БЕТІНЕН ҰЯТЫ (ИМАНЫ) КЕТПЕГЕН

Әдепті, ибалы, жүзі мейірлі адам туралы. ~ — «Түсі игіден түңілме» деген. Түсі айтып тұр, — деді шайды сораптап қойып ол. — Бетінен ұяты кетпеген екен, қатты қысылды ғой әлгінде. Н.Сер. ~ Қорап толы шүпірлеген ығы-жығы адам. Жарқылдаған күректеріне қарағанда дәу де болса сушылар. Тоқтатып алып, бетінен иманы кете қоймаған жас шоферге жолаушыларды заңсыз отырғызғаны үшін ескерту берді. М.Қаб.

БЕТІНЕН ҰЯТЫ (ИМАНЫ) КЕТПЕГЕН Read More

БЕТІНЕН ТҮГІ ШЫҚТЫ

Ашу шақырып, шамырқанды, түтігіп кетті. * «Жирен орыс манағыдай емес, Ақбiлекке өлiп-өшкенiн қойып, бетiнен түгi шығып, әкесі өлгендей, бас mepici аузына mүcin кeminmi» Ж.Айм. * Бұрын да кит етсе шамырқанып, бетінен түгі шығатын Тастан жас тоқалды мүлдем тізгіндеп алған. «Отырса опақ, тұрса сопақ» деп, өзінің мазағы аздай, соңына екі бәйбішесін салып қойды. С.Жүніс. * – Құлшығашқа қатын әперіп, өзі отасқандай қуанып жүр ғой. Басында болар…- Келіншектің бетінен түгі шығып тұрған. Нағанай әдейі шапқа түртті, тулата түскісі келді. Д.Досж. * Бетінен түгі шығып өз-өзінен түтіккен байдың жүзінде қысылыс байқалады. С.Жүніс. * Келе ауыл ақсақалы Сатай қарттың үйіне «жазықтыларды» жинап алған, ақи Жәнібек бетінен түгі шығып, істің төте жолын, бір-ақ айтты. С.Жүніс.

БЕТІНЕН ТҮГІ ШЫҚТЫ Read More

БЕТІНЕН СУРЕТІ КЕТТІ

Өңі қашты. ~ Жаратқанға жалынды: – Артымнан қуып жау жетті, Ашпадың Құдай бағымды, Жарылқасаң не қылды, Құтылам деп бұ жаудан Аралай қаштым тауыңды. Сақтаған Құдай көп екен Маған деген жауыңды. Басымнан кетті сәулетім, Бетімнен кетті суретім. Құртамысың, Құдай-ай, Бұл ғаріптің әулетін. «Қыз Жібек».

БЕТІНЕН СУРЕТІ КЕТТІ Read More

БЕТІНЕН САЙТАН ТАЙЫП ЖЫҒЫЛАРЛЫҚ

Сақал-мұрттан жұрдай. ~ Тіп-тік, ұзын денесінен кесіп алса қан шықпас, кеуіп қалған. Бетінен сайтан тайып жығыларлық — сақал-мұрттан жұрдай. Жылтыр қара. Әлі бір жылы сөзін, езу тартқанын көрген емес жұмысшылар. Арызды жүре тыңдайды. Ғ.Мұст.

БЕТІНЕН САЙТАН ТАЙЫП ЖЫҒЫЛАРЛЫҚ Read More

БЕТІНЕН ОТЫ ШЫҚТЫ

Қызарып кетті; қатты ұялды, қысылды. ~ Сендей қызды солай сүй… үйрету керек деп қарап отыр. Бетімізден отымыз шықты. Ж.Айм. ~ Жарықтығым, енді қайтсайшы, тəубе-таупиыққа келсейші… Мүйізің шыққандай болды ғой… Міне, жұрттың сенен тілейтіні осы… – деп сөзін аяқтады. Əзір арсыз болса да, Қасымның бетінен оты шықты. Қайтсін: бəрі де сақалды басымен мойын салып отырғансын… Ж.Айм. ~ Дүйсековтің үйінде өткен мазасыз кеш қазір есіне түссе, бетінен оты шығады. О.Сәр. ~ … — Сонымен, жазға салым ауылға ағатайым келді. Мен әлі әкеме көріне алмай, Ұрқияның үйінде жүруші едім. Әңгіменің бәрін ағатайым естіпті. Әкемді көндіріп, ағатайым үйге алып келді… Бетімнен отым шығып әрең бардым.
Ж.Айм.

БЕТІНЕН ОТЫ ШЫҚТЫ Read More

БЕТІНЕН НҰРЫ ТАМҒАН

Ақпейіл, сұлу жүзді. ~ Бірі – қазақтың кəдімгі қарауға көз керек дейтін, бетінен нұры тамған, мағжаншыл ақын Шаңғытбаевтың «Нұрдан туған, һүрден туған» деп талықсып-тамсана жырлайтын, тек бет пішінінде ғана емес, күллі дене мүсінінде бір де бір осы қалай жері жоқ, жасы да шамамен сол қайран жиырма бестің өзі болар- ау… қой, не айта беретіні бар, мінсіз сұлу келіншек. З.Қабд. * Айтуардың жүзінен нұры төгіліп тұр, күнәкар деуге қалай аузы барады. «Тіфә-тіфә! Әне бір дәрігер бойжеткеннің бетінен нұры тамып, аяқ астынан көкейіне құрт түсіргені ғой қараптан-қарап. Д.Досж.

БЕТІНЕН НҰРЫ ТАМҒАН Read More

БЕТІНЕН ҚАҚПАДЫ (ҚАҚҚАН ЕМЕС)

Еркелетті, көңілін қалдырмады, еркін өсірді. ~ Жанары қандай аялы еді! Өмірді бетінен қақпай еркелетер әкесіндей көріп барынша сеніп, еркелеген түр. Ж.Шам. ~ Қайту проблема емес. Димекеңнің өзі-ақ жеткізіп салады үйге,- деді Ерасыл қашанғы әдетімен әлі бетінен қағып көрмеген ақын ағасына әрі әзілдеп, әрі еркелеп. С.Дос. ~ Жүрегі жұмсақ анасы бетінен қаққан емес. С.Дос. ~ Мен жақсы көріп, бетінен қақпаған соң, осында келсе, бәрі менің бөлмеме қойып кетеді. А.Жақ.

БЕТІНЕН ҚАҚПАДЫ (ҚАҚҚАН ЕМЕС) Read More

БЕТІНЕН ҚАЙТПАДЫ

Пиғылынан, ойынан, ісінен, алған бетінен бас тартпады. ~ Мейлі, сөздері жарасар, жараспас. Кездесу қажет. Алдынан өтуге тиіс. Кетуінің себебін анықтап білер. Айтпаса қайтеді? Бетінен қайтпаса, үйінің кілтін ұстатып жөнін табар. Н.Дәу. ~ Ұжымның бас қосуларында да бетінен қайтпай тек өз айтқанын істеп‚ өзеуреу дегенді білмейді. Қ.Түм.

БЕТІНЕН ҚАЙТПАДЫ Read More

БЕТІНЕН ИМАНЫ КЕТПЕГЕН

Ұяты бар. ~ Анау-мынау дегенше автомашина да шаңын сүйретіп кеп қалды. Қорап толы шүпірлеген ығы-жығы адам. Жарқылдаған күректеріне қарағанда дәу де болса сушылар. Тоқтатып алып, бетінен иманы кете қоймаған жас шоферге жолаушыларды заңсыз отырғызғаны үшін ескерту берді. М.Қаб.

БЕТІНЕН ИМАНЫ КЕТПЕГЕН Read More