БЕТІНІҢ НҰРЫ ТАЙДЫ (ҚАШТЫ, СОЛДЫ)

Жүзі солғын тартты, жүдеді, кәрілік іздері байқалды. ~ Өткенді еске түсіретін жалғыз белгі осы… Жылдар өтіп жатыр. Рахима да бұл күнде бетінің нұры тайып, кемпір болуға айналды. Қ.Жұм. ~ Көрдік деген қала тұрғындарының айтуына қарағанда, Нұртай көтермеге шалдыққан ешкідей имиіп, бетінің нұры қашып, мейлінше жүдеп шығыпты. С.Ом. ~ Байғұстың, ешнәрсеге көңілі жар бермей, жөнді тамақ іше алмай, алмадай қызыл бетінің нұры солып, жұртта қалған қу шүберектей бозарып, өлім хәліндегі ауру адамдай ғана күйі қалды. С.Көб.

БЕТІНІҢ НҰРЫ ТАЙДЫ (ҚАШТЫ, СОЛДЫ) Read More

БЕТІНІҢ НӘЛІ (нұры) БАР

Көрікті. ~ Қарашыларды шаруашылық және хұқықтық істерде құл ғып ұстайтын Шепе әдеттік тіршіліктерінде де оның ойынша, қарашылардан бетінің нәлі бар қыз-келіншек, ең алдымен – соның меншігі. С.Мұқ.

Албырт жүзінде жастық оты алаулап тұр. ~ «Жастықтың қадірін білмейді. Өткінші тірлік, шайқап өту абзал. Шіркін, мұның орнында өзім болар ма ем. Белі қылдырықтай, бетінің нұры бар қыздарды… Айтып айтпай не керек, хош иісті гүл емес пе. Мына шіркін соларды уақтылы жұлу күнә дей ме екен?» М.Сүн.

БЕТІНІҢ НӘЛІ (нұры) БАР Read More

БЕТІНІҢ ҚЫТЫҒЫ ЖОҚ (ӨЛДІ)

Ұят-аятсыз, намыссыз, ештеңеден тайынбайтын сыңайы бар. адам ьураллы.. ~ Шарт етіп шамырқанғыш, шамшыл аға, Қайғымды мен айтпайын, сен сұрама. Бетінің қытығы жоқ безбүйректің, Етінен ет кессең де қан шыға ма?! Н.Айт. ~ Жек көрем, — деді досым, — Быттиған, қытығы жоқ беттерін, болпиған денелерін көргенде құсқым келеді. Ненавижу! Өлгендерге ғана қайғырады бұлар. Т.Әс. ~ Бетіңде титімдей қытығың болса, қайтарып бер жазықсыз елдің малын. С.Жүн. ~ Ал енді, адамдардың арамы, ойларының харамы, бетінде қытығы жоқ, кірпік қақпастан, кез-келген нәрсені жым-жылас етіп кете салатын ұры-қарылар ше? Олар түзу жолдарынан тайғанақтап, қисалаңдап келіп, байлықтың, алтынның үстіне гүрс ете қалады екен. А. Абдр. ~ Би десе арқасы қозатын әдеті Бахтиярдың. Кішкентайынан мектеп сахнасында билеп бетінің қытығы әбден өлген, ешқашан жүрексініп, тартыншақтап көрген емес. Т.Сәу. ~ Жан-тәніммен жатырқаған базарға бірте-бірте етім үйреніп, бетімнің қытығы өле бастады. Т.Сәу.

БЕТІНІҢ ҚЫТЫҒЫ ЖОҚ (ӨЛДІ) Read More

БЕТІНІҢ ҚАНЫ ТАЙМАҒАН

Өңі жас көрінеді. ~ Иегінде тым болмаса бес тал сақалы жоқ көктұқыл, көсе шалға қарап отырып Тауман: «Шалдық жасқа жетсе де, шау тартпаған бұл қандай қайратты жан. Көзінің нұры, бетінің қаны таймаған. Бірақ, қимылың ширақ болғанмен, жүрісің ебедейсіз екен. С.Дос. ~ Әуелі әлгі шалдың кемпірі де бетінің қызылы таймаған жаңа көрші әйелден сезіктеніп, қырын қарап жүріпті. Ү.Жлк.

