БАС ИМЕДІ

Бағынбады, мойын ұсынбады. ~ Бөде Серікұлы ол кездегі Қояныштағай елінің болысы, белгілі беделді адамдардың бірі. Бірақ Бөде өзге болыстардай патша үкіметіне артық бас имеген, оның айтқандарын кейде орындамаған. Ә.Марғ. ~ Кезінде патша ұлықтарына да бас имеген өжет, тәкаппар кісімен нақ осылай кездесем деп ойламаған. Б.Тоғ.

БАС ИМЕДІ Read More

БАС ИЗЕСТІ

Бас шұлғысып, амандасты. ~ … адамдардың бір- бірін білмесе де әудем жерден бас изескен жылы көңілі жан сарайыңды жадыратып, көңіл сеңін қозғайды. Қ.Түм. ~ Сұлап жатқандар мен бүгіліп отырғандар үнсіз бас изесті. С.См.

БАС ИЗЕСТІ Read More

БАС ИЗЕДІ

а) Сәлем ишаратын жасады. ~ Балта қысыла бас изеді. С.См. ~ Ноғайқұлмен бас изей қоштасқан Бөкпенбай да артынан шоқырақтатып бара жатты. Т.Әл.

ә) Құптады, келісті, қоштады. ~ Ждақай сөзінің аяғын ашулы аяқтады. Оның сөзін Хансұлу да мақұлдағандай болмашы бас изеді. С.Ел. ~ Аралбай иіліп тұрып бас изеді. Оған ілесе Сандыбай да сақалын шошаңдатып басын сілкіп қалды. Бұл екеуінің осы сәттегі дәрменсіз де тәуелді бет әлпеттер. С.Ом.

    БАС ИЗЕДІ Read More

    БАС ИДІ

    а) Ілтипат қылды; ризашылығын білдіріп, иілді. ~ Жазушылар, суретшілер, композиторлар ұлы ақынның қабірін гүлге бөлеп, мазарына бас иіп, тəу етіп жүр. З.Қаб. ~ Сол кезде қарлығаш топ алдына ұшып шығыпты да, патшаның аяғына бас иіп былай депті … Б.Мом.

    ә Көнді; жан-тәнімен берілді. ~ Он жасыма кірген соң, Домбыра, гармонь білген соң, Мылтық атып жүрген соң, Аңшы боп түстім азапқа. Өзгеше болмақ сүйгенім Осыған басты игенім. Киімді бөтен кигенім, Ұқсатпай орыс, қазаққа. Шәк. ~ Көз бен көңілді арбаған құдірет сұлулық болса, сол құдіретке құлдық ұрып, бас иіп өтермін». C.См.

      БАС ИДІ Read More

      БАС ЖОҚ, КӨЗ ЖОҚ

      Жөн-жосықсыз. ~ Жә! Көп шуылдаудан не шығады. Бас жоқ, көз жоқ айқайлап қалған халықпыз. С.См. ~ Ғайнолланың қырғи-қабақ әлпетін көріп, Сәмет қарадай шыдамсызданып отыр. Сәмет айтты екен деп, бас жоқ, көз жоқ, түк себепсіз кетіп қалудың жөні келе қоймас. С.Ом. ~ Арада қанша уақыт өтті, кім білсін, бір кезде Сәлиманың даусы шықты: ─ Кәне, қаншығы қайда өзінің? ─ Қаншығы несі? Сәлима бас жоқ, көз жоқ қуыс — қуысты тіміскілей бастады. C.Шай.

      БАС ЖОҚ, КӨЗ ЖОҚ Read More

      БАС ЖОҚ, АЯҚ ЖОҚ

      Оқыстан, күтпеген жерден, еш қисынсыз д.м. ~ Шынында да, осыным қалай? Мынау тек қана мінəжат етуге келетін ақ мешітке мен бас жоқ, аяқ жоқ, қалай кіріп кетіп отырмын. З.Қаб. ~ Өзара сыбырласқан боп, оған да естірте: «Әжесі өлгенге неге жыламайды-ей?» — деп қоямыз. Аян естісе де, естімеген адамша міз бақпайды. Тек әлдебір уақытта, бас жоқ, аяқ жоқ: — Ертегі тыңдайсыңдар ма деді? — деді. Онан соң біздің жауабымызды күтпестен өзі бастап үйдің бұрышын айналды. — Жүріңдер, үйдің сыртына отырайық. С.Мұр. ~ – Ендi менiң саған ғана күйеуге тиюiм керек, шамасы, – деген құмығыңқы естiлген үн Жапардың алай-түлей көңiлiн одан сайын қотарып, астаң-кестең жасады. – Неге?! – дедi қапелiмде аузына өңге сөз түспей, бас жоқ, аяқ жоқ мынандай әңгiменi естiген соң жұлып алғандай. Ә.Ыб.

      БАС ЖОҚ, АЯҚ ЖОҚ Read More

      БАС ЖІБІ ЖОҚ

      Бетімен кеткендік, жүгенсіздік. ~ Бас жібі жоқ егіздей күшке салып, ақырып-жекіріп, қала халқының апшысын қуырғандары да бар еді. Осындай жүгенсіз азғындар көбінесе матростардың, анархис дейтін партия адамдарынан, солардың етегін ұстап, олжа түсе ме екен деп жалған «большевик» болған Орынбордың өз ұрыларынан құралған еді. С.Сей.

      БАС ЖІБІ ЖОҚ Read More

      БАС ЖАРЫП, КӨЗ ШЫҒАРДЫ

      Бұзақылыққа барды, сотқарлық жасады. ~ Мұндағылар құдайдың бір бере салғандары ғой. «Жерке, сіздердің айтқандарыңыз бізге заң» деп монтиып отырады шетінен. Ал мынауың бас жарып, көз шығарып тұрған біреу. Иілмейді, икемге келмейді. Н.Дәут. ~ Сіздерден несін жасырайын, білдей азамат екен. Бас жарып, көз шығара қоймас, тәуекел, алсам, алайын дедім. Ә.Тар.

      БАС ЖАРЫП, КӨЗ ШЫҒАРДЫ Read More