БОЙЫ ӨСІП, ШОҚТЫҒЫ ШЫҚПАДЫ

Ақыл кірмеді, ойы түзелмеді; алға жылжымады. ~ Сейтен бұлардан озып, алдыңғы кетіп бара жатқандарға келгенде, олардың да сөздері ілгешекті болып шықты. Ең жаманы — бір де біреуінің бойы өсіп, шоқтығы шықпаған секілді. Ғ.Мүс.

БОЙЫ ӨСІП, ШОҚТЫҒЫ ШЫҚПАДЫ Read More

БОЙЫ МАУЖЫРАДЫ

Бүкіл денесі дел-сал болып, болбыр тартты. ~ Содан соң ештеме болмайды. Ертең кешке дейін, бір тәулік бойы маужырап ұйықтай береді. Егер көрсеңіз қызық. Желсіз тымық күні жатқан жеріндегі судың беті түгел май боп кетеді. С.Жүн. ~ Түн ортасынан жаңа ғана ауған мезгіл сияқты. Нағыз тәтті ұйқының шағы да. Бүкіл тұла бойы маужырап ұйып, дәл осы күйде талықсып ұйықтап жата бергісі келеді. Бұл шақта адам белгісіз бір, жақсы әуезге тербетіліп, талықсып қана ұйықтайтын болар. С.Мұр.

БОЙЫ МАУЖЫРАДЫ Read More

БОЙЫ ЖЕТПЕЙТІН ӨРЕГЕ ҚОЛ СОЗДЫ

Қолынан келмейтін іске талпынды. ~ … өзінің дөрекілік жасап алғанын енді аңғарған Мақан тәйжі құйрығымен артын майқаңдап, ізін жасырған түлкідей қипақтай бұлаңдады. Бойы жетпейтін өреге қол созғанын сезіп, үріккен сауысқандай қыпылық қақты. Қ.Тол.

БОЙЫ ЖЕТПЕЙТІН ӨРЕГЕ ҚОЛ СОЗДЫ Read More

БОЙЫ ЖАЗЫЛДЫ

Көңілі сергіп, өне бойы жеңіл тартты. ~ Суық киіз үйде арқасынан аяз өтіп, бүрсеңдеп отыратын Бақтығұлға мынау үй, бір қонып кететін болса да, үлкен асыл сый сияқты көрінді. Көңілі талай күнгі кірбеңінен жадырағандай. Барлық тіршіліктің жетімсіреткен жүдеу күйін шаққандай, бойы жазылып, бастан кешіріп жүрген халін айта бастады. М.Әу. ~ Тар үй, тар қала, тар көшеде, анау ұлан байтақ даланы, асқар ала тауды, жасыл орманды, ит жүгіртіп, құс салғанды көрмей не ғып шыдап жүреді екен?! Не ғып бойы жазылады екен?! Япырау бұлар мүлде осыған үйреніп алған-ау! Орыс болған-ау! Ж.Айм. ~ Сыртқа қайта шыққанда Жанай әжептәуір көңілденіп қалған еді. Бір түрлі бойы жазылып, жадырап, сөйлегісі, күлгісі келеді. Клубқа кірді. Тағы да Халимамен билеп кетті. С.Мұр.

БОЙЫ ЖАЗЫЛДЫ Read More

БОЙЫ ЖАДЫРАДЫ

Көңілі көтерілді, шаттанды, масаттанды. * Көктемнің бауырмал, жарқын күні жерге нұрын үшкіріп, ызғарын аластап, жүзіне шырай бергенде, жігіттердің де бойы жадырады. Ж.Айм. ~ Тұраш еріндерін күйдіре отырып ыстық суды сораптап іше бастады. Ішкен сайын бойы жадырап, тершіп, жан-дүниесі бұрын өзі сезіп, біліп көрмеген рақатқа батты. С.Мұр.

БОЙЫ ЖАДЫРАДЫ Read More

БОЙЫ БОСАДЫ (БОСАҢСЫДЫ)

Бүкіл денесі жеңілдеп салды. ~ Сосын ба, сосын өзінің жалғызы, қара баласын қалай құшып, қалай иіскейтінін ойлады. Күннің иісі мүңкіген, тер сасыған баласын қалай құмарлана сүйетінін ойлағанда бойы босап, көздеріне жас үйірілгенін сезді. К.Өтж. ~ Соңғы сөздерді Зух шынға санамады. Бойы босап, біртүрлі жеңілдеп шықты. Старшина да қатты сөз айтпады оған. Егер айыбы болса, орманды басына көтере жерден алып, жерге салып, сөгер еді. М.Кәр. ~ Өмірі тіпті ұйықтамаған адамша, көзі шарасынан шығып кетті. Бұдан бір минут бұрын басы зеңіп, бойы босап тұрған жайы сап болды. Л.Тол. ~ Жұтыр қара Сиқыршының айтқанын бұлжытпай орындаған. Бір уақытта аузынан ып-ыстық дем бұрқ етті де, көкірегі сұп-суық боп мұздап сала берді. Көмейіне лоқсық тіреліп, тұншыға тыпыршып біраз қиналып барып бойы босаңсыған. Т.Сәу.

БОЙЫ БОСАДЫ (БОСАҢСЫДЫ) Read More

БОЙЫ БІР ЫСЫП, БІР СУЫДЫ

Қатты қобалжыды, күйіп-жанды. * Тәлкөшке аралап болып, үйге кайтып келеміз. Мынау міне Пастер көшесі. Гауһар үйі алдымызда. Менің бойым бір ысып, бір суи бастады. Тағы да қақпаның түбінде Гауһар кездесіп қалса игі еді. Б.Соқп.

БОЙЫ БІР ЫСЫП, БІР СУЫДЫ Read More

БОЙЫ БІР ТҰТАМ

Шағын бойлы, тапал, қортық. * Бойы бір тұтам үрген тұлыптай бәкене жігіт безектеп Бекетті шыр айналды; мойнына асылайын деп еді, қолы жетпеді, құшақтайын деп еді, қарыны тіреп жібермеді, ақыры шаршап — шалдығып от басына барып итінді. Қ.Ысқ. * Баяғы Оразбек емес. «Әй, сол да кісі ме!», «Ой, ол да адам ба?!» деп күшеніп, күпініп сөйлейтін болыпты. Бір тұтам қортық бойы да ұзарған сияқты ма… Н.Дәут. * Бойы бір тұтам үрген тұлыптай бәкене жігіт безектеп Бекетті шыр айналды … Қ.Ысқ.

БОЙЫ БІР ТҰТАМ Read More