АУЗЫ-МҰРНЫ ҚИСАЙМАСТАН (ҚИСАЙМАЙ)

Бет-аузы бүлк етпей; ұялмай, шімірікпей; қысылып-қымтырылмай. ~ Бұйырмасын, тай тұяқ, оған өңештемей-ақ қойыңдар!.. Сақау Іңкарға айтқан екен, Іңкар біздің Несібелдіге айтыпты. Несібелді аузы-мұрны қисаймастан маған айтты. Ж.Айм. ~ Месқарынның үйінде кəрі қыздай сақтаулы, аузыңа төңкеріп қойғандай аузы-мұрны қисаймастан осы сөзді Иттістің өзі де айтты, «Менің неше қатын алғанымды сөз қылатын қайсың?» деп ақырды. Ж.Айм. ~ Аузы-мұрны қисаймай: «Біздің Анарбай оқымай-ақ ел басқарып отыр» деп соғады, бәтір-ау, бары сол болған соң не сорым. К.Қаз.

АУЗЫ-МҰРНЫ ҚИСАЙМАСТАН (ҚИСАЙМАЙ) Read More

АУЗЫ ТЕРІС БІТКЕН

Беталды, жөнсіз сөйлейтін д.м. ~ Партия үшін отыз екі тісін санап бергендей үңірейген қызыл иегін селкеу мұртымен жасырып отырған керең шал шар ете қалды: — Әй, кәрәгім, жеті атаңнан аузы теріс біткен жуанның тұқымы едің, ауыз менікі деп бартияма тіл тигізбе!.. Қ.Ысқ.

АУЗЫ ТЕРІС БІТКЕН Read More

АУЗЫ ТҰШЫДЫ

Дәмін татты, құмартты, тойынды. ~ Әңгіме билігін Таңсық тұқымына ғана беріп қоймай, кеңесіп шешетінді шығардық. Бірақ аузы тұшып қалған тұқым оңайлықпен басылмақшы емес қой, Таңсық тобы да көпке шейін қарсыласты. Б.Май. ~ Шынында да, бейнетті өміріне таяқтай сүйеніш көріп алған Күнтайды, орта белінен орып түсірді, енді ол «таяқ» бүтіндене ме? Бүтінденбесе – Күнтайға қосылған күннен кейін-ақ, иіні тұшып киім киген, аузы тұшып ас ішкен сорлы Ақпанның ол рахаттан айрылғаны да!.. С.Мұқ. ~ Бірақ теңіздің балықтары олардан басқа ма, әлде үйі балықты пісіре білмей ме, — өзі аулатқан балықтардың ешбіріне аузы тұшымайтын. Теңіздің балығына құмартты. С.Мұқ.

АУЗЫ ТҰШЫДЫ Read More

АУЗЫ-МҰРНЫНА ШАЙ ҚАЙНАТТЫ

Ашу шақырды, зәрін төкті, бұлқан-талқан болды. ~ Со кезде Шекер тағы ояна келіп: – Өңшең көргенсіз аузыңа с… Осы үйде əкелеріңнің көз құны қалды ма? – деп аузы-мұрнына шай қайната бастаған соң, Мұсатай итті абалата, дүрсілдете жөнелді. Ж.Айм.

АУЗЫ-МҰРНЫНА ШАЙ ҚАЙНАТТЫ Read More

АУЗЫ ТҰЩЫНБАДЫ

Көңілі толмады. ~ Көбi өсек-аяң. Дәлелденбеген күннiң өзiнде күдiк қалады деп, бақай есеппен жасалған көрбiлте зымияндық. Мұның бәрi, әрине, ұсақ-түйек, ауыз тұщынбайтын нәрсе. Т.Сәук.

