. БАҚ * Нұрымжанның
соны меңзеп отырғанын түсінген. Бірақ оның қаншалықты заман ағымын түсіне қойғанына, жаңа дүниеге
деген көзқарасының қаншалықты түзіктігіне сенгісі келгенмен, іш жағына қарай бүгілген бір саусағы жоқ
па екен, бұл ағынан жарылған келбет-кейпі тереңнен толғап, жымын білдірмей жымысқы ниетін іштей
жұптастырып отыратын есепшілдік емес пе екен деп те күманданған. К.Сег. * Қуықтай бөлмеде мәнсіз,
мағынасыз тірлік кешіп жатқан нәзік жаратылысты жандардың шын бет-бейнесі көктен түскен тәңірдің
елшісіндей маңғаздана басып, бойлы-сойлы Абдолла ақсақал кіріп келгенде ашылады. Оны ертіп келген
тырнағы ішке бүгулі бастық та мақтауын жеткізіп, «дұрыс қараңдар, бұл анау-мынау адам емес» дегенді
ұғындырып кетеді. Н.Ерғ. ~ – Бүгін де иіні салбыраған кейпімді бір көріп масайрайын деп жетіп келдің ғой,
ә? – миығында күлкі бар,- Бір саусағы бүгулі жүреді-ау,- деп жақтырмайтын едім. Қателеспеппін. Мен
түңілген сайын сен шаттандың… С.Әбік.
БІР САРЫНМЕН
Бір қалыпта. ~ Кешкі күн жалқау сырғып, теңіз толқынын алау-жалау өрттей жалтылдатып, ұясына құлап барады. Қаракөк Каспийдің бір сарынмен ғана дем алған ауыр ыңыранысы естіле бастады. Ғ.Мүс. ~ Теңіз айдынында толқынменойнағансансыз ақкөбікжалдардымыңқұбылтыпжалтырата жайнап қақ төбеде күн жарқырап тұр. Бір сарынмен жел еседі. Ш.Айт.
БІР САБАҚ (САБАҚТЫ) ЖІП АЛМАДЫ
Ештеңеге тимеді, зәредей зат алған жоқ; біреудікіне көз алартпады. ~ Қалайы бар… Қызығын қарап қой сен әуелі. Сабақ жіп алмапты. Екі жәшік арақты жерге соғып қиратыпты да, тайып отырыпты. М.Қаб. ~ Сонда-ау… Бекзат үйсіз қалмай ма. Жоқ, ол болмайды. Бекзат барда ол үйден бір сабақ жіп алмайды. Н.Дәу. ~ Ол курорттан келгеннен кейін Жәмиламен біржолата айырылған. Үйін, дүние-мүлкін бір сабақ жібін алмай, Жәмила мен балаларына қалдырған. І.Ес.~ Үйінен сабақты жіп алмапты, «бәрі серінің өзі барындағыдай тұрсын» депті десер еді, ауылдағылар. Б.Қыд.
БІР ПҰШПАҒЫНДА
Бір шетінде, бір басында. ~ Қазақстанның бір пұшпағында түтін түтеткен бұл совхоздың жері алтай тауларымен жарыса, жағаласа барып, сонау Таулы алтай өлкесінің аймағымен шектелетін. О.Бөк. ~ Қазақстанның бір пұшпағында түтін түтеткен бұл совхоздың жері алтай тауларымен жарыса, жағаласа барып, сонау Таулы алтай өлкесінің аймағымен шектелетін. О.Бөк. ~ Тым болмаса туған елдiң бiр пұшпағында жүру, тiлдес, дiндес өз жұртымның ортасына оралу елден келгеннен бергi үш-төрт жылдың мәулетiнде ұйықтасақ – түстен, оянсақ – естен кетпес түпкi мақсатқа айналып, қол жетпес армандай алыстан ғана шақырушы едi. К.Сег.
БІР ПҰШПАҒЫН ҰСТАТТЫ
Ортақ іске жұмылдырды д.м. ~ Ал қыл тұзаққа шыдай алған көнтерілерін бір–бірлеп іштеріне тартады. Оқытады, үйретеді, өздері илейтін терінің бір пұшпағын ұстатып, бұдан былай бөгдемін, басқамын деп ойлайтын бұралқы ұғымнан біржола бездіреді. Ә.Кек.
