БІР ТАБАНҒА ШЕЙІН

Біразға дейін. ~ Злиха бір табанға шейін болады, болмайды деп уәде берместен келсе де, нақ қашатын күні кешке Қоржынтай келіп, өлердегі сөзін айтып, уәдесін сұраған, нақ сол жерде неғып жеңілгенін езі де білмейді. Б.Май.

БІР ТАБАНҒА ШЕЙІН Read More

БІР ТАБАН ЖАҚЫН

Туыстығы не басқалай жақындығы молырақ. ~ — Кеше атаң Абылайды хан көтерген одан — әкең Уәліні ол өлген соң шешең — Айғанымды хан сайлаған Атығай менен Қарауыл еді, өзге рулардан бір табан саған жақын еді, сондықтан Есенейден гөрі сені жақын тұтып, бірінші рет саған сөйлесіп отырмын, — деп бастап, татулық әңгімесін айтып еді. С.Мұқ. * Бұлардың алғашқысы билікке бір табан жақын, соңғысы нағыз оппозициялық партия. С.Дос. * Сен басшыларға бір табан жақынсың ғой. Біз секілді шаруаның торысына өсек екеш өсек те өзек талдырып зорға жетеді. Осы әлгі бірінші хатшының өседі дегені рас па? Қ.Ысқ. * … сэр Эллиот орысша таза сөйлейді. Онысын орыс халқына езгелерден гөрі өзінің бір табан жақындығын танытатын туыстық белгісіндей көріп әрдайым пәш етіп жүреді. Ә.Нұрп. * Енді ана Құлыштың Тапалы мен Байдосын тарту керек артельге. Сіздер сөйлесіңіз, бір табан жақынсыз ғой. Х.Есен. ~ Сол күні пошташының түйесіне мінгесіп, бір табан жақын ғой деген оймен, ойдағы Жарбөгетке жетіп қалды. Т.Әбд.

БІР ТАБАН ЖАҚЫН Read More

БІР СЫРЛЫ, СЕГІЗ ҚЫРЛЫ

Сан қырлы өнері бар, жігіттің сұлтаны. ~ Ac аяқталарда жігіт сыны боп, бір сырлы, сегіз қырлы» жігіттің сырттаны жүлдесін кіші жүздің бір жігіті алды. М.Әу. ~ Ау, осы сен келіншектердің арасынан шықпайсың, үйленейін деп жүргеннен саумысың. – Е, үйленсе несі бар. Мұндай жігітке кім қызын бермейді. Өзі әнші, өзі шаруақор, деген бір сырлы, сегіз қырлының өзі емес пе?! С.Жүн. ~ Қарақат, бүлдіргеннің бәрі пісіп, Сай– сайға қыз– келіншек жоғалғанда. Бір сырлы, сегіз қырлы бозбалалар Ғашығын іздеп табар со барғанда. Ә.Най.

БІР СЫРЛЫ, СЕГІЗ ҚЫРЛЫ Read More

БІР СЫР БАР

Бұл тегіннен-тегін емес, мұнда бір құпия бар, бір гәбі бар. * Сол себептi, олар жағдайымыздың аяқ астынан жақсара түскенiне күмəнданды. Мұнда бiр сыр бар екенiн сезгендей қайта-қайта үйге келгiштеп жүрдi. Əйтеуiр, көп ұзамай бəрi аян болды. С.Досж. * Кішірек көздері Әлимаға жаудырай қиыла қарап имене, батылсыз жымылықтайды. Жүзінде жұмбақты бір сыр бар сияқты. С.Мұр. * Тек, Қалаулы емханадан шыққалы жатса керек, Қанаттың қипақтауына қарағанда, үлкен бір сыр бар секілді… Ғ.Слан. * Басымның ішінде бірдеңелер дүбірлеп шаба жөнелді. Бұл – ми істей бастады деген сөз. Біздің ауылдың топырағында бір сыр бар, бар… Ол не сыр? Тоқта, тоқта… М.Қаб.