АУЗЫ ТҰЩЫНБАДЫ Read More

АУЗЫ-МҰРНЫНАН ШЫҒЫП ОТЫР (ШЫҚҚАН)

Аяғы ауыр, жүкті; айы-күні жетіп, босануға жақын әйел туралы. ~ Анау отырған біздің тоқал да, – деді Тұрағал, жас бір әйелді иегімен нұсқап, – аузы- мұрнынан шығып отыр, оған біздің Әлгі бұрау басын сындыртпайды… С.Мұқ. ~ Бес бала бар, қатын аузы- мұрнынан шығып алтыншысын туайын деп отыр, — деп Әбдікерімнің даусы жіңішкерген үстіне жіңішкеріп, жылауға шақ қалды. Қ.Түм. ~ Әйелінің жанына барып еді, «кетші әрі, сасымай» деп, итеріп тастады. Сол кезде барып әйелінің айы- күні жетіп, аузы- мұрнынан шыққан екіқабат екені есіне түсті. О.Бөк. ~ Алдында Ақылжаны, оның үстіне, өзі аузы-мұрнынан шыққан екіқабат, алдыңғы түйені жетектеп келе жатқан-ды. К.Қаз. ~ Шорабидің көзі Жанарға түсті. Ол тағы алдыға шықты. Сегіз әйелдің ішінде шалғы ұстауға бейімдісі осы. Бірақ аузы-мұрнынан шыққан екіқабат. Кеше «тым тыраштанба» деп ұрсып тастаған. К.Қаз.

АУЗЫ-МҰРНЫНАН ШЫҒЫП ОТЫР (ШЫҚҚАН) Read More

АУЗЫ ТҮКТІ КӘПІР

Діні бөлек; мұсылман емес. ~ Оның үстіне Ақбілек енді көп арыстың талқысына түспейді, асыл қазынасын бір-ақ кісіге қияды. Қандай кісіге? Өзі үшін жанын қиған ер жігітке… Бірақ, ойбай-ау! Ер жігіт деп отырғаны аузы түкті кәпір ғой! Әлгі дәретсіз, сүндетсіз, түрегеп сиетін, шошқа етін жейтін, арақ ішетін, темекі сасыған, елді қыран жапқандай қылып, қамшы, қылыш, мылтық ойнататын, мейірімсіз, шадыр мінез орыс осы емес пе? Шынымен сол орысты иіскегені ме? Ж.Айм. ~ Қазақтардың аржағынан қусырып орыс патшалығы келеді… Аузы түкті кәпірден Рахим бек те сескенеді. Орыста солдат көп, қару мол… З.Шүк. ~ Аузы түкті сасық кәпір, өлсем де сенен найза бойы биік тұрмын! – деп Кете хан сақылдап күле бергенде, жендеттер: «Ох, атаңның гөрі, қоқи!» деп жерге тастап жібереді. Көзі қанталған патша басын алыңдар деп бұйырады. Т.Сәу. ~ Айналайын, Оспанжан! Түбіміз бір ағайын едік. Артық кетіп, аса со

АУЗЫ ТҮКТІ КӘПІР Read More

АУЗЫ-МҰРНЫНАН ШЫҚҚАНША (ЖЕДІ, ІШТІ)

Кеңірдегінен өткенше ішіп-жеді; әбден тойды. ~ Ал қандай да бір жеміс аузы-мұрнынан шыққанша емес, дәмін алып жегенде ғана пайдалы. БАҚ. ~ Көпшiлiк адамдар коланы сүйсiнiп, аузы мұрнынан шыққанша рахатқа батып iшедi, оның бауырға, бүйрекке зақымы туралы ойланбайды. БАҚ.

АУЗЫ-МҰРНЫНАН ШЫҚҚАНША (ЖЕДІ, ІШТІ) Read More

АУЗЫ ТЫНБАДЫ (ТЫНЫМ ТАППАДЫ)

Дамылсыз сөйледі. ~ … басшылардың басы осылай түгел қосылғанда мұңын шаққысы келді ме, әйтеуір аузы тынбай әлі сөйлеп отыр екен. О.Сәр. ~ Сол күні де Бәкизат әдеттегідей жол бастап, әлде бірдеңелерді айтып, аузы тыным таппай сөйлеп келе жатқан-ды. Ә.Нұрп.

АУЗЫ ТЫНБАДЫ (ТЫНЫМ ТАППАДЫ) Read More