Қолда барға шүкіршілік ету, риза бола білу керек д.м. Әрбір жан мән беру арқылы өмір тағылымдарын ұғына түседі. Мұндайда тек күйіп — пісіп, уайым жеп, сабырсыздық танытатындар да кездеседі. Кейде барға мәзір, жоққа қанағат еткен жөн. Немесе келесі биігіңді күт. Ә.Ысқ. ~ Жә, жарайды, өзің қалайсың? Барға мәзір, жоққа қанағат. Бірақ, айықпас мұң ба, жәй ұқпас жын ба, көкіректе бір зіл жатыр… Міне, жаймашуақ жаз да жүгін жайғап, тайлап әлдебір жаққа жиналып жатыр. Жылуы кем, жылауы жиі күз де жақындап қалды. И.Сап. ~ Кейде барға мәзір, жоққа қанағат еткен жөн. Немесе келесі биігіңді күт. Ә.Ысқ. ~ Есіркеген шалды аяп кетті. — Қысылмаңыз, отағасы, барға мәзір, жоққа әзір… Біз ықыласыңызға да ризамыз… І.Ес. ~ Бұрынғы ділмар, данышпандар дүйім көптің ішінде ұлан- асыр дауды жұмбақпен айтып, жұмбақтап шешкен. Бізге ондай шешен қайдан бітсін! Бірақ, «барға мәзір, жоққа салауат» деген бар емес пе? Сен неге біздің сөзімізді қомсынасың?!. Т.Әл.
ТҰРАҚТЫ ТІРКЕСТЕР
Бұл категорияда сөздікте келтірілген 25 мың фразеологизмнің ішінен пайдаланушы іздегендері ретімен көрсетіліп отырады.
БАРҒА ҚАНАҒАТ, ЖОҚҚА САБЫР (САЛАУАТ, КӨНБІСТІК)
Қанағатшылдық; құдайдың бергеніне шүкір дейтін тоқмейілдік туралы. ~ Жұман момын адам: кісіден тіленбейді, кісіге жағынбайды, бес уақыт намазын оқып: «А құдай, бергеніңе шүкір» деп, барға қанағат, жоққа сабыр ететін бір бейуаз. Ж.Айм. ~ Бәрі ағаштан жасалған, бәрінің ернеуі кетік-кетік. Ғазиза марқұм дүние-мүлікке мән бермейтін жан еді, барға қанағат, жоққа салауат айтып жүре беретін. Д.Әш. ~ Сен маған: балаңа талап қоймайсың — дейсің. Аспанда бір құдай бар ғой! Мен оған айта-айта жағым талған. Ал қазір қойғанмын, ақпақұлақ қой ол, айтқаннан не пайда! Енді барға қанағат, жоққа салауат. В.Рас. ~ Бақ сынағанның айыбы жоқ, көз жетер жерден арғыны көре алмай, заманына ере алмайқалған үйкүшіктік – айып, барға қанағат, жоққа көнбістік – айып. К.Сег.
БАРАР ЖЕРІҢ ҚАЙ БАЛҚАН
Қайда барып жан сауғалайсың д.м. ~ Біз сияқты, шала сауатты жастарды күнде жинап, оңды-солын айыртып, қалғыған халден жұлқылап оятып жатқан жан емессің. Ал асыға ғой, уақытың жетпесін; сонда ат маңдайын туралап барар жерің қай Балқан?— деді болжаском. Х.Ес.
БАРАР ЖЕР, БАСАР ТАУЫ ЖОҚ
Пана болар тұрағы, қорған болар жақыны жоқ. ~ Қаланың кедейі намыс үшін болса да жалғыз ғана нан мен сорпаға жалданбайды. Ол он бес тиын болса да еңбегін айтып, ақы алады. Ал ауылдан келген, барар жер, басар тауы жоқ аш кедей қайтеді? М.Әу. ~ Құмырсқа-Шынаргүл парк ішінде жылап отыр. Барар жер, басар тауы жоқ, қаңғығандардың қатарын көбейтіп, жүре бермек пе. Ш.Құм.
БАРАҚ ИТТЕЙ ДАРЫЛДАДЫ
Беталды даурығып, шу көтеоді. ~ Қостанайдан бізге қос болып ілесіп еді, балық сасыған жатаған залдың күңірсігін қоса ала шыққан екен, екеуінің қолында арақтың екі шишасы мен екі шабақ, барақ иттей дарылдап өлең айтқан боп бүкіл арқаның аспанын былғап келеді. Қ.Ысқ.
БАР ТЕТІГІ АУЗЫНДА ТҰРАДЫ
Аңғал, аңқылдақ адам туралы. ~ Бұған дейін, мен бұл адамды «бар тетігі аузында тұратын, ол тетігін ағытса, ішкі сарайы түгел көрінетін, көрінген сарайының ішінде қымбаты азғантай, бары сүреңсіз, жұқалаң кісі ғой» деп бағалайтын ем. С.Мұқ.
БАР ПӘЛЕ (ПӘЛЕНІҢ БӘРІ)
Жамандықтың бәрі. ~ Бара-бара бар пәле Ботабайда екенін бұл ұқты. «Тегін келген жоқ. Айлығы жақсы әскери қызметін тастап, жылы жайлы орнын тастап қу медиен далаға есі дұрыс адам тегіннен-тегін тұра көше ме? Жо-жо-о-оқ! Бұнда бір сыр бар…» Ә.Тар. ~ Жанын жеген індеттен құтылудың ең оңай жолы осы екен деп түйген, бар пәле содан басталып кетті емес пе! Ә.Тар. ~ Менің тілім байланып қалды. Маңдайымнан бұрқ етіп тер де шығып кетсе керек. Өйткені пәленің бәрі осы соңғы «с» да жатыр еді. Б.Соқ.
БАР ӨНЕРІ
Қолынан келетіні, шамасы жететіні; бар ойлайтыны, діттейтіні. ~ Кейбіреулердің бар өнері, мақсаты киімін түзетпек, жүріс-тұрысын түзетпек болады да, мұнысын өзіне бар дәулет біледі. Абай. ~ Олар қазіргі таңда өндірісті, көлікті жасағанымен, рухани жағынан шөгіп қалды. Азғындап қалды. Неге? Себебі, олар дүниенің көрінбеген сырына мән бермеді. М.Мыр. ~ Бар өнері — бақыру, тамақ жеу, күн санап өсу. Қарны ашса болғаны бақырады, бірдеме жегізсең қоя қояды. Дж.Лон.
бар ойы
Көксеген мақсаты, есіл-дерті. ~ Түздің әліппесі басқа. Оны Шәукеннің қашан тауысары және белгісіз. Бұл сәттегі оның бар ойы – Сейдінге жетіп құлау. Т.Әл. ~ Бұның бар ойы — қойны-қонышына зорлап бірдеңе тығып‚ нашақор атандырғысы келсе‚ өлгенше қарсыласып бағу. Қ.Түм.
БАР МӘЗІРІН АЛДЫНА ҚОЙДЫ (ЖАЙДЫ)
Үйде барын дастарқанға жайды. ~ Оларды үйге кіргізіп жіберді. Осы шаруаны тындырған соң балаларды жуындырып, шаштарын тарады, бар мәзірін алдына қойып, тамақтандырды. М.Кәр. ~ Шәугімге бір уыс шай салып, үстіне сүт құйды да, бір бұрқ еткізіп алды. Ақ шаршы, бөртпе сүлгінің бүктеуін жазып, бар мәзірін алдымызға жайды. Т.Сәу.
