БАС АСАУЫ (АСАУЛЫҒЫ) БАСЫЛДЫ

Тентек мінезі, өзімшілдігі бәсең тартты, жөнге келді д.м.
~ Жан керек деп айта алмағанмен, әншейінде құлағына қол апартпайтын жас жігіттің ақсүйектерге тән жан тәттілігі иін жұмсартып, бас асауы басыла қалған екен, өзінен зорды көрсе көлгірсіп, күлімсірей қалатын ата ғадеті ме қалай, ырсыңдап күле берді. Ғ.Біл. ~ Оның аузынан осы келіп отырған қасың емес, досыңбыз, ойлан, Сибан, деген бір ауыз сөз шықса, Сибанның, бас асаулығы басылып-ақ қалар еді. Ғ.Мүс. ~ Оның үстіне авторы бас асауы басылмаған, сырбаздығы мен сыншыл ойы тең өрілген, өзіне- өзі және келер оқырманның жоғары бағасына қатты сенетін, мақтағаныңның өзінде бір сөзіңнен ши шықса жазғаның үшін өкінетіндей ғып жазғыратын, шамшыл да шыншыл Мұхтар Мағауин. Т.Жұрт.

БАС АСАУЫ (АСАУЛЫҒЫ) БАСЫЛДЫ Read More

БАС АСАУЫ (АСАУЛЫҒЫ) БАР

Бірбеткейлігі, шатақ мінезі, қиқарлығы бар. ~ Қыланды жігіт бір баран малды құрықтап: «Әкел жүген!» дегенде, Қартқожа тұра ұмтылды. Азырақ бас асаулығы бар екен, әрең дегенде жүгендеп алып, шаужайдан ұстап, жетектей жөнеді. Ж.Айм. ~ Тұрардың көбінесе бет-аузы көгеріп, ісіп жүреді. Ырыққа көнбей бұлғақтайтын бас асауы барларға басылар таңба осындай. Т.Сәу. ~ Роксана, шындығында да, жұтынып тұр, аздаған ғана бас асаулығы бар, онысы өз қадірін білгендігінің белгісі сияқты, жалынан еркелете сипасаң тез тыншиды. А.Смай.

БАС АСАУЫ (АСАУЛЫҒЫ) БАР Read More

БАС АСАУША ТУЛАДЫ

Бұлқынды, үркектеп қашқалақтады, біреудің ырқына көнбеді. ~ Бір ғажабы ─ басында бас асауша тулаған Бағдан көңілі мынадай ұтымды ой-пікірлерден кейін бір тыныш халге түсті айта берсе екен. Тыңдай берсем екен. Рас, Бағданға ауыр-ауыр сөздер де айтылды. С.Шай.

БАС АСАУША ТУЛАДЫ Read More

БАС АСАУЛЫҚ

Айтқанынан қайтпайтын, ешкімге бой бермейтін бірбеткейлік. ~ Өздерің қайтесің? Міне, Қартқожаның үйіндегі әңгіменің түрі. Бас асаулық былай қалды. Бұлқынуға дәрмен жоқ. Ж.Айм. ~ Шыңғыс «бас асаулық» қылып, салам ба деген бұғалығына тоқырамай, жұлқына берді. С.Мұқ. ~ Оның үстіне сәл бас асаулық байқатса-ақ үстіңгі адам тізгінді оқыс жұлқып қалғанда таңдайына темір трензель батып бауырына, кейде шабына қос шпор істіктей қадалады. С.Жүн. ~ Төзiп-төзiп келiп, бiр туласаң, өлген-тiрiлгенiңе қарамайтын бас асаулығың бар едi, сол мiнезiңе басып, арандап қалар ма екенсiң!” Т.Сәу.

БАС АСАУЛЫҚ Read More

БАС АСАУҒА ЖЕЗ НОҚТА

Небір бой бермес, бірбеткей адамды (жануарды) да амалын тауып көндіруге болады д.м. ~ Тарт, танысын тәңірісін, Бас асауға жез ноқта, Көрсін тегіс хан күшін! Тарт! М.Әу. ~ Бас асауға жез ноқта. М.-М.

БАС АСАУҒА ЖЕЗ НОҚТА Read More

БАС АСАУ

  1. Арқасына ер салдырмайтын, тарпаң, асау жылқы.
    ~ Коновалов енді бас асауға тесіле қарап, тақымы жыбырлап, шын құмартты. С.Жүн. ~ Адамды көргенде қалшылдап, сескеніп, үркектеп тұратын, арқасына ер салдыра қоймайтын, мінгенде шаба жөнелетін бас асаулар да тізгінмен шектеледі. Ж.Баб. ~ Адамды көргенде қалшылдап, сескеніп, үркектеп тұратын, арқасына ер салдыра қоймайтын, мінгенде шаба жөнелетін бас асаулар да тізгінмен шектеледі. Ж.Баб.
  2. Бірбеткей, өз айтқанымен ғана жүретін адам. ~ Ә л і б е к Сөзіне құлдық ұрдым, Айман-Айым, Солай деп жөнге салшы бас асауды. М.Әу. ~ Ішіндегі жас, жас та болса, ысқаяқтанып қалған үш қатыннан басқасының бәрі еркектер, олар да жүген-құрық көрмеген бас асау жастар. В.Расп.
БАС АСАУ Read More

БАС АРАЗДЫҚ

Өзара сыйыспаушылық, кек сақтау, керісу. ~ Ең алдымен адам өзін-өзі жақсы білуі керек. Әйтпегенде басқа біреуді түсінуге, оған баға беруге қабілетің жетпейді. Бас араздық, алакөз-дік осыдан басталады, біреуді осыдан өзіңе дұшпан санайсың. А.Жақ. ~ Қазір бұлардың шешетіні тым жауапты мәселе еді. Бірақ амал не, халық тағдыры бас араздықтың қанжығасында кете барды. І.Ес.

БАС АРАЗДЫҚ Read More

БАС АМАНДА

Ден сауда, аманшылықта, сау жүргенде. ~ Мынау маңайдағы ел жұтап, қырылып жатыр. Бас аманда пішеніңді шабатын, құдығыңды қазатын, малыңды суаратын, барып-келіңе жүретін сол ағайын болатын. М.Әу. ~ Б е н в о л и о. Қаш, Ромео! Халық бері бет алды. Тибальт өлді. Енді тұрма бұл жерде. Сені қазір тартады олар жауапқа. Онан-дағы бас аманда тайып тұр. Шекс.

БАС АМАНДА Read More

БАС АМАН БОЛСЫН

Көңіл жұбату үшін айтылатын тілек. ~ Бәрінен бұрын бас аман болсын,- дедім жағымды пішінмен,- тірлік болса, иланып кетесіз әлі. Сәрсенбай дөңгелек столдың ернеуіне екі қолымен таянып отыра кетті. С.Ом. ~ Талпынып тырысқанымда мен де бір музыкалық училищеге түсетін едім, енді өмірім осымен өтетін шығар» — деп Клара көзіне жас алды. Мен: «Қой, ден сау, бас аман болсын, бала-шағаңның қызығын көресің әлі» — деп жұбатқан болдым. Б.Тоғ. ~ Боз топырақты борп-борп басқан түбіт мұртың ауылды бетке алды. «Тізе деген не тәйірі, бас аман болсын» деп өзіме-өзім дем бердім. Қ.Жиен.

БАС АМАН БОЛСЫН Read More