БАС АЛМАЙ (АЛМАСТАН)

Басын көтермей, беріле оқу, жазу туралы. ~ Кiтаптан бас алмай, үнсiз бiр сопыдай сарылып отырып қалған Абай үй мен тыстан бiрдей, беймезгiл күз салқынын сезедi. М.Әу. ~ Шоқан осы үйдің өз баласы сияқты болып кетті. Сонда үнемі бас алмай оқитыны кітап. С.Мұқ. ~ Ахметовтің сол жағында Оспанов столға жабысып алып сүйкетіп жазып жатыр. Бас алмай жазуына қарағанда, тегі, мәжіліс хат жүргізіп отырған болар. Б.Соқ. ~ Мен ол беттердің бәрін дастарқандағы тәттінің бірінен соң бірін сұрап, қол созған баладай болып, бас алмастан оқи бердім. Ә.Нұрш.

БАС АЛМАЙ (АЛМАСТАН) Read More

БАС АЛМАДЫ

Бас көтермей, барынша беріле істеді. ~ Осы мәрте қолына қалам алып, егжей-тегжейлеп, әр жолын, сөзін қуалап бас алмады. М.Қаб. ~ Аспазбен шүйіркелесе сөйлесті, мұршасы келсе ән де салар еді, жұмыстан бас алмады. Көңілі алып ұшып ынтыға берді. Неге ынтығады көңіл? Жақсыға ынтыға ма? Жаманға ынтыға ма? М.Кәр. ~ Сенің кітаптарыңның орысша, қазақшасын қаны жібермей жинап жүрмін. Біздің Нарқоспақ кітаптан бас алмайды ғой. Оқып отырады. Т.Ах.

БАС АЛМАДЫ Read More

БАС АЛҚА (БАСАЛҚА) АЙТТЫ

Төрелігін айтты. ~ Сонау менi құдықтан алып ортаға алғанда бас алқа айтқан қария барлық түйiндi шешiп, бiздiң түйемiз бен тұзымыз өзiмiзге тидi. С.Бег. ~ Анығында, өсиетшіл қария, толғаушыл жыраудың негізгі міндеті өлеңшілік емес, елге басшылық істеп, басалқа айту болатын. Бұның екеуі де ең алдымен елдің ақылшы кемеңгері, заманның сыншысы, қырағысы болатын. М.Әу.

БАС АЛҚА (БАСАЛҚА) АЙТТЫ Read More

БАС АЛҚА

Баға беріп, жол сілтейтін төрешілер кеңесі. ~ Бір ауылға бас алқа болған адам, сен де мені сағындың қормал анам. Ө. Тәл. ~ … кейін келе магистр жетекшісі, кафедраның және ақпарат зертханасының меңгерушісі (жүргізушісі), деканның орынбасары, проректор … Ж.Шәк. ~ Сонау менi құдықтан алып ортаға алғанда бас алқа айтқан қария барлық түйiндi шешiп, бiздiң түйемiз бен тұзымыз өзiмiзге тидi. С.Бег. ~ Алғаш ат келгенде– ақ бар тобықты бірінші келген ат Мотыш Қосжетердің құла аты деп ұран шақырысқан– тын. Енді кеп Құнекең жатқан үйінен жаңағыдай парман жіберген. Осы арада Мырзаның басқарған серіктері бас алқаға түсті. Т.Жұр. ~ Қазір тіл қорында Алқақотан, алқа қотан қону, алқа қотан отыру, алқалай қону, алқалай отыру, алқалай иіру, алқалай төңіректеу, алқалай іңірттеу, алқалай айналу секілді ұғымдар көп. Алқалы той, алқалы топ, алқалы жиын, алқалы кеңес, мәжіліс алқасы, сот алқасы, редакция алқасы, бас алқа, ақылдастар алқасы, қазылар алқасы, той алқа тағы басқа сөздердің бәрі осы алқа жайында. Ж.Баб.

БАС АЛҚА Read More

БАС АЛДЫ

  1. Өсімдік дән салды. ~ Тәңертең жаңбыр жауатындай түнеріп тұр еді, ал қазір жарқырап кетті. Шынын айтқанда, биылғы күз жақсы өтті ғой, күздік егіс те жақсы бас алды. Чехов.
  2. Әлдебір құбылыстың басталуы туралы. ~ …Аңды мәңгүрт ету жолы айлалы iстен бас алды. Зұлымдыққа болған нұсқа, Торда отырған жолбарысқа Мынадай бiр таңғажайып тәжiрибе жасалды. М.Шах. ~ Көшерінде Қошалақтан талай кәде жасалды, бәрі, бәлкім, кәріліктен бас алды? Ж.Нәж.
БАС АЛДЫ Read More

БАС АЙНАЛАРЛЫҚТАЙ

Өте биік, өте күшті, өте әсерлі т.с.с. ~ Мұндай бас айналарлықтай аса жоғары марапатқа одақтас республикалар басшылары ішінде одан басқа ешкім жете алған жоқ. БАҚ
~ Алдымен, алғашқы Мәскеу декадасындағы жетістіктерімізден бас айналарлықтай болып шалқып тасып келген республика басшылары мен қазақ өнерпаздары алдында жалғыз меже, қалай еткенде де музыкалық пьесадан опера, музыкалық драма театрынан таза классикалық үлгідегі опера театрын жасау тұрды. А.Мұқ.

БАС АЙНАЛАРЛЫҚТАЙ Read More

БАС АДАМДАР

Елдің үлкендері; белді-беделді тұлғалары; сөзі дуалы көсемдері. ~ Бас адамдар халықты, Сатып сыйлар алыпты. А.Байт. ~ Ау! Бас адамдар, оқыған тоқыған адамдар! Бұ халықға бір бағыт сілтеңіздер, сілтегенде тек солай керек демек жеткіліксіз. «Қазақстан» гәзеті, 1911 ж. ~ Осы одақтың өкілдері – халықтың белгілі билері мен бас адамдары Тәуке хан ордасы маңындағы Күлтөбеде бас қосып, әдет-ғұрып заңдарын жетілдіруді қолға алды. Б.Қой.

БАС АДАМДАР Read More

БАС (БАСЫН) ҚАТЫРДЫ

Әлдебір мәселенің шешімін табу үшін көп ойланды, миын ашытты. ~ Шын мәнінде басқа мәселеге — екі сольдоға түрлі-түсті қанша шар алуға болатынына бас қатырып тұрғам. Ч.Пав. ~ Бекеттің ештеңеге алаңы жоқ, инженер дайындайтын техникалық оқу орнының бас қатыратын бытпылдық есеп- қисабына басымен сүңгіп, батты да кетті. З.Қаб. ~ … бағана ат үстінде мазалаған ойдың ұшығын әлі де таба алмай мыж- мыж болып бас қатырған. О.Бөк.

БАС (БАСЫН) ҚАТЫРДЫ Read More

БАС (БАСЫ) АЙНАЛДЫ

  1. Мақтанды, масаттанды. ~ Қоян жылы еліміздің абыройын асқақтатқан VII қысқы Азия Ойындарымен басталған. Жетістіктен бас айналды. Қазақстан құрамасы 32 алтын, 21 күміс және 17 қола медальды қоржынға салып, бірінші орынды иемденді. Т.Жақ.
  2. Елітіп, еркінен айрылды. ~ Бір-ақ күнде бақыттан бас айналды, Нешеме жыл қоңырқай жүргеніммен. Қ.Есб. ~ Бас айналды қуаныштан, шаттықтан Бақыт деген осы шығар бұйырған. Қ.Маж.
БАС (БАСЫ) АЙНАЛДЫ Read More