БӘЛЕДЕН МАШАЙЫҚ ҚАШЫПТЫ

Күмәнді істен аулақ бол д.м. ~ Кімнің басына келсе, оңай салмақ болғандай? Бұның аты — бүлік! «Бәледен машайық қашыпты» деп, өзі әкелген бәлесін өзіне тастап, бас амандағаннан басқа айла-амал қалған жоқ» десіп ойласқан. М.Әу. ~ Нұрыбай балалары, қанша қан сорпа қылса да, ақы беріп жарытқан емес. Бәледен машайық қашыпты, қарақалпақтар бұл ауылдан запы болған, құтылғанша асығады. З.Шүк. ~ Әркімнің бір былығы бар. Сондықтан «бәледен машайық қашыпты, тапса үкімет өзі табар, таппаса менің шаруам қанша» дейді. Т.Әбд.

БӘЛЕДЕН МАШАЙЫҚ ҚАШЫПТЫ Read More

БӘЛЕГЕ ҚАЛДЫ (ТАП БОЛДЫ, ҰШЫРАДЫ)

Басы дауға ұшырады, шатақ шықты, кесірлі жағдайға тап болды. ~ Мимундың батырлары айғай салды, Бәлеге бейшаралар ендi қалды. БС. Бозжігіт». ~ Себебі Қабылдың әйелі Назардың әйелімен бөле ғой, не деп отыр?.. Бәлеге қаларсың, ойбай! Бәлкім, Қабденге айтып көрерміз… Т.Әбд.
~ «Оу, қойсайшы»,— деген сөзіме пысқырып та қарамайды. Танауын далитып, екі қолын ерсілі-қарсылы ербеңдетеді. Бір бәлеге қалдым. Т.Берд.

Қырсық шалды. ~ Кейін малды қайта бөлгенде бізге жалы тұяғын жапқан қара бие тиді. Осы күнгі жылқымыздың бәрі соның тұқымы ғой. Жарықтық құт болып кірді. Сүйтіп жүргенде тағы бір бәлеге тап болдық. Т.Әбд.

Кесірлі жағдайға тап болды. ~ Мына қалыптарымен бір бәлеге ұшырайтындай көрініп, көңілге одан сайын үрей толтырды. Т.Әбд. ~ Таң да таяп қалды енді, кешіксең, сөз келуі мүмкін, — деп орынды ескертті келіншегі. — Есіңнен тастама мені, Мария Тереза. Ұмытпа! Ұмытсаң, бәлеге ұшыраймыз. Екеуміз де… — Мен сені күтемін, Любомир, қанша күту қажет болса да, күтемін. М.Кәр.

БӘЛЕГЕ ҚАЛДЫ (ТАП БОЛДЫ, ҰШЫРАДЫ) Read More

БӘЛЕГЕ АРАНДАДЫ

Абырой бермейтін іске басын сұқты. ~ Әпкесi сонда барып өзiнiң ойсыз сөзiнен бәлеге арандағанын iштей топшылайды. Өйткенi, жолдама өндiрiсте кемiнде екi жыл жұмыс iстеген стажы барларға ғана тиесiлi-тiн. Ә.Ыб. ~ Онсыз да былайғы күйкi күйбеңдегi тауқыметтен қажып, сiңiрiне iлiнген шағында бiрiнен соң бiрi бәлеге арандап, iнiлерi әбден титықтатып бiттi. Әсiресе, араларындағы жалғыз шешелерiнiң халi Жапардың арқасына аяздай батты. Ә.Ыб.

БӘЛЕГЕ АРАНДАДЫ Read More

БӘЛЕ ШАҚЫРДЫ

Әлдебір жөнсіз ісі қырсыққа апарды. ~ Оның үстіне базары мен сауда — саттық жасаймын деп те көзге түсіп және бәле шақырғанын күні бүгінге дейін өзіне өзі кешірмейді. Қ.Ысқ. ~ Түймедей ілік тапса түйедей қылып, қарапайым бәле шақыра жүретін кісі, Нұртайды құшағын жайып қарсы алған. З.Шүк. ~ Қой! – деді атам. – Барқырама! Бәле шақырма! О, өз басыңа көрінгір! – деп еді, кемпір мұрны бырқ-бырқ етіп барып, жым болды. Ш.Мұр.

