БАСЫНА НОҚТА КИГІЗДІ (киді)

Құлдыққа көнді.; кіріптар қылды, еркінен айырды, аяғын тұсады.~ БЕКМАХАНОВ: Жарайды, Мұха! Дегеніңіз болсын, сізді маған жұмсаған дөйлердің айтқанын істеймін, қайсар қылықты, еңбекқор, мақтаулы ініңіз осы минуттан бастап, басына ноқта киген, колхоздың жуас есегіне айналды деп біліңіз, міне мойын, міне бас!.. М.Сәр. ~ Мен білсем, біздің халқымыз тағы да тоғыз жолдың торабында тұр. Алаш ұлы ежелдің ен күнінен басына ноқта кимеген, жүген-құрық тимеген асау, арда ел едік. Қ.Жұм. ~ Қыз өзi iстеген iсi туралы өзiне-өзi есеп беруден имене ме? Болмаса Абай алдында «саған жақсылық еткен, құтқарған мен едiм» деудi жiгiт басына ойда жоқ бiр ноқта кигiзу болар деп аяй ма? М.Әу. ~ Үрия. Өзімнен туған қыз болса, білер ем қалай айтуды. Басына ноқта кигізіп жетектетіп жіберер ем. Ә.Тәж. ~

БАСЫНА НОҚТА КИГІЗДІ (киді) Read More

БАСЫНА ҚОСАҚ, КӨТІНЕ ТІРКЕУ

Дала салты бойынша, айыпкердің айыбын артығымен төлету заңы.~ Байдың бір қойын сұраусыз сойып тастаса ғой: «Ұрлап сойдың» деп, төбесіне əңгір таяқ ойнатып, басына қосақ, көтіне тіркеуімен төлетіп алады, өзін көтке бір теуіп шығарып жібереді. Ж.Айм. ~ Қазір мына мал иесі аулыңа барады. Төрт жылқысына төрт жуан татымды төлеу бересің де, соған қосып басына қосақ, көтіне тіркеу есебінде айыбыңа бір ат, бір түйе бересің», — деді. Жұрт тағы жымдай болды. М.Әу.

БАСЫНА ҚОСАҚ, КӨТІНЕ ТІРКЕУ Read More

БАСЫНА ҚАРА ТҮНЕК ОРНАДЫ (ТУДЫ)

Ұзққа созылған ауыр жағдайға тап болды. ~ Сол анамыздың туған күнiн тойлағалы дастарқан басына жиналған сәтiмiзде басымызға қара түнек орнады. М.Қан. ~ Әрине, қазақ елінің басына қара түнек туған қилы кезеңде, күншығысынан Жоңғар әскері, күнбатысынан – Еділ бойындағы қалмақ нояндары, солтүстігінен башқұрт бекзадалары, оңтүстігінен Орта Азия хандары қазақ даласын борша–борша етіп бөліп алса – Россия секілді ұлы мемлекет өзінің қомақты үлесін, арыстан үлесін, өзгелерден әлдеқашан тартып әкеткен болар еді. І.Ес.

БАСЫНА ҚАРА ТҮНЕК ОРНАДЫ (ТУДЫ) Read More

БАСЫНА ҚАРА ТҮН ТУДЫ

Қайғыға ұшырады, қасыретті күнге тап болды. ~ Ақсақалдың Төлегенге, әсіресе, ренжігені: кешегі бәйбішеден өлідей, Ақбілектен тірідей айырылып, басына қара түн туып, жалғыздық көргенде сол шіркіннің бір көрініп кетуге жарамағаны еді. Ж.Айм.

