БАС БҰЗАР

Жауыз, тентек, бұзақы. ~ Шам жағылғанда келгендердің жүзін түгел көрдік. Қасымовтың қасында осындағы қыздармен оқитын екі бас бұзардың төбесі қылтияды. Б.Тоғ. ~ Омбыдан жеттi үкiм де тәулiк аса‚ Зиянын‚ қаупiн айтқан “жаудың“ аса. Бас бұзар‚ тентек қана емес дептi‚ Егерде өлең жазып‚ ән құраса… К.Мырз.

БАС БҰЗАР Read More

БАС БОСТАНДЫҒЫ

Адамның тәуелсіздігі, өз еркінше өмір сүру құқы. ~ Ақша мен машинасын қайтарып, бас бостандығын қайтадан сатып алғандай Балта кәдімгідей қутыңдады. С.См. ~ Дәл аттанар алдында ол төрағаға: – Меруерт өзі қаласа, бас бостандығын алып бер! – Тек, заң жолымен! –деп пысықтады. Т.Әл.

БАС БОСТАНДЫҒЫ Read More

БАС БОЛДЫ

а) Билік етті, жетекші болды. ~ Есентемір Бөкен Сырымға мына сөздерді айтқан екен: «Саған батамды берейін, сен жас болғаныңмен, елге бас болғандай екенсің». Ж.Баб. ~ Шектіні де тегіс көшіріп әкетті. Бұл кезде Алпамыс он жасқа толған еді. Жас та болса, ақылымен Қоңырат еліне бас болды. А.Сей.

ә) Қамқорлық қылды, бауырына басты. ~ Оқыған дегендер де адамның баласы емес пе. Айналайын-ай, Дүлдүл тәтем елге қайтсын депті. Анау боқташаққа бас болар дегені ме екен. Дәмелінің көзіне жас келді. К.Қаз.

    БАС БОЛДЫ Read More

    БАС БІЛМЕС асау

    Ырыққа көнбейтін, тірі жанға дес бермейтін, жөн білмейтін бірбеткейлік, тентектік. ~ Өз жерін бар ділімен құлай сүйген жастың ешкімге, еш нәрсеге бағынбайтын ішкі жан сарайына қашап жазылған асыл мұраты, көңілінің бас білмес асау арғымағы, бөтен ұғымдарды мойындамай-тын бірбеткей мінезі мен соқыр да болса таза махаббаты еді. О.Бөк. ~ Нұрлан алтайдың күре тамыры іспетті ұлы өзен Бұқтыр-маны тұңғыш рет жек көрді – қатыгез, бас білмес асаулығы үшін жек көрді. О.Бөк. ~ Тозбас жасау болмас, Бас білмес асау болмас. М.-М. Жөн білмейтін бірбеткейлік, тентектік. ~ Нұрлан алтайдың күре тамыры іспетті ұлы өзен Бұқтырманы тұңғыш рет жек көрді – қатыгез, бас білмес асаулығы үшін жек көрді. М.Сүн.

    БАС БІЛМЕС асау Read More

    БАС БІЛМЕГЕН (БІЛМЕЙТІН) АСАУ (-ДАЙ …)

    Қолға үйренбеген, албырт, шәлкес. ~ Күн ұзақ бас білмейтін асау да арық-тұрақ сиырмен алысып, арып-ашып шаршап жер жыртып келген жұрт жүгері көжеге жапырласады. С.Шай. ~ Шақалақ ақынның бұралқы бұл тайпаның бәрі, тарпаң, жылқының бас білмеген асауындай, деп өлеңге қосатыны осы Ноғайқұлдың қолшоқпарлары еді. Т.Әл. ~ Тік жарқабаққа тұмсық тіреген қара қайық ондайда бас
    білмейтін асау құнандай мөңкіп- мөңкіп кетеді. М.Сүн. ~ Жігіт бұйрыққа көніп, татулықтың белгісін білдіру үшін, көршісінің бетінен сүймек болып еді, қасындағы қызы бас білмейтін жылқыдай шапшып, қол тигізбеді. Т.Әбд. ~ Емес пе бір тұрлаусыз жас күн деген, Жас жүрек албырт асау бас білмеген. Көр бала, көргені кем, көрсе ұнаған, Қобызды шалға күйін мастірлеген. І.Жанс.

    БАС БІЛМЕГЕН (БІЛМЕЙТІН) АСАУ (-ДАЙ …) Read More

    БАС БІЛДІРДІ

    Ырқына көндірді, асауды қолға үйретті. ~ Сол түрікменнен алған түйлерін әр үй бір-бірден байлап, саумақ боп, итбағаштап үйреткен. Түгелдің үйі де бір қызылшұнақ аруанаға бас білдірген. Ү.Жлк. ~ Жылқышы боп жүргенде талай асауды бас білдіргені бар. Ә.Нұрп. ~ Адам бойындағы асаулықты да соңыра тақымға салып бас білдірсек бірдейліктен не қалады? Ә.Нұрп. ~ Аузың қайсы десе, мұрнын көрсететін дүмшені алажаздай арпалысып аздап бас білдіріп жетекке еретіндей еткені рас. Т.Сәу. ~ Қазір ойлап қараса, оның мына сөзінің ар жағында «сені де бас білдірем» деп бұған қыр көрсеткен күш жатыр екен. Ә.Нұрп.

    БАС БІЛДІРДІ Read More

    БАС БІЛДІ

    Ырыққа көнді, машыққа түсті. ~ Күнәсіз, бейқам жас күнді Сұрама менен, жоқтама. Асауың, міне, бас білді, Ауыздық сал да, ноқтала. М.Мақ. ~ Ал, мынау… қаршадай басынан біреуге бүйідей түксиіп, сұсымен сескендіріп жатса, ықыласы түскенге райланып жылы жүзін жылтыратып, бойындағы сезімін бейне бас білген тайдай оңай билеп, оп-оңай құбылып отыр. Ә.Нұрп.

    БАС БІЛДІ Read More

    БАС БІЛГІ

    Қолға үйретілген, айтқаннан шықпайтын. ~ Онда Тораңғыл қасқа жеті жасқа келген кезі. Құнанында, дөненінде бас білгі, жүген білгі ету ешкімнің ойына келмепті. Т.Әс. ~ Бас білгі мама биелер желіден үркіп қашпайды, бауырына тығылған құлынды керісінше, бас иесіне икемдеп, бас шұлғып үйіріле қалады. Д.Дос. ~ Бәйтеректің діңгегінен шабылған қайық қалтқысыз қаздаң жүзіп барады. Рульге бас білгі қайық тұмсық толқынға да, қаптал толқынға да сыр бермей, нық сырғиды. Ш.Айт.

    БАС БІЛГІ Read More

    БАС БИЛІГІ ЖОҚ

    Өз еркі жоқ; біреуге қарап қалған; тәуелді. ~ Келесі жазда демалыс алып елге барамын. Сонда жатып «семпония» жазамын деді. Шал пәсейіп қалды. – Келесі жылы де…
    – Одан бері де келіп қалар. Жіберсе… – Өзінде бас билігі жоқ десейші. Д.Дос.

    БАС БИЛІГІ ЖОҚ Read More

    БАС БЕРДІ

    Мойын ұсынды, бағынды. ~ Жер жүзінде еңбек қылуға Қытайдай ерінбейтін, көнбіс ел жоқ; тағдырға бас берген дін пәлсепесі, темірдей берік жаралған дене жүйкесі, билей білген адамдардай көсем болса, Қытайды жауынгер ел қылғандай еді. Ж.Айм.

    БАС БЕРДІ Read More