БІР ПӘСТІК

Қысқа ғана; бір сәттік. ~ Адамдар, сірә, құмға түскен із бе екен?.. Кісіге бір пәстік қана ғұмыр берілген, сол қас қағымдай сәттің өзін таусылмастай көріп, неге бірін-бірі әурелеп жегідей жеп әуре. Д.Досж.

БІР ПӘСТІК Read More

БІР ПӘС

Сәл ғана, бір мезет. * Үш бас түйісіп, әлденеге үңілгендей бір пәс қимылсыз қалды да, іле үшеуі үш жаққа серпілді. Т.Сәук. * Алевтина Павловна қан сорпасы шығып келе жатыр екен, шыдай алмай менде бір пәс Вовка командирді арқаластым. Т.Ахт. * Жинағымның жайы не болды? – деді Мағжан. – Бр пәс бөлмеңе кіріп сөйлесейік те. Басымды сыйламасаң да, құдіреті күшті поэзияны сыйласаңшы. Өлең сөздің солдаты емеспісің! Д.Досж. ~ Ақсүмбінің асуынан асқан соң үш салт атты арттарына бұрылып, төменде жатқан Қаратаудың көгілдір тартқан тас шатқалдарына қарап, бір пәс кідірген. З.Нұрт. ~ Ілкідегі өкпе–назы бір пәсте ыдырап үлгерді ме, көмейден іркіліссіз төгілген әсем дауыс бөлме ішін кернеп сала берді. Күмістей сыңғырлайды. Ж.Шағ.

БІР ПӘС Read More

БІР ПӘЛЕНІҢ ШЕТІН ШЫҒАРДЫ

Әлдебір залалды жағдайдан хабар берді. ~ Жұрт болғанда, бұл жолғы Тобықты тобын Оразекең бастап отыр! – деп, Абайдың ызасына тиетіндей, әдейі бір пәленің шетін шығара сөйлеп кетті. М.Әу. ~ Ойлағаны рас, Базаралының шын тағы бір айтпағы бар екен. Тары да Ырғызбайдың сотқарлары бұл жолы Шұбарды, Әзімбайды бір араға қосып және бір пәленің шетін шығарыпты. М.Әу. ~ Үкімет пен партия алдында Үлкен Кісіні тағы да ұятқа қалдырғалы отырсыңдар деп зіркілдеді де, сөзінің соңында басқармаға қатты шүйлікті. Осыдан жоспар орындалмаса, ісіңді бюрода қаратам деп бір пәленің шетін шығарып қойды. Басқарма үндемеді. Ә.Нұрп.

БІР ПӘЛЕНІҢ ШЕТІН ШЫҒАРДЫ Read More

БІР ПӘЛЕ БАР

Әлдебір құпия сыр бар д.м. ~ Кім біледі, өмірде небір күтпеген жайлар бола береді. Әңгімесінің бәрін өткен шақпен айтуына қарағанда, бір пәле бар сияқты. Не де болса өзі терең қайғының адамы. К.Қаз. ~ Өзінін көзінде бір пәле бар. Ылғи ұйқысы әбден қанып, төсектен жаңа тұрған адамның кезі секілді жып–жылы боп жалтылдайды да тұрады. М.Қаб. ~ Байқаймын, Алмагүл мен Мәмбеттің арасында бір пәле бар. Оны іштей сезем. Ш.Айт.

БІР ПӘЛЕ БАР Read More

БІР ПЕРЗЕНТКЕ ЗАР БОЛДЫ

Бел баласы болуын арман қылды. ~ Көбеген кемпірінің үйреншікті сөзіне назар аудармайды. Мұртын сылап, сақалын сипап қойып желдірте жөнеледі. – … Баяғыда бір бай бопты, төрт түлігі сай бопты, бір перзентке зар бопты… М.Мағ. ~ «Жазмыштан озмыш жоқ» деген рас қой, күні кешелер Сарыбай да бір перзентке зар болып, көзінің жасы көл болып, Байбөрімен мұң-сырын ортақтастырушы еді. А.Сей.

БІР ПЕРЗЕНТКЕ ЗАР БОЛДЫ Read More

БІР ПАРА

Бір бөлек, бірсыпыра, бір топ. ~ Әрқайсының бір пара қазынасы – өзімен тектес аталық, аналық жүз құмырсқаны ай бойы асырауға жетеді екен. М.Мағ. ~ «Шешінген судан тайынбайды» демей ме? Айтайын. Сіз бұл хикаяңызда біздің үйдің бір пара өмір шежіресін суреттеп берсеңіз керек… С.Ом. ~ Енді бір пара ел мал жайылымының ыңғайымен Жөншіліктің бергі жағындағы Қайнарбұлақ саласында қалып қойған. С.Ом.

БІР ПАРА Read More

БІР ӨЗІҢ ДЕП

Сені ғана ойлаймын д.м. ғашықтық сөзі. ~ «Бір өзің деп өтемін мәңгі-бақи…» «Сен тұрғанда, сәулем-ай, басқаны сүю мүмкін бе!..» деп жырлап жатқандары, жылап жатқандары. Т.Сәу. ~ Құдай болмай-ақ, Олжас болып бір өзің деп жанған өзегімдегі өртті өшірсең, мен үшін «бақыт жоқ одан асқан!» С.Досан.

БІР ӨЗІҢ ДЕП Read More

БІР ОШАРЛЫ ЖАН

Бірталай адам.~ Бірнеше күн жоқ болып кеткен әкесі бір ошарлы жанды көшіріп келді, шешесінің айтуынша әр жерге шашырап кеткен туыстары екен, неге екені әкесі өздері зорға жан бағып жүрсе де, басқа жақтағы туыстарын жинап, солардың жағдайын жасауға әуес еді. Ә.Ыб. ~ Афанасийдің семьясы да ошарлы жан екен. Алдымен көзіме түскені балалары болды. Байқауымша он шақты бар–ау деймін. Өпел–жөпел өскен өңкей ұлдардың алды он жасар шамасы да, арты әлі қаратабан, жалаң бұт, жығылып–тұрып күресінде шапқылап жүрді. Қ.Ысқ.

БІР ОШАРЛЫ ЖАН Read More