БӘЛЕ ШАҚЫРДЫ Read More

БӘЛЕ ТҰТАТТЫ

Шатақ шығарды, дау тудырды. ~ Жомарт батыр бір жатына Қуатты, екінші жатына Тынышбайды алып, өзгелерден оқшау шығып отырды. Онысы – қазіргі кеңесте исі қазақтың ел ішіне не бір оғаш бәле тұтатар, не табыстырар дауына, Арғын мен Найман арасының өткен жаздан бері ұлы дүбір, үлкен тартыс туғызған керісіне қосылмаймын деген іштей наразылығы еді. С.См.

БӘЛЕ ТҰТАТТЫ Read More

БӘЛЕ ТІЛЕДІ

Жаңсақ басып, сау басына сақина тілеп алды. ~ Залалкер жұртқа тегіс болып әбден, Енді не іздеп келдің іштеріне? Жынды жоқ, сені аман құтылдырып, Алғандай бәле тілеп үстеріне. «Не ексең, соны орарсың» деген сөз бар, Ор, енді егініңді піскенінде!» А.Байт. * Құдай сақтасын! Қарап жүріп бәле тілеп неміз бар! Жанназардың қасында қарулы жігіттер топтасқан. Сый аламыз деп жүріп, басымызды алдырамыз… З.Шүк. ~ “Көп дем ала берсек, үйге қайта алмай қаламыз, түнгі жол ауыр болады”, – деп Мұнарбек күйіп– пісіп жүр. Басына бәле тілеп, мені ертіп шыққанына ол да өкінетін сияқты, оның да қиналысын түсінемін. Ә.Асқ.

БӘЛЕ ТІЛЕДІ Read More

БӘЛЕ САТЫП АЛДЫ

Әлдебір жаңсақ ісінің кесірінен басы бәлеге қалды. ~ Мұңлық, сен өзің де қызық екенсің, саған бойдақ жігіт жетпей ме осы? — деді. — Сенің көркіңе елдің бәрі ынтық. Ал біреудің семьясын бұзғаның үшін біз сенің маңдайыңнан сыйпамаймыз. Таяу күндерде жергілікті комитет жиналысында мәселеңді қараймыз. Бізге де бас керек, бәле сатып алар жайым жоқ. Н.Сер. ~ Директорды қолпаштаймын деп басыңа бәле сатып алмау жағын ойла. Түбінде тексеріс болып көз алдаудың арты ашылып қалса, өз басыңды арашалап, қалатын амал қарастыр. Б.Тоғ.

БӘЛЕ САТЫП АЛДЫ Read More

БӘЛЕ ҚЫЛДЫ (САЛДЫ)

Лаң шығарды. ~ Ұзынқара деген әпенділеу жігіт ағасы көкайыл әйелімен сотпен ажырасқанда: «бәледен құтылғаныма вечер жасаймын» − деп бәле қылған. Н.Дәут. ~ Көкем нефтебаз құрылып, сонда есепші болғанда, сырттай институтқа түсем деп бәле қылды ғой. НАРХОЗ– ға түсіре салайын деп едім, кейін ойланып, «төрімнен көрім жақын» қалғанда не керек деп… Қ.Түм.

Жала жапты, шатақ шығарды. ~ Солай ма? Есіңде ме, баяғыда: «Мұндай екенін неге ерте айтпағансың деп, әлі маған бәле саларсың» дегенім. Б.Нұр. ~ Бірақ бірауықтан соң, кім аяғынан қаққанын өзі де білмейді, Көжек ақсап отырып қалды. Бәле Саржаннан келді–ау дейім. Солай деп шамалағаныммен мойнына қиып сала алмаймын. Қорқа ма, әлде, кім қаққанын шынымен білмей ме, Көжек үндемеді. Көрген де ешкім жоқ. — Сен бе, Саржан, қаққан тобықтан? — деп едім. — Ағай бәле салмаңыз,— деп өзіме қарсы шықты. Н.Сер.

БӘЛЕ ҚЫЛДЫ (САЛДЫ) Read More

БӘЛЕ ҚЫЛҒАНДА

Құдай ұрып, кесірі тиіп жүрер д.м. ~ Қайдан білейін? − Роза жымиды. Сосын неге екенін, Қалдыбайдың ағытылып тұрған түймесін сала беріп еді, Ақкүшік қатты ырылдап қоя берді. − Ладно, кетейін, − деді қыз. − Мынауың қауып жүрер бәле қылғанда. Н.Дәу.

БӘЛЕ ҚЫЛҒАНДА Read More