Жаудың зәресі ұшып, жүрегі шайылатын қаһар, айбын, сұс мәнінде. ~ Қалмақ жұрты қаһарынан қара жер қалтырайтын…
ТҰРАҚТЫ ТІРКЕСТЕР
Бұл категорияда сөздікте келтірілген 25 мың фразеологизмнің ішінен пайдаланушы іздегендері ретімен көрсетіліп отырады.
АРЫСТАН ЖҮРЕКТІ
Ештеңеден сескенбейтін, қаймықпайтын батырлық, жүректілік хақында. ~ Ай мен күндей ажарлы сұлу, қыршын жастарды да, арыстан…
АРЫСТАН КЕУДЕ (КЕУДЕЛІ)
Арын ешкімге таптатпайтын, намысты қолдан бермейтін, жаужүрек, ер мінезді д.м. ~ Белдескенін белден басып, алысқанын атып…
АРЫСТАНДАЙ АЗУЛЫ
Қуат-күші мол, жауын жайпап жіберерлік қайраты бар. ~ Қарағым– ау, арыстандай азулы қайның бар емес пе?…
АРЫСТАНДАЙ АЙБАТ ҚЫЛДЫ (ШЕКТІ)
Азуын көрсетіп, сес танытты, сұстанды, қаһар төкті. ~ Елден безген есерсоқ, соқпа құрғыр, Арыстандай айбат қып…
АРЫСТАНДАЙ АЙБАТТЫ (АЙБАРЛЫ)
Сұсты, қаһарлы. ~ Тірі екенін теңіздің өзі айтып жатыр емес пе, тыңдаңызшы… анау арыстандай айбатты толқындар…
АРЫСТАНДАЙ АЙБАТТЫ, ЖОЛБАРЫСТАЙ ҚАЙРАТТЫ
Сұсты, қаһарлы, ер жүрек. ~ Арыстандай айбатты, Жолбарыстай қайратты, Қырандай күшті қанатты. Мен жастарға сенемін! М.Жұм.…
АРЫСТАНДАЙ АҚЫРДЫ
Сұстана, қаһарлы үнмен айбат шекті. ~ Кеше ғана арыстандай ақырып жүрген адамның бүгінде мүсәпір мысыққа айналғаны…
АРШЫЛМАҒАН ҚАУЫН, АҚТАРЫЛМАҒАН БОҚША
Он екі де бір гүлі ашылмаған балғындық хақында. ~ Сол бір сұрқия ойдың иесі Сақан: —…
АРЫНА ДАҚ (КІР) ЖАҒЫЛДЫ (КЕЛТІРДІ)
Абыройынан айрылды, ұяттан кетті. ~ …Ақбілек ақ әскерлерінен, «қара мұрттан» қашып құтылғанымен, жүрегін жаншыған жарадан, арына…