БІР СЫР БАР Read More

БІР СЫДЫРҒЫ

Біршама, әжептәуір. ~ Көлбай, Талпақ, Сарыауыз үшеуі қосшы союзының болыстық съезінен қайтып келеді. Астағы аттары енді бұрынғыдай тай-тулақ емес. Жал-құйрғы бүтін: қоңы тоқ — шаруаның тұғыры… Киімдері де бір сыдырғы бүтінделіп қалған. М.Әу. * Сөйлегенде болсын, жазғанда болсын төл сөздеріміздегі үйлесіп, үндесіп, бір сыдырғы айтылып келе жатқан дыбыстардың тіркесіне іріткі түсіріп, күйісінен жаңылған малдай мәңгіріп қалатын кездеріміз жиі байқалады. Б.Қали.

БІР СЫДЫРҒЫ Read More

БІР СУЫРТПАҚ ЖІП

Болмашы ғана дүние, түкке тұрғысыз бұйым. ~ Азаматы үйде болса, балаларынан бұрын алдымен соның бабын істейді. Бір суыртпақ жіп тапса да, соның бойына жапсырғысы кеп тұрады. Ә.Нұрп. ~ Барсам Жамал бөйбіше кебежесін ақтарып жатыр екен. Бөркім қолымда. Келген шаруамды айтып, бір суыртпақ жіп сұрадым бәйбішеден… С.Ел. ~ Бұрын біздің ауылда суыртпақ жіп жоғалмаушы еді,– дейді апам, – мына соғыс кезінде әр жақтан көшіп келгендер көбейді де, ұрлық– қарлық шыға бастады,– дейді. С.Мұр.

БІР СУЫРТПАҚ ЖІП Read More

БІР СУЫНЫП, БІР ЫСЫП

Жан тебіренткен ыстық сезімге берілу. ~ Тау жаңғырып, ән қосып Үрген ит пен айтаққа. Келмеп пе едің жол тосып Жолығуға аулаққа? Таймаңдамай тамылжып, Бір суынып, бір ысып, Дем ала алмай дамыл қып, Елең қағып, бос шошып. Абай. ~ Кездескендер түріме Таңырқасып қарады. Елең болмай бірі де, Сен биледің сананы. Күйге түстім не түрлі — Бір суынып, бір ысып. Айыпты адам секілді Кете бардым ығысып. Ф.Оңғ. ~ Іңкəр жүректер лүпіл қағып, бірге соқты. Жігіт те, қыз да бұлқынған бұла сезіммен булығып, бір суынып, бір ысып, дамыл ғып дем ала алмай ынтығып, елең қағып, бос шошып, қоянның көжегіндей дірдір етіп, бірінің бауырына бірі тығылып, бірінің тамағын бірінің иегі кезек- кезек аймалайды. З.Қаб.

БІР СУЫНЫП, БІР ЫСЫП Read More

БІР СӨЗІНЕН БІР СӨЗІ ӨТТІ

Айтқан сөздерінің бәрі құнды, ойлы, салмақты. ~ Ғұмыры бүйтіп жылап көрген жоқ еді. Әкесі, шешесі өлгенде де бұлай болмаған-ды. Әлде тым жас болған соң ол кезде қайғының не екенін білмеді ме? Бисараның бір сөзінен бір сөзі өтеді. К.Қаз.

БІР СӨЗІНЕН БІР СӨЗІ ӨТТІ Read More

БІР СӨЗДІ

Айтқанында тұратын адам. ~ Нағашымның аты — Абыл. Өзі келісті, аласа бойлы, ақ сары өңді, жылқы тіс, жирен қапа сақалды, шапшаң, жүрдек кісі екен. Мінезі — мерт. Өте әділ, бір сөзді, сыншыл адам болған. Айырықша қасиеті — құралайды көзге атқан мерген. Ү.Жлк. ~ Сонда – менің лекциям машинкаға басқанда отыз екі бет шығыпты да, Белгілінікі – дəлме– дəл төрт бет болыпты. Əлі сол шоқырағыңнан жазбапсың– ау, жарықтығым. Еркек бір сөзді болуы керек қой! – деп езуін кере əзіл айтқан болды Бегей. З.Қаб.

БІР СӨЗДІ Read More