БУРАДАЙ ЖЫНЫН ШАШТЫ

Зәрін төгіп, жер жебіріне жетіп ұрысты, аузынан ақ ит кіріп, көк ит шықты. ~ Ұлтарақ, сен тұра тұр. Жазаңды бергізермін. Ит жеккенге айдатпасам Саурық атым өшсін», – деп бурадай жынын шашып, борандатып жүр. Ә.Шәр. ~ Осы жөнінде жаңа ғана жағаласып шықтым. Қу жақ шал тіпті міз бағар емес. Біздің Сталинге жазған хатымызбен танысқан екен, бурадай жынын шашып отыр… Жүр, Мұқаңа барып сәлем берейік. Б.Тоғ.

БУРАДАЙ ЖЫНЫН ШАШТЫ Read More

БУРАДАЙ БУЫРҚАНДЫ (БҰРҚЫРАДЫ (БҰРҚЫЛДАДЫ)

Зіркілдеді, ашуланды, кәрін төкті. ~ … қызметі өскен сайын аралас-құраласы да көбейген, сауда төңірегінде не көп -қыз көп, соңғы жылдары соңынан сыбыс та ере бастаған, сондай бір сүмелек сөзді құлағы шалып қалғанда Нұр бурадай буырқанатын. Ә.Тар. ~ Айбатына мініп, кәрі бурадай буырқанып жүрген Кетбұға жаудың қос қапталдан бірдей қусыра бастағанын байқап қалды. Д.Рам.

Бұлқан-талқан ашуланды, зәрленді. ~ Дәл сол кезде сен қарлы, жаңбырлы қара дауылыңды соққызып, Әділді урядник бір айдаса, ыққа қарай сен дауылыңмен екі айдап, бурадай бұрқырағаның, жерді қара түтек боран қылып, аспанды қapa жаңбырлы қара бұлтпен қаптағанын Әділге қылған көрің бе? Шәк. ~ Құлағы түк естір емес. Біреу бұның екі қолын қайырып ұстап алған. Бұл екі иығын жұлып жеп, ақырып: — Қырам!!! Жоям!!! Талқандаймын!!! — деп бурадай бұрқырайды. Сөйтсе бұған кеп бір бала жармасып жүр, іштен түйгілеп, жылап. С.Ел. ~ Бұл — «оңшылдық пен солшылдық». Бұл — әкімшілік қолданғандық. Бұл — асыра сілтеушілік. Бұл — жеке шаруаға тізе көрсеткендік! Мен бұған көнбеймін, мен ізденем!—деп, Мұқыш бурадай бұрқылдады. Б.Май.

БУРАДАЙ БУЫРҚАНДЫ (БҰРҚЫРАДЫ (БҰРҚЫЛДАДЫ) Read More

БР ҚАЗАНДА ҚАЙНАДЫ

Тағдырлас, ниеттес д.м. ~ Быт-шыт болып шашыраған ойларым, Қайта оралып, бір қазанда қайнадың. Тамшыдай ғып шашып алған сезімім Бастауында бас қосатын өзінің… Б.Раис. ~ Ал сол көнбістігі мен ширақтығы бір қазанда қайнаған қазағымның қайнар бұлағы ауылда жатыр. АҚ («Ауылға «стажировка»).

БР ҚАЗАНДА ҚАЙНАДЫ Read More

БӨТЕН СӨЗ

Орайсыз пікір, өсек; артық әңгіме; ұнамсыз кеп. ~ Ақ сауыт сонда сөйлейді: «Батыр Сайын, қорықпашы! Бөтен сөзді айтпашы! Қатарланған қамалды, Бұза алмасаң, саған серт! Тоқсан қабат оқ жетсе, Оқ өткізсем, маған серт!» А.Байт. («Ер Сайын») ~ (Ақбілек) ақырында: » Өз ындының солай болса, оныңа мен де бөтен сөз айта алмаймын. Жалғыз-ақ дос бар еді, дұспан бар еді, құрбы-құрдас бар еді. Екеуміздің осы жүргенімізді де көре алмайтын кісілер бар еді… Тек солардың табасына қаламыз ба, бірде болмаса бірде бетіңе салық қып, сүйегіңе таңба бола ма деп, артын ойлағанымыз болмаса…» — деген сөзге әкеп тіреді. Ж.Айм.

БӨТЕН СӨЗ Read More

БӨТЕН ОЙ

Арамдық, жаман ниет. * Балалық махаббаты тамашада Қызарып, ұялысып оңашада, Бір сағат көрісе алмай тұра алмаушы ек, Көңілде бір бөтен ой болмаса да. М.Жұм. ~ Көңіліне әлде бөтен ой кірді ме, Қалаға кетуге, әлде бой ұрды ма, Әлде онда менен өзге жары бар ма? Әлде қырдың қызығы тойдырды ма?! Ж.Айм. * Бұдан былайғы тірлікте Дәрмен мен Мәкеннің қолында тұрса, олармен тату-тәтті болмақтан бөтен ой, басқа мінез өзінен шықпайтынын саналы әйел жақсы аңғарды. М.Әу.

БӨТЕН ОЙ Read More

БӨТЕН НИЕТ

Арам ой, жаманшылық пейіл. * Саған деген менде бөтен ниет болып көрген жоқ, қара басым қара жерге кіргенше, ондай ниет болар деп ойламаймын…— деп достықтың нысанын көрсетті. Ж.Айм. * Сенде бөтен ниет болар деп мен де ойлаған емен. Әуелі құдай құдайдан соңғы жақыным да, досым да сен деп білем. Ж.Айм. * Үшбу Ақберген иолдашымны сізге көңіл айтып, аманлық, білу ушін жіберіп отырмын. һар нешік болсын, біздің көңілімде бөтен ниет жоқ. Ж.Айм.

БӨТЕН НИЕТ Read More

БӨТЕН МІНЕЗ КӨРСЕТТІ

Бассыздық, тәрбиесіздік танытты. ~ Адамның сыртқы бітімі — ішкі жан-дүниесін көрсетеді. Ішкі дүниесі — сайқал, қызғаншақ, іші тар, білімі таяз, ардан кеткен, ақылдан азған адамдар тұрған жерінде шәркез жылқыдай одырайып бөтен мінез көрсетіп, айналасымен ұрыс-қағыс шығарып, сыйымсыз болып өтеді. Б.Боп. ~ Жан сырымды көзімнен жалықпай ұқ, Бөтен мінез ешқашан танытпайық.Сыңарына сыр ашқан қос аққудай Махаббаттың көгінде қалықтайық. Ғ.Қож.

БӨТЕН МІНЕЗ КӨРСЕТТІ Read More

БӨТЕН ҚОЛ

Жаттың, көлденең біреудің иелігі. ~ Жағасына жармасатын қауіптілігіне қарамай, өзімен тұқымдас мансаптыларды сүйеніш етті. Жазым болып кетсем, өз туысымның қолынан жазым болайын, қолымдағы тізгін қалса, солардың қолында қалсын, бөтен қолға өтіп кетпесін деп қарады. Ғ.Біл.

БӨТЕН ҚОЛ Read More