БАСЫНА ҚАРА ТҮН ТУДЫ Read More

БАСЫНА ҚАН ШАПШЫДЫ

Ашу қысты, қаны көтерілді. ~ Басына қан шапшып, көзі қарауытқан Бәйтен: ─ Не бетіңізбен сөйлеп тұрсыз? – деді сыбырлап, көмейіне тасқын судай тірелген дүлей ашуды әзер тежеп. – Жүзіңіз күймей, қалай қарап тұрсыз маған? Т.Әбд. ~ Әзім басына қан шапшып, құлағы шуылдап кетті де, қасындағы әйелдің не дегенін есіткен жоқ; тек өзіне қарай аймалап келе жатқан мына бір мұп-мұздай қолдан тіксініп, жолатпай қағып жібере жаздады… Ә.Нұрп. ~ Доктор Бейкердің басына қан шапшып, тізелері қалтырап етті. «Шошқа!» дегісі келді айқайлап. Ол тіпті бұдан да зор жанға бататын бірдеңелерді айтқысы келді. Т.Әбд.

БАСЫНА ҚАН ШАПШЫДЫ Read More

БАСЫНА ҚАЙҒЫ САЛДЫ

Жанын қинады, азапқа салды, қайғыға душар етті. ~ Қош енді, жанған жаным жана берсін. Басыма кетпес қайғы сала берсін. Құдая, сол Қамарды бақытты қыл деп, Ғашығың қолын жайып қала берсін». С.Торы. ~ Киімің болды лайық, Қылышың болды лайық, Тұтасып жатқан қалмаққа Кезек-кезек барайық, Басына қайғы салайық. «Ер Қосай».

БАСЫНА ҚАЙҒЫ САЛДЫ Read More

БАСЫНА КҮН ТУДЫ

Қиыншылыққа тап болды, пәлеге ұрынды. ~ Ақбілек: жыр жаттап та көрген жоқ еді; қыз болып ұзатылуға да әлі талай заман бар ғой деп, балалығы айырылмай жүрген 15 жасар бала ғой: Шешесі өлгеннен бері дауыс қып, жоқтағандай болған жоқ; өз басына күн туып кетті. Ж.Айм. ~ Ал Төре биге өйту неге керек? Әрине, Жәнібектің басына күн туа қалса, өзін жақтар керек. Ал Жәнібектің басына ондай күнді кім тудырады. І.Ес. ~ Ер басына күн туса, Бұта түбі үй болар. Ат басына күн туса, Көксімдегі күй болар. ММ.

БАСЫНА КҮН ТУДЫ Read More

БАСЫНА КӨТЕРДІ (ДАЛАНЫ, ҮЙДІ с.с.)

Азан-қазан қылып, шу көтерді; дүрліктірді. ~ Мәмбеттің болыстығын өзіне әперуге «келген шығар…» деп әрқайсысы өз ойындағысын айтып, даланы бастарына көтеріп, гүрілдесіп отырғанда маңдайынан тер шығып, бөркін қолына ұстап үйден Бекжан шықты. М.Дул. ~ Сол күні ол сонау көшенің басынан әлденені қуанадауыстай айтып, жаңа ғана қыбырлай бастаған ауылды басына көтерді. Ш.Айт. ~ Сиырлар өкіріп қойға араласты. Малдың дауысы мен ауылдың иттері де желігіп жайлауды басына көтерді. Ж.Айм. ~ Арандай ашылған үш-төрт сарыауыз өршелене шиқылдап үйді басына көтереді. Т.Бер.

БАСЫНА КӨТЕРДІ (ДАЛАНЫ, ҮЙДІ с.с.) Read More

БАСЫНА ІС ТҮСТІ

Ауыр жағдайға тап болды, істі болды. ~ Иә, Асекеңдер әулие адамдар ғой! .. Өзіміз де итпіз! Сондай ұранға жаралған аруақты адамдарды басымызға іс түскенде ғана еске аламыз. Қ.Ысқ. ~ … бұл өзі өте инабатты, басына іс түскен жанның қайғысын жеңілдетуге көмегі дайын адам еді … М.Серв. ~ . Ағайын арасындағы бұрынғы беделінің әсерімен әр кез әр істен аман қалып жүр. Қалың мырзаболат әлі күнге дейін басына іс түссе, осыны паналайды. Т.Әбд.

БАСЫНА ІС ТҮСТІ Read More