ӘУРЕ БОЛДЫ

Әбігер болып, есі шықты. ~ Тылдан жау күтпеген немістер колоннаны екі жүз метр жақындағанда ғана танып, деревняға ыдырап кеткен азғана күштерін қапелімде жинастыра алмай әлек болды. Т.Ахт. ~ … сақалын салалап отырған Рәт суға түскенмысықтай пысқырынып, табан асты өздерімен өздері әлек болды да кетті. Д.Ис.

ӘУРЕ БОЛДЫ Read More

ӘУРЕ-САРСАҢҒА САЛДЫ (ТҮСІРДІ)

Әбігер қылып, берекесін алды. ~ Бұл — жаудан өш алуға ең қолайлы шақ. Енді соңымыздан ерген жұртты уақ-түйек айқаспен әуре-сарсаңға сала берсек, абыройсыз қалатын түріміз бар. І.Ес. ~ Жарты жыл бойы оны күн сайын ауданға сүйреп, күнде жауап алып, әуре-сарсаңға салғаны бар. Қ.Ысқ. ~ Онда мені жағалап, жақындау келіп қалса жамбасымнан сипап, тіпті құшақтай алуға ұмтылып əуре-сарсаңға түсіреді. С.Досж.

ӘУРЕ-САРСАҢҒА САЛДЫ (ТҮСІРДІ) Read More

ӘУРЕ-САРСАҢ БОЛДЫ

Шала бүлінді; сабылды; әбігерге түсті. ~ Есіткен адамның төбе шашы тік тұратын өсектер бар. Қайдан шығып жатыр, таратып жүрген кім? Оны анықтаған адам жоқ. Бір сыпыралары есі жөн өсекке сол күйінше нанып жатыр, бірсыпыралары шикілігін сезгендей болып, әуре-сарсаң болып отыр. Б.Майл. ~ Менің оңаша ойлап білуімше: бизнесшілер оны сорттап салып, өлшеп сататын арнаулы ыдысты жасайтын хас шеберді таба алмай әуре-сарсаң бола бастапты. Ғ.Қаб.

ӘУРЕ-САРСАҢ БОЛДЫ Read More

ӘУПІРІМДЕП ЖҮРІП

Әзер дегенде, құдайға сыйынып. ~ Ол әупірімдеп жүріп құнанның денесін томардың үстіне әзер шығарды … Қ.Мүб. ~ Әупірімдеп жүріп біз таудың алқымына тіке шықтық. Ә.Асқ.

ӘУПІРІМДЕП ЖҮРІП Read More

ӘУПІРІМ ТӘҢІРІММЕН

Әзер дегенде, құдайға жалынып жүріп. ~ Екі-үш апта өткен соң қыпша бел қыз жатақханама іздеп келді, әупірім тәңіріммен алақандай дипломды алып, чемоданның терең түбіне салып, … қоштасу дастарқанына әзірленіп жатқан кезім болатын. Д.Дос.

ӘУПІРІМ ТӘҢІРІММЕН Read More

ӘУЛИЕГЕ АТ АЙТЫП, ҚОРАСАНҒА ҚОЙ АЙТЫП

Құрбан шалды, садақа берді. ~ Әулие қоймай қыдырып, Етегін шеңгел сыдырып, Жеті пірге танысқан. Әулиеге ат айтып, Қорасанға қой айтып, Қабыл болған тілегі, Жарылғандай жүрегі. Аналықтай бәйбіше Қабырғасы майысқан. «ҚҚҚ». ~ «Жылқы ішінде аламын, Қылшық жүнді қарамын. Аға менен інім жоқ, Жеке туған дарамын. Тоқтар менен Аналық Әулиеге ат айтып, Қорасанға қой айтып, Шыбын жанын және айтып, Безіп дүние малынан, Тірідей безіп жанынан, Тілеп алған баламын. «ҚҚҚ».

ӘУЛИЕГЕ АТ АЙТЫП, ҚОРАСАНҒА ҚОЙ АЙТЫП Read More

ӘУЛИЕ ТҰТТЫ

Киелі адамға балап, пірдей көрді. ~ Осы, қазақ байдың көңілі кең, пейілі таза кездегі қалыпты мінезі. Әйтсе де, менің еркелігім жай ғана жақсы көру емес, әулие тұту, табынуға жақын, ерекше ыстық сезім нәтижесі сияқты. М.Мағ. ~ Сендер менi әулие тұтасыңдар. Ол бекер! – дедi Аруақ өзiмен өзi сөйлескендей сыбырлап. Т.Сәу. ~ Әлім іші қаракесек Ақтан батырды да әулие тұтады… З.Шүк. ~ «Хажы, хажы» деп, құдайдан басқаны білмейтін алжыған шалды әулие тұтады түге! Ертең айдалғанда көрерміз әуселесін!.. Б.Тоғ.

ӘУЛИЕ ТҰТТЫ Read More

ӘУЛИЕ ДЕРСІҢ!

Көріпкелдігіне таң қалысты білдіреді. ~ Майданнан соң иесін әзер тапқан ордендей, Ақындарға абырой оралады соңыра. Әулие дерсің! Айтқаны келді. Ә.Әрін. ~ Апырмау, мынау кiм болды екен? — Итiм бiлiп пе? — Шiркiннiң ысқыны қандай жаман. Ышпана шығар? — Менi әулие дерсiң, мынауың соның нақ өзi. Б.Алд.

ӘУЛИЕ ДЕРСІҢ! Read More

ӘУЛИЕ (ПІР) ТҰТТЫ

Киеге балап, сыйынды; айтқанын екі етпей, бағынды. ~ Тәнеке (кіріп тұрып). Құба құстың тұмсығы етіңе тисе, атаңның төрі түгіл көріне кірерсің, кір, жігіттер! — Жігіттер сыймай есікті кернеп тұрады. Мөржан, Сәруар да кірген. — Төбеме көтере-көтере болғанмын, әулие тұтып. Аманбысың, Кәрім мырза! М.Әу. ~ Пір тұтып орақ пенен балғамызды, Тамсадық тарихтарда қалған ізді. Д.Әб. ~ Жан Жак Руссoны кұлдық ұрып пip тұтатын oның табиғат, oрман, дала, хайуанат дeсe шығарға жаны басқа. Ә.Кек.

ӘУЛИЕ (ПІР) ТҰТТЫ Read More

ӘУКЕСІ ТҮСТІ

Көңілі түсіп, елжірей қалды д.м. ~ Қайда барасың, бол осында балам, ـــ деді шал да шөкеге әукесі түсіп, Шөкенің басқа барар жері де жоқ еді. Б.Жұм. ~ Шалдың өзінің кемістігін мойындағаны ма, әлде шынымен Шөкеге әукесі түсіп осы отбасының бір мүшесі етіп алғысы келді ме? Б.Жұм. ~ Өзің кімсің, жол тосып елге әукесі түсе қалған! ـــ деді алдыңғы рет шөкеге таныс шапыраш көз, қара сақалды адам алда тұрған екеуге ежірейе. Б.Жұм. ~ Жоғарыда айттық қой, Қытай чиновниктерінің, Қытай идеологтарының Жұмабайға неге әукесі түсе қалғандығын. Қ.Жұм.

ӘУКЕСІ ТҮСТІ Read More