БАЙТАЛ ТҮГІЛІ БАС ҚАЙҒЫ (БОЛДЫ)

Басына түскен қайғыдан басқа ештеңені ойлай алмай қалды. ~ Қожанияз бастаған диқандар көтерілісі туып, байтал түгілі басқайғы болған қытай жағының Әліпті қудалауға шамасы келмей қалған. Ж.Шәк. ~ Таңдайы құрғап қалыпты. Әлгінде «Байтал тұрмақ, бас қайғы» деп су сұрап ішуге де мұршасы болмап еді. С.Ел.

БАЙТАЛ ТҮГІЛІ БАС ҚАЙҒЫ (БОЛДЫ) Read More

БАЙСАЛ ТАПТЫ

Тынышталды, сабасына түсті. ~ Сөйтіп, ішіндегі ыза-кегін, күмән-күдігін ақтарып, Бегімайды Жанбоз қабырғаға ілген
картинаның астына сұлатып тастаған соң байсал тапқан. Д.Қуат.

БАЙСАЛ ТАПТЫ Read More

БАЙРАҚ КӨТЕРІП, САЙРАҚҚА АТТАНДЫ

Алыс жолға, қиын сапарға аттанды. ~ Сол күнгі сырласуым онымен ақырғы сырласу, күндіз көшеде серуендеуім соңғы қыдыру екенін біліппін бе, мен бейбақ. Байрақ көтеріп сайраққа аттанғанда, оны қайта көрмейтінімді білсем етті. Ақылды туған жан еді ғой ол. Б.Қыд.

БАЙРАҚ КӨТЕРІП, САЙРАҚҚА АТТАНДЫ Read More

БАЙЛЫҒЫ МЕН ШАЙЛЫҒЫ

Бар дүниесі, қуанышы мен бақыты, өмір мәнісі. ~ Әйелдің байлығы мен шайлығы — адалдық, содан соң жарын сүю мен түсінуі. М.Қаб. ~ Ықылым замандардан бері таққа талас бір туған ағайындарды да араздастырып, бауырларды бөтен етіп, басқаларын жауыздыққа дейін итермелемеп пе еді?! Ал, қазіргі күннің бағы да, тағы да, байлығы мен шайлығы да- лауазымды қызмет, атақ… М.Бақ.

БАЙЛЫҒЫ МЕН ШАЙЛЫҒЫ Read More

БАЙЛАУЫН АЙТТЫ

Шешімін айтты, үкім шығарды, пікірін жеткізді. ~ Ашу қысқан ол сөйлесе даусы қалтырап кететінін сезіп, үндемей құтылмақ боп, тысқа шығуға ыңғайланғанда, бар құбылысты бағанадан бері бағып отырған әкесі де өз байлауын айтып қалды. Т.Әл.

БАЙЛАУЫН АЙТТЫ Read More

БАЙЛАУЫ ЖОҚ

Тиянақсыз, құбылмалы, бірде олай, бірде бұлай. ~ Көңіл, күнгірт ескіліктің Солар сырлы ертегісі, Байлауы жоқ сағым түсі, Қауіп, болжал, талқы, өсектің, Я бір мылжың ертек арты, Я жас қыздың жазған хаты. І.Жанс. ~ Өтеді бәрі, елеске ұқсап өтеді, Байлауы жоқ, белгісіз тұрақ, мекені. Қ.Бұғ. ~ Сөзге тым ширақсың, іске қалайсың деп мен тұрдым. Әлде сенікі тақылдаған тіл ме екен. Байлауы жоқ шешеннен үндемеген есті артық. Б.Қыд.

БАЙЛАУЫ ЖОҚ Read More

БАЙЛАУЛЫ СӨЗ

Тиянақты ой; қорытынды пікір; уәделі сөз. ~ Қысқасы, енді бір жұма орайында Семейдің ар жақ, бер жағы және толып жатқан жақын елдер, жатақ ауылдары мүфтиге қосылу туралы байлаулы сөзін айтатын кез жетіп еді. М.Әу. ~ Болыс әлі де үндеген жоқ. Ойланғандай, байлаулы сөзді айтпай, іркілген сияқты ма, болмаса, бір талай уақыт күдіктендіріп барып, қымбаттап түспек пе, үй іші түгелімен Бақтығұлға жылы шыраймен қарап, тілегін беруге қарсы емес сияқтанса да, болыс бұл түнде еш нәрсені байлаған жоқ та, Бақтығұлдың сөзін әзірше шешусіз қалдырғандай қылып, жауап берген жоқ. М.Әу.

БАЙЛАУЛЫ СӨЗ Read More