БАС ЖАРЫП, КӨЗ ШЫҒАРҒАН ЖОҚ

Шектен шыққан айыбы жоқ д.м. ~ Жариялылық пен демократия да сандырақ. Әйтпесе бас жарып, көз шығарған жоқ, кез-келген адамға, ұлтқа тән ең қарапайым талапты айтып бейбiт шеруге шыққанға осынша қанына қарайып қатыгездiк жасай ма. Т.Сәу.

БАС ЖАРЫП, КӨЗ ШЫҒАРҒАН ЖОҚ Read More

БАС ЖАРЫЛЫП, ҚОЛ СЫНҒАН ЖОҚ

Шектен шыққан, төтенше жағдай емес д.м. ~ Ұрлық-қарлығы жоқ, бас жарылып, қол сынбаған ауылда ол неғып жүр дейтін сауал әр түтіннің түні бойы басын ауыртып,өткен-
кеткен, болған-қойған жайларды ойға оралтып, еске алдырып, діңкелеткен. Н.Дәут.

БАС ЖАРЫЛЫП, ҚОЛ СЫНҒАН ЖОҚ Read More

БАС ЖАРЫЛСА БӨРІК ІШІНДЕ

Жария қылып, шу көтеретін мәселе емес д.м. ~ Сіз таяқтады деп тағы да өкпелемеймін… Бас жарылса, бөрік ішінде демей ме, үлкен ұрса, іні шыдар. Б.Мом. ~ Атажан әлекедей жаланған ерегескен топқа жылқышысын жазалатқан жоқ, олар тым құрыса, Тасқұлды сабап кеткісі келген. «Бас жарылса бөрік ішінде», – деді бай. А.Кем.

БАС ЖАРЫЛСА БӨРІК ІШІНДЕ Read More

БАС ЖАРДЫ

Жаңа көктеп, тіршілік нышанын байқатты. ~ Қардың суымен тез өсіп кететін көнді жердің бидайығы бас жарып, үлпілдегі шашақтана бастапты. Ғ.Мүс. ~ Бірте-бірте қараңғы түннің пердесі сетінеп, бозамық тартты. Бұдырсыз жалпақ даланың шығыс шеті сығырая ақ шелденіп, тіршіліктің жаңа бір базарлы күні бас жарып келеді. Т.Сәу. ~ Даланың әрі кіріп, әр жерден шытыр екі-үш жапырақ тастап, бірлі-жарымды қызғалдақ бас жарып, дала қырмызы тартқан. Б.Қыд.

БАС ЖАРДЫ Read More

БАС ЖАҚҚА БАРЫСПАДЫ

Намысқа тиетін сөз айтпады. ~ Өзін жоғалтып алудан қорқып, көп ішпеді. Аналар да, бұрын бір байқасашы, ысқаяқ боп алған қулар екен ғой, жылы қабақ танытып, құрмет көрсеткен болды. Бірақ бас жаққа барыспады… С.Нұғ. ~ Әй- әй, бас жаққа барыспалық. Не десең, о де – бәрін құп алам. Бірақ Күләрә туралы шайпау сөз айтпа! Ол періште ғой, періште… К.Хам.

БАС ЖАҚҚА БАРЫСПАДЫ Read More

БАС ЖАЗДЫ

Мастықтың ертеңінде бас ауырғанын жеңілдету үшін азғана ішімдік ішті. ~ Менің қарауымдағы бір бухгалтер тойда болғанның ертеңінде «бас жазып» келген екен, «қайт үйіңе, көзге көрінбе!» деп дүрсе қоя берді… Б.Тоғ. ~ Таң ата тағы шөліркеп оянған Көкенай «Иждің» бордачегінде қалған 300 гр. спіртті әкеп, бірге сұлаған бес бөріні оятып, бас жазып алып, «ауыл, қайдасың» деп аттың басын елге бұрған. С.Сағ.

БАС ЖАЗДЫ Read More

БАС ДЕСЕ, ҚҰЛАҚ (СИРАҚ) ДЕЙДІ

Беталды сөйлейтін, жөн сөзді ұқпайтын адам туралы. ~ Құрекең әлі кейіс қабақпен: – Бас десе, құлақ дейді… Мен нені меңзеп отырмын, сен нені шатып отырсың?! – деді. О.Сәрс. ~ Қарызға ма? Керегі жоқ. Бәрібір өтей алмаймын. — Түу, сен де бас десе, құлақ деп… Ақша — тас алаңда. Пішен. М.Қаб. ~ Біреудің жоқшысы бола қалғанын. Бұ сығырға не айтарсың, бас десе құлақ дейді. Қ.Ысқ. ~ Ту…у, бас десе құлақ дейсіз. Қызба мінезің- ай! Егер қажет болса әйелдер о жағын да сізден сұрамайды. Қ.Жиен.
~ Сәл дауыс шығарып, өз ойымды айта бастасам: «Ақылы аздың – тiлi ащы. Бас десең – сирақ дейдi» деп жер жебiрiме жетедi. Р.Рай.

БАС ДЕСЕ, ҚҰЛАҚ (СИРАҚ) ДЕЙДІ Read More

БАС ДЕСЕ ҚҰЛАҒЫН КӨРСЕТЕДІ

Жөн білмейтін дүмшелік туралы. ~ Бас десе, құлағыңды көрсететінің не осы?! – деп балуан кеудесін көтеріп, кеңкілдей күлді. О.Сәрс. ~ Университет бітіріп жатқандар бас десең — құлағын көрсетіп, еш сызба сыза алмайды … Д.Дос. ~ Мынау не еңді, бас десе — құлағын көрсеткен өңшең дүдәмал дүмшелер, дінге сенетіндер… Д.Дос.

БАС ДЕСЕ ҚҰЛАҒЫН КӨРСЕТЕДІ Read More

БАС БҰРМАЙ КЕТТІ (БҰРМАДЫ)

Көз салмады, елемеді, қарамай кетті. ~ Көкшыбық кезінде біреуді жақсы көрді, бірақ ол бас бұрмай кетті. Қ.Түм. ~ Басқызбай аяғымды жолым ауыр, Кеудеден итергенде долы дауыл, Бас бұрмай өзгелердің гөй-гөйіне, Көмектің қаққан сен ең қоңырауын. Т.Жаң.

БАС БҰРМАЙ КЕТТІ (БҰРМАДЫ) Read More