БЕТІНІҢ ҚАНЫ ТАЙМАҒАН Read More

БЕТІНІҢ ҚАНЫ ҚАШТЫ

Түсі бұзылды, өңі қуқыл тартып, сұрлана қалды. ~ Келіншегінің қостамағына назарлылық сыңаймен қараған ол аңырып қалды. Рияның алқызыл бетінің қаны қашып, жүзі бозарып кеткендей көрінді. Ж.Шәк. ~ Қожбанның ішіне пышақ, айналмайтын, өңіне күлкі де жараспаушы еді, бетінің қаны қашып, әлгі әзірде ғана әлдекімнен зәбір көргендей қабағы шытылып, жыламсырай қалды. Ә.Тар. ~ Мені қойшы, Қасымов дегеніне жетіп, Жолтайға обал жасады. Алтын медальға ілінбегеніне Жолтай еңіреп жылайтын шығар десем, бетінің қаны қашқан күйі сазарып отырып қалды. Ол үшін жылауға мен әзір едім… Б.Тоғ. ~ Тілегіңді берер ме, Көзіңнің жасын көрер ме, Аяма, балам, барыңды. Есіткен соң бұл сөзді Батыр Жабы сасады. Тұла бойы түршігіп, Бетінен қаны қашады. Жолдастарын ертіп ап, Төтелеп Сырға асады. «Мақпал — Сегіз». ~ — Дұрыс ақ ау, ә! — деп, Қазыбек қалтқысыз көңілмен қалбалақтап бәйбішесіне қарап еді, оның жаңа ғана аналық мейірімі төгіліп тұрған өні қайта өзгеріп, әжімделген бетінің қаны қайта қашыпты. Ә.Әб.

БЕТІНІҢ ҚАНЫ ҚАШТЫ Read More

БЕТІНІҢ КІРІН БЕС ТӨКТІ

Жылап-сықтады. ~ Мақпыр қазаннан тамақ құйды. Кеспе екен. Ол кеспе кесе білмейтін. Бүгін әдейі менің қыбымды тапқан болып көріну үшін кеспені көршілерге жасатып алған. «Бетін сылағанша кеспе кесуді үйренбей ме» дегенді де талай естіген. Сонда да бетінің кірін бес төгіп отырып жасатып алған сыңайы бар. Б.Қыд.

БЕТІНІҢ КІРІН БЕС ТӨКТІ Read More

БЕТІНІҢ АРЫН БЕС ТӨКТІ (САТТЫ, ТҮЙДІ)

Арсыз іске аяқ басты. ~ Жағынып жатқа жалбақтап Жігіттің шықты мұндары. Бетінің арын бес төгіп, Кісінің қашты сындары. Азамат ерде дəулет кем болса, Қабаннан жаман Қарынбай, «Жан екен» деп оны білмеді, Назарын тіпті бұрмады. Базарға барса мастанып Жүз теңгеге ат алды. Қ,Күрж. ~ Біреулер тарыдайын тайтұяққа балайтын тақыс саудагерді, біреуі баукеспе ұрыны, енді біреулері бетінің арын сатқан бедекті, лапке толы алуан түрлі айшықты жиһазды сөз етеді. БАҚ.

Ар-ұятты жинап қойды д.м. ~ Арман не, әркім жесе жиған малын, Дүние төгеді екен беттің арын. БС. «Болат, Жанат». ~ Астыңда болмаса да тұлпарларың, Аянбай соғысыңдар сұңқарларым. Майданда ел, жауға тірі берілмеңдер, Төкпеңдер жау алдында беттің арын. Қожаберген ж. ~ Сонымен, осы Есбергендер несиеге қымбатырақ сатып, жаңағы сегіз айдың бойында жаз ортасы ауған соң елге барып, қысты күні несиеге сатқан пұлының малын жияды. Біреуден қой, біреуден серкеш, тағы бір жерлерден тай-торпақ жинап алудың өзі де «беттің арын бес төгіп» алатын қалың бейнет. М.Әу. ~ Бұған намысты, өзім адаммын, ермін, мені де шешем ұл деп тауып, қалжа жеген деп, өзін бағалай білетін адам шыдай ала ма? Бірақ мәнсапқа жету үшін ұятты да, намысты да жинап қойып, беттің арын бес төгіп кірісетіндер бар екен, ондайлар жем үшін емес, жем үшін өмір сүреді екен. Б.Қыд.

Ұят-намысты аяққа басып, арсыздыққа барды. ~ Беттiң әрiн бес түйiп қойып, құр мәйкiшең отырған төртпақ бiтiмдi қарадомалақ жiгiтке осындайда амалсыз қарайды. Ж.Шаш. ~ Біреулер байлық қуса, біреулер атақ-мансап қуып жүр. Баласына беделді қызмет тауып беру үшін беттің арын бес түйіп жүргендер өз алдына бір төбе. С.Шайынғ. ~ Өйтіп беттің арын бес төгіп, жағымпаздана алмаймын. Менің де аузын ашып отырған қатын-балам бар, – деп Тоқсанбаев қана бұлқан-талқан ашуланды да, орнынан атып тұрып жүре берді. С.Ест.

БЕТІНІҢ АРЫН БЕС ТӨКТІ (САТТЫ, ТҮЙДІ) Read More

БЕТІНІҢ АРЫ БАРМАДЫ

Ұяты жібермеді. ~ Әрине, шынын Жәмиланың өзінен сұрауға бетінің ары бармады, ұялды. Ол әрі ойлап, бері ойлап, Бірләнді тапты, «Бір адам білсе, мұны Бірлән біледі. Жәмила екеуі сырлас, дос еді». І.Ес.

БЕТІНІҢ АРЫ БАРМАДЫ Read More