АУЗЫН АЛДЫ

Пара берді; көңілін аулады. ~ Жазушылар әр қилы. Пысықай жазушылар болады. Шығармаларын анда шауып, мұнда шауып,
редактордың аузын алып, кітап шығаратын жазушылар бар. С.Шай. ~ Міне, әуелі осылардың аузын алыңыз. Аспанқозғаевты
білесіз, дарынды ақын. Дайын редактор. Алғы сөзді өзім-ақ жазамын. Жазушы Қойторинді жоғарыға шығарамыз.” “Ой, рахмет, айналайын, мұныңа. Ал енді жаңағы ауыз… оларды қайтеміз?” “Қайтетін түгі жоқ, бір қойды соясыз, бір-бір шапанды, жо… жоқ, конвертті дайындайсыз да дастарханыңызға шақырасыз”. Н.Дәу. ~ Орынбор мен Петербордағы әкімдердің аузын алып, өз жағына шығара ма, әлде орыс патшасы әділет ойлап, қалың көптің сөзіне құлақ аса ма, бұл – екіұдай мәселе. М.Әбд.

АУЗЫН АЛДЫ Read More

АУЗЫМЕН АЙДЫ АЛАДЫ, ҚОЛЫМЕН ҚОСАЯҚ СОҒА АЛМАЙДЫ

Боскеуде, мақтаншақ, қолынан ештеңе келмейтін адамд.м. ~ Ел не? Ел – жақсымен ел. Басшысы болмаған елде елдік бар ма? Сағымдай құбылып, сабындай бұзылып, іріп-шіріп өте барады да? Жақсы деген оңай ма, ол жиі кездесе ме? Кездеспейді. Талай жан бар, аузымен айды алады, қолымен қосаяқ соға алмайды! – деп, тыңдаушының санасына қонарлық аса бір өтімді сөздер айта бастады. М.Әу.

АУЗЫМЕН АЙДЫ АЛАДЫ, ҚОЛЫМЕН ҚОСАЯҚ СОҒА АЛМАЙДЫ Read More

АУЗЫМЕН ҚҰС ТІСТЕДІ

1. Асқан жүйрік, ұшқыр. ~ ◊ Құлақ естір жерден алғыр қыран, құмай тазы, жүйрік жияды. Зілғараның баласы Əлібек …
Құлагердің аты бірге шығады. Ақан қолында Құлагер Арқаның талай зор астарында аузымен құс тістеген сан жүйріктерден
озып жүреді. М. Жұмаб. ~ Желдей ескен аяңшылға мінгенің бар ма? Мінсең, білесің: ат үсті адамды аруақтандырады,
көңіліңді көкке серпеді, аузыңмен құс тістейсің! Ж.Айм. ~ Жүйрік торы аузымен құс тістеген жануар ғой, артынан бір елі
қалмай «Ерменсайға» жеттік… Қ.Мүб. ~ Мен шешекемнен ноғай-қазақ болып туғаным рас болса, байекемнің бәйгеге түсер
құнаны нағыз құмай, қаракөк тұқым, аузымен құс тістейді. А.Кем.
2. Өр кеуде, айбынды, тәкаппар деген мағынада. ~ Жарас. Бұл тұрған Шекті батыр, жас жолбарыс Арыстан мырза.
Басыбардай текті батырдың кенже інісі және өзі. Аузыммен құс тістейтін асқақ ермін деп тұр ғой. М.Әу. ~ Селжук жұртының
аузымен құс тістеген

АУЗЫМЕН ҚҰС ТІСТЕДІ Read More

АУЗЫМЕН ҚҰС ҰСТАДЫ

Билеп-төстеді, әмірін жүргізді. ~ Еуропа, одан өтіп Азия құрлығына ғасырмен қосыла жасайтын ғажайып ғимарат құрған, аузымен құс ұстаған шетелдік әріптесінен именетін емес. Д.Дос.

АУЗЫМЕН ҚҰС ҰСТАДЫ Read More

АУЗЫМЕН ОРАҚ ОРАДЫ

Тіл мен жағына сүйенген суайт, бөспе. ~ Сөйтіп жүріп ауылдастарын қойдай бөріктіретінін қайтерсің! Аузымен орақ орады, сөзден сүрінбейді, дәлелмен соғады. Ә.Асқ. ~ Аудандағы азғантай бастықтардың бірімін дейді. Жаман емес. Енді бір секірсе бірінші бастықтың өзі боп кетуі де мүмкін. О баста-ақ аузымен орақ орған неме еді. Ә.Кек.

АУЗЫМЕН ОРАҚ ОРАДЫ Read More

АУЗЫ-МҰРНЫ ҚИСАЙМАСТАН (ҚИСАЙМАЙ)

Бет-аузы бүлк етпей; ұялмай, шімірікпей; қысылып-қымтырылмай. ~ Бұйырмасын, тай тұяқ, оған өңештемей-ақ қойыңдар!.. Сақау Іңкарға айтқан екен, Іңкар біздің Несібелдіге айтыпты. Несібелді аузы-мұрны қисаймастан маған айтты. Ж.Айм. ~ Месқарынның үйінде кəрі қыздай сақтаулы, аузыңа төңкеріп қойғандай аузы-мұрны қисаймастан осы сөзді Иттістің өзі де айтты, «Менің неше қатын алғанымды сөз қылатын қайсың?» деп ақырды. Ж.Айм. ~ Аузы-мұрны қисаймай: «Біздің Анарбай оқымай-ақ ел басқарып отыр» деп соғады, бәтір-ау, бары сол болған соң не сорым. К.Қаз.

АУЗЫ-МҰРНЫ ҚИСАЙМАСТАН (ҚИСАЙМАЙ) Read More

АУЗЫ ТЕРІС БІТКЕН

Беталды, жөнсіз сөйлейтін д.м. ~ Партия үшін отыз екі тісін санап бергендей үңірейген қызыл иегін селкеу мұртымен жасырып отырған керең шал шар ете қалды: — Әй, кәрәгім, жеті атаңнан аузы теріс біткен жуанның тұқымы едің, ауыз менікі деп бартияма тіл тигізбе!.. Қ.Ысқ.

АУЗЫ ТЕРІС БІТКЕН Read More

АУЗЫ ТҰШЫДЫ

Дәмін татты, құмартты, тойынды. ~ Әңгіме билігін Таңсық тұқымына ғана беріп қоймай, кеңесіп шешетінді шығардық. Бірақ аузы тұшып қалған тұқым оңайлықпен басылмақшы емес қой, Таңсық тобы да көпке шейін қарсыласты. Б.Май. ~ Шынында да, бейнетті өміріне таяқтай сүйеніш көріп алған Күнтайды, орта белінен орып түсірді, енді ол «таяқ» бүтіндене ме? Бүтінденбесе – Күнтайға қосылған күннен кейін-ақ, иіні тұшып киім киген, аузы тұшып ас ішкен сорлы Ақпанның ол рахаттан айрылғаны да!.. С.Мұқ. ~ Бірақ теңіздің балықтары олардан басқа ма, әлде үйі балықты пісіре білмей ме, — өзі аулатқан балықтардың ешбіріне аузы тұшымайтын. Теңіздің балығына құмартты. С.Мұқ.

АУЗЫ ТҰШЫДЫ Read More